Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04211 Юрист в сфере правоохранительной деятельности в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты қазіргі заманғы еңбек нарығы, мемлекет және қоғам талап ететін, құқық шығармашылығы, құқық қорғау, құқық қолдану, сараптамалық-консультациялық, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет саласында іргелі білімі бар, құқықтық мәдениет пен құқық санасының жоғары деңгейіне ие бәсекеге қабілетті және құзыретті кәсіпқойларды даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Терроризм мен экстремизмге қарсы күресте жедел барлау қызметінің дағдыларын қолдана отырып, құқық қорғау және қылмыстық-атқару заңнамасының өзекті мәселелерін бағалайды
  • Шет тілін ғылыми-педагогикалық, зерттеу және кәсіби қызметінде пайдалана отырып, ғылыми білімнің генезисі, философиялық болмысы мен даму ерекшеліктерін сипаттайды
  • Стресс жағдайында эмоционалды және когнитивті өзін-өзіреттеу құралдарын таңдау дапсихологиялық мәселелердің, педагогикалық жүйелердің аспектілерін анықтау, нақты практикалық мәселені шешу кезінде жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, психоанализдегі концепциялар мен тенденциялар арасындағы байланысты табады.
  • Теориялық және практикалық аспектілерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту мақсатында құқықтық талдау арқылы мемлекеттік басқару теориясына негізделген құқықтық жауапкершіліктің әдістемелік мәселелерін шешеді.
  • Құқық бұзушының жеке басының криминологиялық белгілерін пайдалана отырып, құқық қорғау және қылмыстық-атқару органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін ұйымдастырудың және алдын алудың өзекті мәселелерін шешеді
  • Компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдауға, стратегиялық, ағымдағы және операциялық жоспарлау мен бақылау (басқару) құралдарын пайдалану бойынша ғылыми зерттеу әдістерін қолданады;
  • Қылмыстық сот ісін жүргізудегі құқықтың өзекті мәселелерін бағалай, қылмыстық құқық бұзушылықтардың теориясы мен квалификациясын қолдана отырып, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының даму тенденциялары мен перспективаларын айқындайды
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық-атқару заңнамасының мәселелерін қорытындылай отырып, информатика саласындағы қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелерін бағалайды
Top