6B01718 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-қытай) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайын және инновацияларға ашық, әлеуметтік, азаматтық сауаттылыққа, толеранттылыққа және терең пәндік білімге ие, ғылыми-педагогикалық зерттеулер, әдістеме, жоспарлау, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және бағалау дағдыларын меңгерген ағылшын және қытай тілдерінің креативті мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау мен әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін, білімді игертудің мүмкіндіктерін меңгертеді. Пәнді меңгерту нәтижесінде тұлға психологиясындағы түрткі, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін анықтауды, диагностикалауды, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін ескере отырып іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің практикалық фонетикасы
Пән тіл білімінің бір саласы ретінде фонетиканың жалпы құзіреттіліктерін: сөйлеу интонациясы, ырғағы, тембрі мен қарқыны, сөйлеудің фонетикалық стилі сияқты құбылыстарды қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар дыбыстық және жазбаша мәтіндерді өз бетінше талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын; айтылу мен интонацияны, фонематикалық және интонациялық естуді дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пән білім алушыларға оқу процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері мен қазіргі кезеңде шет тілін оқытудың ерекшеліктерімен таныстырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін біледі; шет тілін оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерін практикада ұтымды пайдаланады; шет тілін оқытудың практикалық негіздерін біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауызша қарым-қатынас формаларын дамыту
Пән күнделікті және іскерлік қарым-қатынаста ағылшын тілінде ауызша қарым-қатынасқа қажетті құзыреттерді қалыптастырады және одан әрі дамытады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешу үшін күнделікті және іскерлік тақырыптарда ауызша мәлімдеме жасау дағдылары мен шеберлігін; дұрыс грамматикалық құралдарды қолдануда талдау, түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогика
Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түрік тілі ( А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
Пән білім алушылардың ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы жайлы білімін қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы алған білімдерін ауызша және жазбаша қарым-қатынас жағдайында талдау, түсіндіру, жалпылау және синтездеу арқылы оқу-практикалық және кәсіби мәселелерді шешуде тәжірибесінде дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы нормативтік-құқықтық құжаттарға, ассистивтік технологияларға және интеграцияланған оқыту элементтеріне сүйене отырып, оларды әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімделу жолдарын белгілей отырып, қалыпты дамыған балалармен және даму мүмкіндігі шектеулі балалармен арнайы білім алуға педагогикалық үдерісті ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ағылшын тілінде тыңдау және сөйлеу
Пән білім алушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуға, лексикалық және грамматикалық құрылымдық бірліктерге негізделген дыбысты айтуды жетілдіруге, ағылшын тіліндегі сөйлемдердің негізгі интонациялық үлгілері мен ырғақтарын меңгеруге бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылардың сөйлеу және тыңдау дағдысы қалыптасады; тілді тілдік ортада прагматикалық қолдануға қажетті коммуникативтік құзыреттілік дамиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Екінші шет тілінің практикумы
Пән шығыс (қытай) тілінің бастапқы деңгейін үйренуге және тілді меңгеруге қажетті негізгі білім, білік және дағдыларды қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер оқытылатын тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгереді; иероглифтік жазу дағдыларын қалыптастырады; грамматикалық және лексикалық қорды дамытады; қытай тілінде ауызша тыңдау дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы мақсаттар үшін қытай тілі
Пән мәдениетаралық кәсіби бағдарланған коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған және сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеруді көздейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар кәсіби маңызды тақырыптар бойынша пікір алысады; ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен педагогикалық құжаттаманы, кәсіби қарым-қатынастың коммуникативті жағдайындағы диалогтарды түсіну, коммуникативті педагогикалық тапсырмаға сәйкес жазбаша мәлімдемелер жазу дағдаларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы мақсаттағы шетел тілі
Пән педагогикалық кәсіби қызмет аясында әлеуметтік-коммуникативтік мәселелерді шешу үшін электрондық, инновациялық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, коммуникативті құзыреттіліктердің қажетті және жеткілікті деңгейін, заманауи оқыту стратегияларын, инновациялық білім беру технологияларын меңгертеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар ағылшын тілін кәсіби және ғылыми қызметте қолдану бойынша тілдік құзыреттіліктерін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қытай тілінің тәжірибелік курсы
