Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02202 Дінтану в Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дінтану ғылымының теориялық және практикалық білімін терең меңгерген, кешенді зерттеу әдістері мен әдіснамаларын сауатты пайдалана алатын, өз саласы бойынша заманауи қоғамдағы бәсекеге сай, мемлекет және дін қатынасының тұрақтылығына мүдделі, дінтану саласында ғылыми-педагогикалық, сараптамалық-зерттеулік және басқармалық қызметті бакалавр деңгейінде кәсіби жүзеге асыратын дінтанушы кадрларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B033 Дінтану және теология
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Ислам теологиясы
Дін және өнер
Қазақ салт дәстүрлері
Қазіргі ислам құқығының мәселелері
Кәсіби бағытталған шет тілі
Қазақстандағы діни басылымдар
Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы
Мораль және дін
Қазіргі әлемдегі діндер эволюциясы
Мұсылман-Христиан қарым-қатынастарының тарихы
Ислам құқығы
ҚР Дін туралы мемлекеттік заңдар
Дінтанушыларға арналған ағылшын тілі
Салыстырмалы дінтану
Батыс қоғамындағы исламофобия
Христиан теологиясы
Дінтанулық сараптама
Постсекулярлы қоғамдағы дін
Ислам тарихы
Академиялық жазылым
Экология және өмір қауіпсіздігі
Ислам философиясына кіріспе
Дін әлеуметтануы
Діни антропология
Діндегі деструктивтілік және терроризм мен экстремизм психологиясы
Эзотериялық ілімдер
Дін феноменологиясы
Діни мәтін герменевтикасына кіріспе
Діндер тарихы
Араб тілі
Дін философиясы
Сопылық ілімі мен философиясы
Ғылым және дін
Қазіргі мемлекеттегі дін
Орта Азиядағы христиандық тарихы
Дін психологиясы
Қазақстандағы ислам
Мазһабтар тарихы
Дінтануды оқыту әдістері
Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі
Араб тілі - 2
Еркін ойлау тарихы
Мамандыққа кіріспе
Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті
Хадис іліміне кіріспе
Шешендік өнер
Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер
Құран Кәрім
Араб тілі
Жеке тұлға психологиясы
Діни фундаментализм және модернизм
Яһудилік және христиандық тарихы
Еуропадағы ислам өркениеті
Орта Азиядағы ислам тарихы
Кәсіби бағытталған араб тілінің практикалық курсы
Орталық Азиядағы суфизм
Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдар
Эстетика және діни өнер
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан Республикасының дамуына мүдделі маман ретінде елдік құндылықтарды бағалау. Еліміздің тарихын бағалау, Отанды сүю қабілеттерін дамыту. Философиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық, психологиялық білімдерін теория мен қатар практикада өзін-өзі дамытуда, кәсіби шеберлігін жүзеге асыруда, қоғамда мәдениетаралық, ұлтаралық ынтымақтастықты арттыруда, насихаттауда ұтымды қолдану. Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, заманауи бәсекеге сай маман болу.
- Ислам тарихын қайнар көздерінен тану арқылы діни адасушылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асыру, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағыттау, Құранға қатысты кәсіби білікті маман ретінде теологиялық мәселелердің алдын-алу.
- Қоғамдағы діндарлықтың даму тенденцияларын бақылау, діннің ұлттық сананың қалыптасуындағы маңызын түсіндіру, діни сананың радикалдануының алдын-алудың қадамдарын ұйымдастыру, жүзеге асыру. Дінаралық, діни және діни емес көзқарастардың қарым-қатынасында ынтымақтастық орнатуды жоспарлау, іске асыру.
- Қоғам мен қоғамдық институттардың жұмысы, әлеуметтік өзгерістердің алғышарттары мен нәтижелері жайлы білім қалыптастыру арқылы қоғамдағы үдерістерді заманауи зерттеулердің негізінде талдау. Әлеуметтік зерттеулерді, сауалнамаларды жүргізу, нәтижесін талдау, қорытындылау.
- Алғашқы наным-сенімдер, әлемдік, ұлттық діндердің және жаңа діни қозғалыстардың пайда болу, қалыптасу және таралу кезеңдеріне қатысты кәсіби біліктілік таныту. Діннің қоғамдағы түрлі функцияларын анықтау, қоғамдағы діни ахуалды бағалау
- Діни тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау, кәсіби қызметін жүзеге асыруда дін психологиясының әдістеріне жүгіну. Оңалту қызметінде тұтынушының психологиялық жағдаятын диагностикалау.
- Мемлекет және дін қарым-қатынасының тұрақтылығын дамыту. Дінаралық және конфессияішілік конфликттерді болдырмауда дін туралы мемлекеттік заңнаманы білікті қолдану. Жаңа діни ағымдарды классификациялау, мемлекеттік дін туралы заңнамаға сәйкес дін саласын реттеуді жүзеге асыру.
- Діни әдебиеттерді саралау, діни және дінтанулық әдебиеттерді талдау әдістерін қолдану. Сауатты есеп әзірлеу, дайындау, атқарылған қызметін қорытындылау, талдау, нәтижесін бағалау. Белгісіздік режимінде сәйкесінше шешімдерді тез қабылдай білу.
- Тұтынушыға әлемдік бәсекеге сай, заманауи қоғамдағы діни мәселелердің ұтымды шешімдерін АКТ құзыреттіліктерін тиімді қолдана отырып ұсыну. АКТ негіздемесі арқылы алынған нәтижелерді сараптау, жіктеу. Заманауи технологияларды ұтымды қолдану.
- Сыни ойлау, жаңа идеялар ұсыну, өзін-өзі үздіксіз дамыту және толерантты қарым-қатынас орнату. Тіршілік қауіпсіздігі шараларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстануға дағылану. Психологиялық күйінің тұрақтылығын дамыту.
- Дінді тарихи, рухани, мәдени құбылыстармен сабақтастықта түсіндіру. Дінтанулық ақпараттық-түсіндіру қызметін, дінтанулық кеңес беруді жүзеге асыру. Өз ойын еркін тұжырымдау, сауатты жеткізу.
- Дін саласындағы мәселелерді шешуде шетел тіліндегі ғылыми әдебиеттерді, дереккөздерді өз деңгейінде еркін, ұтымды қолдану. Шетел тілінде ойын ауызша және жазбаша сауатты негіздеу, еркін жеткізу. Шетел тілімен қатар мәдениетімен танысу арқылы үздік тәжірибелерді игеру.
- Тәуелсіз Қазақстанда зайырлы, діни толерантты қоғамның дамуына бағыттайтын дінтанулық ғылыми жұмыстар, мақалалар, ғылыми зерттеулерді білікті әзірлеу, қорғау.