Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07231 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау в Баишев Университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • инженерлік тапсырмаларды шешуде, геоморфологиялық карталарды құрастыруда, тау жыныстарының физикалық қасиеттерін зерттеу, геофизикалық және геологиялық зерттеу нәтижелерін жалпылауда және олардың нәтижелерін интерпретациялауда геологиялық білімін көрсетеді.
  • пайдалы қазбалар кенорындарының өнеркәсіптік түрлерін және оларды бағалауды, сейсмикалық әдістердің және оларды кешендеу теорияларын, нәтижелерін өңдеудің заманауи әдістерін және нәтижелерді интерпретациялауды сипаттайды.
  • тау жыныстарының жату элементтерін анықтау әдістерін, құрылымдық-геологиялық ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаларды, петрографиялық және стратиграфиялық зерттеу әдістерін қолданады
  • интернет ресурстарын, мобильді технологияларды, Smart-технологияларды, электрондық үкіметтерді пайдалана отырып, кәсіби және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін әртүрлі көздерден алынған ақпаратпен жұмыс жасайды
  • пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау, игеру әдістерін, топографиялық және геологиялық карталарды, әртүрлі физикалық-химиялық қасиеттері бар минералдарды, тау кен өндірісінің технологиясы мен негігі тәртіптерінің жүзеге асу жүйелерін, сонымен қатар, технологиялық процестердің механизациялану және автоматтандыру жүйелерін, жер асты тау кен жұмыстарын ұйымдастыру және жеке аймақтарды механизациялауды сипаттайды.
  • жаратылыстану негіздерін, табиғатты дамыту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану заңдарын , төтенше жағдайларда қорғау құралдарын мен әдістері түсіндіреді
  • жер қойнауын пайдалану негіздері, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және зерттеудің геохимиялық әдістері, геофизикалық зерттеу және олардың нәтижелерін өңдеу, ұңғымаларды бұрғылау және сынау, кәсіби қызметтің практикалық дағдылары бойынша білімдерін көрсетеді;
  • далалық жағдайда еңбекті қорғау шараларын, шахталық және кендік формацияларды геологиялық зерттеулерде,табиғатты пайдалануда және аймақты геоэкологиялық және тектоникалық аудандастыруда IT-технологияларды, қоршаған ортаны ластану деңгейін және геологиялық барлау жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін анықтау және оларды жою әдістерін, мұнайгаз кен орындарын тиімді игеру жүйелерін таңдау әдістерін қолданады
  • математикалық және физиканың, геометрияның типтік есептерін шешуде, кәсіби тапсырмаларды орындауға, тау жыныстарын зерттеу нәтижелерін сараптауға және далалық геологиялық құжаттарды өңдеуге негізгі әдістемелік қағидаларды қолданады
  • пайдалы қазбалар ресурстарын есептеуді, ғылыми зерттеу нәтижелерін талдауды, геологиялық құжаттар бойынша кәсіпорынның экономикасын ұйымдастыру және басқару жұмыстарын жүргізеді
  • академиялық, жалпы ғылыми және кәсіби қарым-қатынас тақырыптары бойынша қарым-қатынас жасау үшін орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын қолданады
  • экономика және кәсіпкерлік қызметтің негіздерін, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтары мен қалыптасуын, өмір қауіпсіздігі мен төтенше жағдайларда қорғау әдістерін, сондай-ақ ғылыми зерттеудің негізгі әдістері мен кезеңдерін зерттейді.
Top