Пән білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым – коммуникативті әрекеттің төрт түрі негізінде студенттердің коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттілігінің негізін қалауға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар пәннің негізгі сөздік қорынан тұратын лексикалық минимумды біледі; жай сөйлемнің негізгі грамматикасын, қытай таңбаларының ерекшеліктерін дұрыс жазу тәртібін, қытай тілінің дыбыс құрамын және ерекше дыбыстарын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қытай тілінде тыңдау және сөйлеу
Пән білім алушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуға, лексикалық және грамматикалық құрылымдық бірліктерге негізделген дыбысты айтуды жетілдіруге, қытай тіліндегі сөйлемдердің негізгі интонациялық үлгілері мен ырғақтарын меңгеруге бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылардың сөйлеу және тыңдау дағдысы қалыптасады; тілді тілдік ортада прагматикалық қолдануға қажетті коммуникативтік құзыреттілік дамиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Пән мемлекеттік тілде іс жүргізудің нормативтік базасы, құжаттың түсінігі мен функциялары, мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдана отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәдениетаралық қарым-қатынас мән мәтініндегі базалық шетел тілі
Пән білім алушылардың коммуникативтік, мәдениетаралық және кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады және дамытады. Пәнді меңгерудің нәтижесінде білім алушылар болашақ ағылшын тілі мұғаліміне қажетті педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және әдіснамалық білік және білім негізінде мәдениетаралық деңгейде шет тілінде сөйлесу дағдысын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілінің елтануы
Пән болашақ мамандарды мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысатын тұлға ретінде дамыту, оқытылатын тіл елінің тарихы, географиясы, экономикасы бойынша лингвистикалық білімін тереңдетуге бағытталған. Курс барысында білім алушылар оқытылатын тілдің аймақтық, географиялық орны, тарихы, саяси жүйесі туралы білімдерін қалыптастырады; білім алушылардың өз еліне және оқытылатын тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелейді; лингвистикалық және ұлттық мәдениетті қамтитын құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ағылшын тілін оқытуда тестілеу және бағалау
Пән білім алушыларды оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарымен, тестілеудің әдіснамалық және теориялық негіздерімен таныстырады, бақылау үшін тесттерді қолданудың психологиялық және педагогикалық аспектілерін анықтау дағдысын қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар біртекті педагогикалық тесттерді жобалау және қолдану әдістерін, компьютерлік технологиялармен тестілеуде қолдана отырып, өз пәні бойынша тест тапсырмаларының нәтижелерін құрастыру және бағалау қабілетін дамытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің теориялық негіздері: тіл тарихы, стилистика, лексикология
Пән білім алушыларда тіл теориясы, лингвистикалық және грамматикалық құрылымы, зерттелетін шет тілінің тарихы мен функционалдық стильдері туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы талдау, түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын пайдалана отырып, кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуде белгілі бір лингвистикалық және әдістемелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Креативті көшбасшылық
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық дағдыларды жетілдіру негіздері
Пән білім алушылардың бастапқы академиялық дағдыларын дамытады және кәсіби академиялық құзыреттіліктердің сан алуан заманауи талаптарымен таныстырады. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар ағылшын тілінде өз ойын анық жеткізу, жазылым, оқылым, сөйленім, өз бетінше ізденіс, топпен жұмыс, ақпаратты іздеу және оны жылдам өңдеу дағдыларымен қоса сыни тұрғыдан және жаратушылық ойлау дағдысын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеу дағдылары
Пән білім алушыларды оқу үдерісінде және болашақ кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындайды; өз бетінше және сыни ойлау дағдыларын игерген педагог-зерттеуші қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар ғылыми зерттеудің негізгі ұғымдарын, ғылыми танымның әдістері, ғылыми зерттеулерді өңдеу туралы түсініктерін қалыптастырады және алған білімдерін тәжірибеде қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын және американ әдебиеті
Пән білім алушыларды ағылшын және американ әдебиетінің даму кезеңдерімен, олардың әдебиет дамуының әртүрлі кезеңдерінде жазылған негізгі шығармаларымен таныстырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар тиімді оқу процесін ұйымдастыруда әрі қарай пайдалану үшін әдебиетті дамытудың әртүрлі кезеңдерінде жасалған көркем мәтіндердің құрылымы мен семантикасын, әлеуметтік-мәдени және эстетикалық аспектілерін талдау, түсіндіру, байланыстыру және синтездеу қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ағылшын тілін оқытуда оқу бағдарламалары және оқу әдістемелік құралдар әзірлеу
