Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04111 Білім берудегі менеджмент (Executive MBA) в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім берудегі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және білім беру ұйымдарын стратегиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін білім беру менеджменті саласында басқарушылық және практикалық дағдылары бар жоғары білікті менеджерлерді даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Бәсекелестік және жаһандану жағдайында білім беру ұйымының даму стратегиясын әзірлеу үшін стратегиялық жоспарлау мен жобалық менеджменттің заманауи тәсілдері мен құралдарын қолдану
  • Басқарушылық шешімдер қабылдаудың заманауи маркетингтік және аналитикалық құралдарын қолдана отырып, бизнес-зерттеулер мен кәсіби зерттеулер жүргізу
  • Білім беру сапасын басқарудың заманауи үрдістерін және сапа менеджменті жүйесін жетілдіру мүмкіндіктерін талдау, білім беру саласында ғылыми тәсілдерді, әдістерді, педагогикалық менеджмент технологияларын және халықаралық стандарттарды енгізу
  • Білім беру саласында қарқынды ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекел-менеджмент жүйесін құру
  • Әртүрлі үлгідегі білім беру ұйымдарының стратегиялық мақсаттарына сәйкес адам ресурстарын басқарудың тиімді саясатын қалыптастыру
  • Жеке тұлғаның және ұжымның әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын ескере отырып, мансапты басқарудың басқару схемалары мен бағдарламаларын әзірлеу, көшбасшылық қасиеттер негізінде оқу орнының ұжымын басқару
  • Құқықтық және психологиялық реттеу қағидаттары негізінде қақтығыстар мен даулардың алдын алу және шешу, стресстік жағдайлардан туындаған келеңсіз салдарлар мен кәсіби тәуекелдерді жеңу әдістерін әзірлеу мақсатында стресс факторларын бағалау
  • Білім беру процесіне қатысушылардың тиімді өзара іс-қимылы мақсатында заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалану, цифрлық білім беру мазмұнын жасау
  • Жобалық менеджмент, стратегиялық көшбасшылық және құзыреттілікті дамыту тәсілдері негізінде білім беру ортасын, білім беру бағдарламаларын және жеке білім беру маршруттарын жобалау
  • Білім беру ұйымындағы маркетингтік үрдістерді қарқынды басқаруды және маркетингтік қызметті стрейкхолдерлермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету
Top