Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01307 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеу және академиялық жазба әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жүзеге асыра алады, жоспарлай және болжам жасайды;
  • Жоғары оқу орны деңгейінде алған бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі саласындағы білімді тәжірибелік қызметте жүзеге асыра отырып, жүйелейді;
  • Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқытылатын ғылым саласында әрі қарай оқу үшін қажетті дағдыларды өздігінен жетілдіреді;
  • Оқылатын сала мәселелерін уақытылы және дұрыс шешу үшін кәсіби қызметтің барлық кезеңінде біліктілігін арттыра отырып, зияткерлік, мәдени, адамгершілік және кәсіби өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдірудің перспективті жолдарын жүзеге асырады;
  • Кәсіби міндеттерді шешу кезінде қарым-қатынасты құру үшін қажетті 3 тілде коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды қолданады;
  • Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында заманауи мәселелерді тиімді шеше отырып, теориялық білімді кәсіби деңгейде қолданады;
  • Сыни ойлауды қолданып, әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинақтайды және интерпретациялай алады.
  • Академиялық адалдық негіздері мен принциптерін сақтай отырып, білім беру жүйесінде кәсіби қызметті басқарады;
Top