Пән болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне қажетті пән бағдарламаларын даярлау, оқу әдістемелік құралдарын жобалау, енгізу және бағалау дағдыларын қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар қолданыстағы материалдарды сынып және оқушылардың ерекшеліктеріне бейімдейді, қажетті курс материалдарын қосу және өзгерту арқылы сабақтың тақырыбына сәйкес оқытудың инновациялық тәсілдерін және оқытудың заманауи стратегияларын негізге ала отырып материалдар құрастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілінің негіздері
Пән білім алушыларда қытай тілінің лексикалық, грамматикалық құбылыстары мен заңдылықтарын коммуникативтік және кәсіби іс-әрекетінде қолдана білу білімі мен дағдысын қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар күнделікті өмір жағдайында қытай тілінде қарым-қатынас жасайды; оқытылған тақырыптар бойынша қытай тілінің жазу дағдысын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Классикалық және қазіргі заманғы әдебиет
Пән білім алушыларды классикалық және қазіргі заманғы әдебиет жайлы білім беру қажеттілігінің негізі ретінде білімін қалыптастырады және оларды жалпы орта білім беру мекемелерінде ағылшын тілін оқыту және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесінде қолдануға дайын болуын қамтамасыз етеді. Курс барысында білім алушылар классикалық және қазіргі заман әдебиетінің негізгі шығармаларымен танысады, олардың жанрлық ерекшеліктерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қытай тілінде оқу және жазу
Пән білім алушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту арқылы қытай тілін оқыту дағдыларын қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер оқудың барлық түрлерін оқытудың және студенттер арасындағы академиялық қарым-қатынас жағдайында жазу мен оқу дағдыларын жетілдіру дағдыларын қалыптастырады; сыни ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып қарым-қатынас жасау қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Пән білім алушылардың болашақ кәсіби қызметі үшін кең теориялық база құру; ағылшын тілін оқытудың ең маңызды әдістері, құралдары және ұйымдастырушылық формаларын тәжірибеде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады. Курс барысында студенттер ағылшын тілін оқытудың әдістемелік мәселелерін сауатты және табысты шешеді; ағылшын тіліндегі заманауи оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, ақпараттық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану дағдыларын көрсету; кәсіби-педагогикалық қызметте қажетті әдістемелік дағдылармен әрекет етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығарма талдау, әдеби сын және эссе жазу
Пән білім алушылардың көркем шығармалардың мазмұнын, автордың жеке көзқарасын талдау арқылы сыни бағалау дағдыларын қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар шығармада қолданылған әдеби стильді анықтау арқылы автордың идеялары мен жазу стилін талдайды, өз ойын сыни тұрғыдан баяндайды және эссе жазу қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыни ойлау және жазу
Пән студенттердің сыни тұрғыдан ойлауы мен жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде сыни тұрғыдан ойлаудың нәтижелерін пайдалана отырып, жазу дағдыларын қалыптастырады, осы дағдыларды келешек оқу іс-әрекетінде орынды пайдалану мақсатында жазба жұмыстарының мазмұнын жаңарту үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәдениетаралық қарым-қатынас жаңдайындағы екінші шетел тілі
Пән білім алушылардың қытай тілінде кәсіби қызметте қарым-қатынас жасауға қажетті коммуникативтік, мәдениетаралық дағдыларын қалыптастырады және дамытады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар қытай тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға қажетті педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және әдіснамалық білік және білім негізінде сөйлесу дағдысын дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтін интерпретациясы
Пән мәтінді түсіндіру теориясының мәселелері және ағылшын тіліндегі мәтіндердің әртүрлі түрлерін түсіндіруді зерттеуге арналған. Курсты игеру нәтижесінде болашақ мұғалімдер көркем, ғылыми, публицистикалық және академиялық мәтіндердің мағынасын, формасы мен мазмұнын күрделі құрылымдық құралы ретінде түсіндіру, түсіну және дұрыс жеткізу қабілеттерін көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілдерін оқытудың психологиясы
Пән білім алушылардың шет тілдерін оқыту саласындағы кәсіби білімі мен дағдыларын дамытады және педагогикалық практикаға дайындайды. Пән шет тілдерін оқытудың әдістемелік және психологиялық аспектілерін қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушыларда адам психикасы, таным заңдылықтары, тұлғаның қалыптасуы мен даму ерекшеліктері, топтағы адамның мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық құбылыстары, өзін-өзі реттеу мен қарым-қатынастың тиімді әдістері туралы түсінік қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Пән болашақ мамандардың шетел тілін оқыту барысында тəрбиелік жəне дамытушылық аспектілерін ескере отырып жас ұрпақты бөгде мəдениетке баулуға; тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым үдерісінде қарапайым коммуникативті-танымдық міндеттерді өз бетінше шешу үшін біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған; сонымен қатар ерте жастағы балаларға бастамашылдық, ұжымда жұмыс істей алу, өз пікірін қорғай білу қасиеттеріне қоса пəнге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қытай тілін екінші шетел тілі ретінде оқыту
