Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01723 Шетел тілі: екі шетел тілі в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Магистранттар шетел тілін оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдарын түсіндіреді, жоғары мектепте шетел тілін оқытудың жаңа технологияларын зерттейді, жаңартылған білім мазмұны тәжірибесінде қолданады.
  • Ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін, зерттеу тақырыбының негізгі проблемаларын анықтайды, өндірістегі инновациялық технологияларды қолданады.
  • Білім алушылар мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілін қалыптастыруға бағытталған лингводидактикалық тұжырымдарды біледі. Мәдени тілдік тұлғаның ой-өрісін қалыптастыратын когнитология негіздерін, таным және ойлау теориясының мәдениеттанумен өзара байланысын түсіндіреді. Қойылған мақсаттарға сәйкес кәсіби қарым-қатынас саласы шеңберінде оқылатын тілдегі әртүрлі баспа, аудиовизуалды ақпаратты өңдейді.
  • Жоғары білім берудегі шет тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі мен теориясын және ғылыми зерттеулер әдіснамасын біледі. Зерттеу және практикалық мәселелерді шешу үшін тұжырымдамалық және категориялық аппаратты қолданады. Шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру үшін халықаралық стандартты формалар мен бақылау әдістерін қолдануда алады. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерін қолданады.
  • Ғылым тарихы мен философиясының теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін біледі және түсінеді, басқару психологиясы туралы ғылыми көзқарастарыy білдіре алады, жоғары мектеп педагогикасының негізгі мақсаттарын түсінеді, қажетті ресурстар мен ақпарат көздерін өз бетінше талдай алады.
  • Тіл білімінің өзекті мәселелері, жаңа бағыттары, қағидатары мен тәсілдерін анықтайды, сипаттайды.
  • Оқу-тәрбие процесінде оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын қолданады.
  • Магистранттар білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық, практикалық білімдері жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі магистрлік диссертация қорғау кезінде мазмұндалады.
Top