Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03118 Психология в Халықаралық көлік және гуманитарлық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Басқару процесі тиімділігінің психологиялық ерекшеліктерін талдау; басқарушылық қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін пайдалану; ұйым қызметін жоспарлау және ынталандыру дағдыларын көрсету; жеке тұлғаның жеке-психологиялық қасиеттерін бағалау.
  • Күрделі мәдениетаралық және Халықаралық орта жағдайында жеке адамның да, жалпы қоғамның да психикалық және психологиялық денсаулығының алдын-алу стратегиясын жасау.
  • Зерттеудің проблемалық өрісін әзірлеу; ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру; ғылыми зерттеулер жобаларын басқару; ҒЗЖ нәтижелерін қадағалауда жаңа мониторингтік технологияларды қолдану; ғылыми-зерттеу тобында жұмыс істеу, ғылыми ұжымды басқару әдістерін меңгеру.
  • Таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша әдебиетті еркін оқу және аудару, өзекті ғылыми әдістер мен психо-техникалық құралдардың мүмкіндіктерін сипаттау және оларды ғылыми-зерттеу міндеттерін жедел шешу үшін пайдалану біліктерін көрсету.
  • Эксперименталды зерттеулер әдістемесін қолдануды дәлелдеу; психикалық процестер мен құбылыстардың негіздерінің ерекшелігін қолдануды дәлелдеу және ғылыми зерттеулер контекстінде идеяны қолдану немесе өзіндік даму үшін негіз және мүмкіндік болып табылатын жоғары білім деңгейінде алынған дамытушы білімді біріктіру тиіс.
  • Шетелдік ғалымдармен ғылыми және іскерлік хат алмасу, тезистер, аннотациялар, мақалалар жазу, ғылыми зерттеулер жүргізу және ЖОО-да психологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру.
  • Әлемдегі және Қазақстандағы психологияның қазіргі заманғы даму үрдістерін ықпалдастыру; этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, цифрлық технологияларды, құралдарды және қазіргі заманғы теорияларды пайдалана отырып, жеке және кәсіби өсудің тиімділігін бағалау әдістемелерін меңгеру.
  • Таңдалған ғылыми білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізу, жоғары оқу орындарында сабақ беру, психология саласында және пәнаралық салаларда практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды генерациялау, бағалау және түзету.
  • Психологиялық зерттеулер саласындағы заманауи әдістемелерге сүйене отырып, психокоррекциялық бағдарламаларды жобалау, дамытушылық оқыту технологияларын бейімдеу және дамыту және жоғары кәсіби ортада әртүрлі тілдерде тәуелсіз инновациялық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.
  • Психометриялық қамтамасыз ету негізінде тұлғаның эмпирикалық зерттеуін жобалау; психикалық процестерді талдау үшін теориялық - практикалық модельдерді құру және қолдану дағдыларын пайдалану, өзіндік және заманауи психологиялық зерттеулердің нәтижелерін бейімдеу және жалпылау.
Top