Жаңа білім беру бағдарламасы

7M05311 Химия в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Полимерлеу, поликонденсациялау реакциялары механизмдерінің әртүрлі типтерін, гомо- және сополимерлеудің өнеркәсіптік тәсілдерін, функционалды полимерлердің жіктелуін, олардың құрылысының ерекшеліктерін, қасиеттерін, алу тәсілдерін, полимерлеу процестерінің механизмдері мен кинетикасын ажырату.
  • Адсорбцияның және беттік физика-химиялық құбылыстардың теорияларын сипаттау, оксидті катализаторларды, кеуекті материалдардың наноқұрылымын модельдеу және адсорбциялық зерттеу әдістемесін, мұнай өңдеу және мұнай химиясының негізгі процестері үшін катализаторларды алудың әдістерін білу.
  • Наноматериалдардың зерттеу негіздерін, құрылымын және сапасын бағалауды білу; компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
  • Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату.
  • Физикалық химияның, кинетикаың, электрохимияның фундаменталды негіздерін, физика-химиялық құбылыстардың заңдылықтары мен механизмдерін, кинетикалық зерттеулердегі экспериментті ұйымдастыру тәсілдерін, диффузиялы-бақыланатын реакциялардың типтерін және олардың кинетикалық ерекшеліктерін айқындау.
  • Білім алушының ерекшеліктерін есепке алып, оқыту, тәрбие беру және дамыту әдістерін пайдалану, химияны оқыту процесінде педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік талаптарды, жоғары мектепте оқыту әдіснамасын пайдалана отырып, сыни ойлаудың құрылымдық элементтерін, атқарымын, модельдерін білу.
  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
Top