Пән бағдарламада қарастырылған қазіргі қытай тілінің фонетика, графика, нормативтік грамматика және лексика саласындағы білім мен құзыреттіліктерін меңгеруге бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар оқытылатын материал аясында күнделікті қарым-қатынастың әртүрлі жағдаяттарында өз ойларын жеткізеді, ауызша және жазбаша сөйлеудің негізгі идеялары мен фактілерін түсінеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған ағылшын тілі
Пән кәсіби және академиялық сипаттағы мәдениетаралық коммуникацияға қатысу үшін қажетті ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар кәсіптік сипаттағы шет тілдік қарым-қатынастың лексикалық және грамматикалық минимумын, шет тілін кәсіби (ағылшын тілі) оқытуда қажетті терминологияны меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің грамматикасын оқыту
Пән білім алушыларға тілдік құрылым жүйелері мен грамматикалық құралдарды оқытудың әдістері мен тәсілдерін үйретеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің қазіргі заманғы әдістемелер негізінде білім беру мен тәрбие үрдісін жүзеге асыру, студенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, педагогикалық жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын қолдану; оқытудың инновациялық тәсілдерін және АКТ-ны пайдалана отырып оқытудың заманауи стратегияларын қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған қытай тілі
Пән білім алушыларда кәсіптік-бағдарланған шет тілдік құзыреттілікті - шет тілдік ортада тұлғааралық, мәдениетаралық, тұрмыстық және кәсіптік табысты қарым-қатынас үшін қажетті және жеткілікті деңгейде тиімді қарым-қатынас білімі, іскерлігі мен дағдылары жүйесін қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар кәсіби бағытталған контекстте қытай тілінің грамматикасы, лексикасы және құрылымы саласындағы негізгі тілдік білімін қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған қытай тілі
Пән білім алушыларда кәсіптік-бағдарланған шет тілдік құзыреттілікті - шет тілдік ортада тұлғааралық, мәдениетаралық, тұрмыстық және кәсіптік табысты қарым-қатынас үшін қажетті және жеткілікті деңгейде тиімді қарым-қатынас білімі, іскерлігі мен дағдылары жүйесін қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар кәсіби бағытталған контекстте қытай тілінің грамматикасы, лексикасы және құрылымы саласындағы негізгі тілдік білімін қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауызша жазбаша аударма
Пән студенттерді ауызша және жазбаша аударманың негізгі прагматикалық конструкцияларымен және ерекшеліктерімен, түрлерімен, кезеңдерімен және тәсілдерімен таныстырады. Курс барысында студенттер ауызша және жазбаша аударма нәтижелерін педагогикалық іс-әрекет тәжірибесінде пайдалану, педагогикалық және әдістемелік мақсаттарға байланысты шынайы мәтіндерді түсіндіру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Білім алушылардың пәндік және тілдік құзыреттерін педагогикалық диагностикалауды жүзеге асырып, білім беру саласында педагогикалық зерттеулер жүргізеді
- Тарихи фактілерді, принциптерді, рухани құндылықтар мен тілдік ерекшеліктерді білуге негізделген, тиімді мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асырады
- Тіл теориясы, лингвистикалық теория туралы білімін көрсетеді, тіл деңгейінің нормаларына сәйкес грамматикалық және лексикалық бірліктер тиімді пайдаланады, оқу-практикалық және кәсіби - педагогикалық міндеттерді шешеді, талдау, түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын қолдана отырып, зерттелетін пәндер шеңберінде терең пәндік білімін көрсетеді
- Экономикалық білімді, қаржылық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көрсете отырып, кәсіпкерлік қызметті, бизнес жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгерген
- Табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдана отырып, қоршаған ортаның жай-күйін және адамға қауіпті факторлардың әсер ету дәрежесін бағалайды
- Білім беру үдерісін зерттеу, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және ұсыну дағдыларын пайдаланып, өзінің кәсіби қызметі мен әріптестерінің тәжірибесінің рефлексиясын жүзеге асырып, академиялық жазудың негіздерін көрсетіп және академиялық
- Электрондық, ақпараттық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып, инновациялық білім беру технологияларын, оқытудың инновациялық тәсілдерін және оқытудың заманауи стратегияларын қолданады
- Өзінің эмоционалды интеллектін және қазіргі заманғы көшбасшының негізгі дағдыларын, өз уақытын және өз әлеуетін ұйымдастырудың тиімділігін талдау және бағалау дағдыларын пайдалана отырып, өз қызметін және кәсіби дамуын жоспарлаудың тиімді құралдарын анықтау және таңдау арқылы креативті шешімдер қабылдап өзінің кәсіби қызметін ұйымдастырады
- Коммуникация және педагогикалық жұмыс процесін жоспарлауда, ұйымдастыруда және бағалауда сыни ойлау дағдыларын пайдалана отырып, оқушылардың жеке және жас ерекшелік психофизиологиялық қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы әдістемелер негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін іске асырады