Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Қазақ және ағылшын тілдері в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеудің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданады. Зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін, ғылыми және тілдік деректерге талдау жасауды, бағдарламалау тілін, эксперимент жасауға арналған платформаларды меңгереді.
  • Қазіргі орыс тілінің фонетикасын мен лексикасын, нормативті грамматикасын, стильдік жүйесін біледі. Іскери орыс тілінің ерекшелігін, құжаттар мен іс қағаздарын жазу ерекшеліктерін түсінеді. Орыс тілінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін меңгереді.
  • Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерін, педагогикалық менеджменттің ұстанымдарын, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру принциптерін, оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекеті мен тәрбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Педагогикалық құзіреттіліктері, кәсіби шеберліктері қалыптасады.
  • Тілдің қоғамдық қызметін түсінеді, тілдің ішкі және сыртқы даму заңдылықтарын біледі. Жалпы тілдік теориялар мен тілдердің классификациясын, тіл ілімдерінің негіздерін меңгереді.
  • Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының, философияның, қолданбалы экономикалық, заң, жаратылыстану, ғылыми пәндерден алған өзекті білімдерін өмірде пайдалана алады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы білімді меңгереді.
  • Ағылшын тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын меңгереді. Ағылшын тілінің базалық деңгейлерін, іскери қарым-қатынас жасау үлгілерін игереді, оқылым, сөйлесім, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.
  • Қазақ әдебиетінің тарихын, кезеңдері мен қалыптасу жолдарын, даму бағыттарын, ауыз әдебиеті мен шешендік өнер үлгілерін, әлем және ағылшын әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығын меңгереді. Шетел тіліндегі көркем шығармаларды оқу арқылы тіл ұстарту, шешен сөйлеу дағдылары қалыптасады.
  • Кәсіби қызметтің міндеттерін шешуде тілдік қарым-қатынас дағдыларын игереді. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, лексикологиясы, сөзжасамы мен морфологиясы, синтаксисі теориясын терең меңгереді, лингвистикалық талдау дағдылары толық қалыптасады.
  • Қазақ және ағылшын оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңартылған білім мазмұнының тиімді тәсілдерін, оқытудың инновациялық технологияларын жетік меңгереді, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктері қалыптасады.
  • Аударма теориясын, мәтін аудару техникасын, синхронды аударма жасау тәжірибесін біледі. Қолданбалы грамматика және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін игереді. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің әдеби-мәдени, экономикалық ерекшеліктерін таниды, тілдік құзіреттіліктерін қалыптастырады. Туыстас, туыстас емес тілдердің мәдениетаралық қарым-қатынасын, тілдік және әдеби ерекшеліктерін меңгереді.
  • Тіл мәдениеті мен стилистиканы, әдеби тілдің функциональдық стильдерін терең меңгереді. Мәтінге стильдік, синтаксистік, контекстік талдау жасаудың алгоритмін қолданады. Стилистикалық талдаудың принциптері мен әдістерін, стиль түрлері және олардың ерекшеліктерін анықтайды.
  • Балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктерін, олардың жеке дамуының қалыптасу заңдылықтарын, инклюзивті жағдайда оқытуды ұйымдастыру жолдарын меңгереді.
Top