Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01506 География в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М01506-География білім беру бағдарламасының мақсаты:бәсекеге қабілетті негізгі және қолданбалы білімі бар педагог дайындау,зерттеушілік дағдыны қолдана отырып орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асырудағы зерттеу дағдысы.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M015 География педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ғылым тарихы мен философиясы
Жоғары мектептің педагогикасы
Басқару психологиясы
Ғаламдық география
География сабағында функциональдық сауаттылықты қалыптастыру
Шет тілі (кәсіби)
Географиялық зерттеулердің қазіргі әдістері (ағылшынша)
Мәдениетті география
Географиядағы инноватика
Білім берудегі инновациялық техноголияларды география сабағында қолдану
Географиялық терминдерді оқыту әдістемесі (ағылшынша)
Географиядағы кәсіби шетел терминологиясы
Қалалар географиясы
Аридті территориялар ландшафтарының техногенезі(ағылшынша)
-
2 Оқу жылы
Географиядағы менеджмент
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік географияның мәселелері
Географиялық өлкетану (ағылшынша)
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
Қазақстанның аймақтық ерекшеліктері (ағылшынша)
Қазақстанның сакральды географиясы
Мектеп географиясында геоинформатика және картография
Тарихи география
Географиялық мәліметтер қорын құрастыру және оларды картографиялық өңдеу әдістемесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жалпы мәдени және интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және дамытуда, кәсіби қызметінде ғылыми бағытын таңдауда техногенез, жасанды ландшафттар, техногендік рельеф, үрдіс, аймақтардың географиялық ерекшелігі туралы мәліметтерді түсінеді.
- Географиялық мәліметтерді, статистикалық көрстекіштерді, ақпараттық комуникациялық технологияларды, есептеулерді жүргізеді, салыстырмалы сипаттама беруде тілдік сөздіктер (қазақша-орысша-ағылшынша) қолдана алады.
- Географиялық инновациялар ұғымдарын, инновациялық критерийлік белгілерді анықтайды, геоинновацияның осы түріне тән белгілі бір критерийлер мен параметрлерді айқындайды, қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық қызметті басқару негізінде қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновацияларды жіктеу әдістемесін меңгереді.
- Географияда сандық ресурстарды пайдалану, табиғи өсім, қоныстану және урбанизация географиясы, халықтың өмір сүру сапасы туралы түсініктерді дамытумен байланысты кәсіби құзыреттерді қалыптастырудағы статистикалық, сандық ақпараттарды пайдалана біледі.
- Экономикалық-географиялық сипаттаманы қалыптастырады, аймақтық айырмашылықтардың себептерін талдайды, диаграммаларды құрастырады, әлеуметтік және экономикалық-географиялық зерттеулердің заманауи әдістерін қолданады. Білім беруде білім мазмұнын өзгерту ғана емес, негізгі мақсаты ретінде кәсіби қызметтің әртүрлі салаларындағы стандартты және типтік емес міндеттерді өз бетінше шешу қабілетін дамыту.
- Ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың кәсіби деңгейін қамтамасыз етеді, басқарушылық және психологиялық мәдениетті қалыптастырады және дамытады.
- Адамдардың планеталық қоғамдастығын, табиғат пен қоғам бірлігін біртұтас түсіну үшін біздің заманымыздың ғаламдық проблемалары туралы білімдер жүйесін иеленеді. Қоғамдық қатынастардағы географиялық үрдістердің маңыздылығын түсінеді.
- Өзінің кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде, әлеуметтік маңызды педагогикалық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде құқықтық және этикалық нормалар білімін пайдалана алады.
- Ол географиялық өлкетану және өз облысының физикалық-географиялық жағынан зерттеу туралы біледі. Қаланың заңды және нақты шекараларын ажыратады, әртүрлі елдердің мәдени-географиялық модельдерін түсінеді, индустриализацияланған және дамушы елдердегі урбанизация ерекшеліктері туралы түсінігі бар.
- Білім берудің жаңартылған мазмұнында география сабақтарында оқушылардың білім алуы мен іскерлігін қалыптастырудың инновациялық технологиялар арқылы мүмкіндіктері мен жолдарын үйренеді, географиялық мәліметтерді картографиялық өңдеу, цифрлық білім беру платформаларын қолдану бойынша ғылыми зерттеушілік жұмыс жасай алады.
- Географиялық ашулар тарихын, географиялық ерекшеліктердің қалыптасу тарихын, мәдениетті география салаларының қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, қоғамдағы орнына талдау жасай алады . Қоғамдағы коммерциализациялау үрдісінің ғылыми техникалық дамуға, қызметке әсерін бағалауды меңгереді.
- Географиялық картографиялаудың инновациялық технологияларын меңгереді, Қазақстанда заманауибілім беруде картографияның теориясы мен негізгі тұжырымдамалары мәселелерін талдайды, картография мен геоинформатиканың мектеп географиясындағы рөлі мен маңызын бағалайды.
- Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады, жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың, студенттердің интеллектуалдық қабілетін арттырады, педагогикалық құбылыстарды,критикалық ойлайды.
- Болашақ кәсіби, қоғамдық қызметте базалық және бейіндік пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды оқыту процесінде қалыптасқан білімді қолдана алады. Өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін дамытады және жетілдіреді.
Ұқсас БББ
7M01506 География педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01506 География
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01506 География
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01506 География
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01506 География
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01506 География
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті