Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01512 Биология-жаратылыстану в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері саласындағы жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсету
  • практикалық қызметте биоалуантүрлілікті зерттеу, тірі ағзалардың құрылысын, эволюциясын, жеке дамуы мен физиологиясын талдау және оларды өсіру саласындағы білім мен дағдыларды қолдану
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (Қазақстан азаматтары емес, аз ұлттылардың, оралмандардың балалары, дарынды балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және т.б.) педагогикалық қолдау көрсетуді жоспарлау үшін білім беру ортасында мониторингтік зерттеулер жүргізу
  • ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық байланыстар мен оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып оның ішінде шағын жинақты мектептер базасында оқу үдерісін әзірлеу
  • білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін, оның ішінде аралас және қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды оқытуға арналған өзіндік сандық білім беру ресурстарын жасау үшін IT, смарт және стем - технологиялар мен АКТ-ны өз бетінше қолдану
  • педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарының тарихын, теориясын, әдіснамасын, бағыттары мен мәселелерін білу және түсіну негізінде оқытудың қазіргі заманғы әдістер, формалары, тәсілдері мен критериалды бағалау құралдарының кең спектрін пайдалана отырып, білім беру үдерісін, оның ішінде бірлескен білім беру ортасын құру
  • биологиялық және табиғи құбылыстардың мәні мен өзара байланысын және олардың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын талдау
  • аймақтық табиғи объектілердің жай-күйін диагностикалауға, оларды ұтымды пайдалануға және көбейтуге, халықтың денсаулығын қалыптастыруға әсер ететін неғұрлым өткір экологиялық проблемаларды айқындауға, оқушыларға экологиялық білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесін әзірлеу
  • ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың, экспериментті жоспарлау мен қоюдың, эксперименттік деректерді бағалау мен түсіндірудің тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып биология және жаратылыстану ғылымдары бойынша, оның ішінде мектеп оқушыларының зерттеу қызметін ұйымдастыру
  • далалық және зертханалық жағдайларда биология және жаратылыстану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қазіргі заманғы жабдықтарды, құрылғыларды пайдалану мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын қолдану негізінде қоршаған ортаға антропогендік әсерді төмендету және жеке тұлға мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзінің тіршілік әрекетін ұйымдастыру
  • кәсіби қызметте жаратылыстану ғылымының дамуының негізгі заңдылықтарын, заңдылықтары мен қазіргі тенденцияларын қолдану
  • сыни ойлау технологиясын қолдану негізінде әр түрлі күрделілік деңгейлеріндегі, соның ішінде стандартты емес биология және жаратылыстану ғылымдары бойынша мәселелерді шешу
Top