Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B03105 Каспий маңы елдерінің халықаралық қатынастары в Yessenov University
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Каспий өңірінің халықаралық қатынастар саласындағы жоғары сапалы білімі, халықаралық қатынастар саласындағы дағдылары, халықаралық қатынастардың түрлі салаларына сәтті енуге мүмкіндік беретін жоғары рухани, адамгершілік, талдамалық, басқарушылық қасиеттері бар бакалаврларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B140 Халықаралық қатынастар мен дипломатия
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қоғамға қызмет
Қаржылық сауаттылық негіздері
Жасанды интеллект негіздері
Құқық негіздері
Экономикалық теория
Ойлау дизайны
Медиа сауаттылық
Сакральді Маңғыстау
Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР дипломатикалық және косулдық қызметі
Түрік тілі
Француз тілі
Парсы тілі
Итальян тілі
Жаһандық экология
-
2 Оқу жылы
Кәсіпкерлік
Кәсіби шет тілі
Ағылшын тіліндегі іскерлік және академиялық байланыс
Халықаралық қатынастардың жаңа заман тарихы
Сыртқы саясатты талдау
Эмоционалды интеллект
Халықаралық қатынастар теориясының негіздері
Халықаралық ұйымдар
-
3 Оқу жылы
Дипломатиялық құжаттама
Халықаралық коммуникациялар
Халықаралық құқық
Көпжақты дипломатия
Зерттеулерге кіріспе
Каспий аймағы елдерінің аймақтық саяси талдауы
Қазіргі заманғы қақтығыстар және оларды реттеу әдістері
ХХІ ғасырдағы әлемдік саясат
Каспий өңірі елдерінің қазіргі саяси жүйелері мен саяси процестері
Академиялық жазылым негіздері
Каспий маңы мемлекеттерінің әлемдік саясаттағы рөлі
Каспий маңы елдерінің экономикалық жүйелері
Оқыту нәтижелері
- Халықаралық қатынастар, дипломатиялық және консулдық қызмет тарихы мен теориясының заңдылықтарын, аймақтық және әлемдік дамудың өзекті мәселелерін біле отырып, оңтайлы шешім табуға мүмкіндік беретін стандартты емес ойлауды қолдана отырып, кәсіби міндеттерді шешу.
- Жаһандық және ұлттық, рухани-адамгершілік құндылықтарға, экономикалық, құқықтық білімге және ақпараттық сауаттылыққа ие моральдық және азаматтық ұстанымды білдіру.
- Топта тиімді жұмыс істеу, берілген тақырыптар бойынша пікірталасты шебер ұйымдастыру, конструктивті кері байланысты қолдана отырып, эмоционалды интеллект деңгейлерін ескере отырып, ортақ мақсаттарға жету үшін басқалармен бірлесіп жұмыс жасау.
- Дипломатиялық құжаттама, дипломатиялық хат алмасу, дипломатиялық хаттама және этикет негіздерін біле отырып, қазіргі дипломатия мен коммуникацияның даму болашағын болжайды.
- Каспий маңы өңірі елдерінің тарихы, құқығы, экономикасы, геосаясаты, өркениеттік дамуы саласындағы білімге сүйене отырып, халықаралық процестердің, халықаралық ұйымдар қызметінің себеп-салдарлық байланыстарын анықтау.
- Зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде көрсете отырып, инновациялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, халықаралық қатынастар және халықаралық байланыс саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге талдау жасау.
- Халықаралық құқық, халықаралық институттардың рөлі, жанжалдарды реттеу технологиялары мәселелерін талқылай отырып, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік проблемаларын салыстыру.
- Жаһандық саяси процестер туралы әлемдік саяси дамудың ағымдағы тенденцияларын сипаттау, әлемдік дамудың өзгеру тенденцияларының маңыздылығын және олардың Каспий өңірі мемлекеттеріне әсерін түсіне отырып, еларалық ынтымақтастықты бағалау.
- Каспий маңы мемлекеттерінің ішкі және сыртқы даму факторларын, олардың экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін, дипломатиялық және консулдық қатынастар саласындағы құқықтық мәселелерді бағалау.
- Тілдерді, академиялық жазу негіздерін, этикет, риторика, іскерлік хат алмасу, эмоционалдық интеллект, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті білуді пайдалана отырып, кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді өзара әрекеттесу.
- Халықаралық-коммуникативтік үдерістердің даму келешегін болжай отырып, сын тұрғысынан ойлау әдістері негізінде халықаралық қатынастардың заманауи үдерістеріне талдау және бағалау жүргізу.
- Тілдерді, кәсіпкерлік негіздерін, ойлау дизайнын, экономикалық теорияны білуді пайдалана отырып, өз ісін одан әрі ұйымдастыру мүмкіндігімен кәсіби білімді жетілдіру.