Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03105 Халықаралық қатынастар в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Халықаралық мәселелерді шешу саласындағы мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды және талдайды, қазіргі әлем жағдайындағы халықаралық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерін негіздейді, халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатқа жаһандық үдерістердің ықпалын бағалайды.
  • Ұлттық мүдделерді қалыптастыру мен мазмұны механизмін талдайды, мемлекеттің ұлттық мүдделеріне ішкі және сыртқы қауіптердің сипатын бағалайды, әлемдегі, аймақтағы және қоғамдағы саяси жағдайдың дамуын болжайды, халықаралық қатынастардағы діни фактордың рөлін қорытындылайды.
  • Халықаралық қатынастардағы қазіргі заманғы теориялар мен тұжырымдарының мазмұны және негізгі түсініктерін, олардың ерекшеліктерін сипаттайды, өзінің алған білімдеріне негіздей отырып, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың мәселелері бойынша өзіндік пікірлерін ұсынады, халықаралық қатынастардың мәселелері бойынша пікірталастарда кәсіби лексика негізінде сұхбат жүргізеді.
  • Қазіргі қақтығыстардың себептерін анықтайды, келіссөздер процесі мен медиация институты негізінде олардың алдын алу мен реттеудің тиімді шешімін табады, қазіргі заманғы мәселелерді, соның ішінде сепаратизммен, экстремизммен және терроризммен байланысты мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтайды.
  • Қазіргі заманғы дипломатиялық жүйе жағдайында жекелеген мемлекеттердің сыртқы саясатының теориялық және практикалық негіздерін талдайды, саяси құрылымын, экономикалық дамуын, мәдени және діни ерекшеліктері мен геосаяси жағдайларын ескере отырып, зерттелетін елдер мен аймақтардың кешенді сипаттамаларын жасайды.
  • Мемлекеттік және оқытылатын шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникацияларды жүзеге асырады, кәсіби бағдарланған сипаттағы мемлекеттік және шет тілдеріндегі әдебиеттермен жұмыс істейді, олардың мазмұнын ауызша хабарламалар мен рефераттар нысанында жинақтайды, мемлекеттік және оқытылатын шет тілдеріндегі мамандандырылған мәтіндердің ауызша және жазбаша аудармаларын жүргізеді.
  • Мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғауда және сыртқы саясаттың міндеттерін іске асырудағы дипломатиялық және консулдық қызметтердің рөлі мен орнын көрсете алады, дипломатиялық жұмыстың негізгі әдістері мен техникалық тәсілдерінің тізімін көрсете алады, дипломатиялық құжаттардың негізгі түрлерін жіктейді, дипломатиялық құжатты талдау жасайды, оның түрін анықтайды.
  • Халықаралық қатынастардағы дипломатиялық хаттама мен этикеттің рөлін анықтайды, кәсіби қарым-қатынас жасауда дипломатиялық және іскерлік қатынас мәдениеті дағдыларын қолданады, Қазақстан Республикасының протоколдық тәжірибесінің негізгі ережелерін сипаттайды, протоколдық және ресми іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіндегі іс әрекеттердің тәртібін көрсетеді.
  • Адам мен тұтас жүйе ретіндегі қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани үрдістердің рөлі туралы, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың заңды мүдделері туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық ұғымдары мен белгілерін қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді, кәсіпкерлік қызметті іске асырудағы экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туралы ұғым қалыптасқан, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және қоршаған ортаға әсері туралы, өзінің кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, өзара түсіністік, толеранттылық және қазіргі заманғы қоғамның демократиялық құндылықтарының басымдықтары туралы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді алады.
  • Халықаралық жағдайларды талдаудың негізгі әдістерін және қолданбалы халықаралық-саяси талдаудың негізгі әдістемелерін сипаттайды, түрлі дереккөздерінен ақпаратты табу, бағалау және пайдалануды біледі, ақпараттарды жинау және сақтауға арналған қазіргі заманғы технологияларды тиімді пайдалана отырып, ақпараттарға талдау жүргізеді.
  • PR-дың орнын халықаралық қатынастардағы саяси мәдениеттің факторы ретінде бөліп көрсетеді, шет мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ақпараттық стратегияларды талдайды, БАҚ-пен жұмыстардың түрлерін жіктейді, іс-шаралардың жобалары мен жоспарларын өңдейді.
  • Халықаралық қатынастар жүйесіндегі, оның ішінде ТМД елдеріндегі аймақтардың рөлі мен орнын анықтайды, аймақтық интеграциялық үдерістердің кезеңдерін талдайды, халықаралық қатынастарды зерттеуде аймақтанулық талдаудың жалпы және арнайы әдістерін қолданады.
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиясының қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдерін талдайды, мемлекеттің сыртқы саясатының басым бағыттарын айқындайды, Қазақстанның шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын дамытудың ең ықтимал жобаларын болжайды.
  • Көпжақты дипломатияның мәнін, пайда болу себептерін, тарихи эволюциясын анықтайды, көпжақты дипломатия механизмдерінде және халықаралық ұйымдардың қызметінде бағыт ала алады, халықаралық интеграцияның теориялық принциптері мен түрлерін сипаттайды, қазіргі жағдайдағы екі жақты және көпжақты дипломатияның келешек формаларын, соның ішінде халықаралық гуманитарлық байланыстардың дамуы, әлемдегі алдыңғы қатарлы саяси көшбасшылардың қызметтері, халықаралық қатынастарды гендерлік фактор үлгісін есепке ала отырып талдайды.
  • Жаңа және қазіргі заманның негізгі тарихи оқиғаларының барысын сипаттайды, Батыс пен Шығыс елдері өркениеттерінің жетістіктерін жүйелейді, шет елдердің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының заңдылықтарын анықтайды, қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы жаһанданудың жағымсыз және оң көріністерін тізбектеп көрсете алады, рухани және гуманисттік құндылықтардың нығайтудағы мәдениет және діндердің рөлін айқындайды.
Top