Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01431 Бейнелеу өнері, графика және жобалау в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Шығармашылық жұмыстар мен дизайн жобаларын жасаудың арнайы техникасы мен технологияларын, өнер туындыларының бағыттарын, өнер мен дизайнның даму бағыттары мен тенденциялары тұрғысынан талдау дағдыларын, шығармашылық дизайн құралдарымен материалдарды пайдалану тәсілдерін меңгеру.
  • Объектілер мен адам фигурасын шынайы бейнелеу үшін құрылымдық, анатомиялық және пропорционалды қатынастарды сақтай отырып, түрлі көркемдік әдістер, кескіндемелік және графикалық шеберлік әдістерін қолдану.
  • Мектеп оқушыларының психологиясы, даму физиологиясы және олардың білім беру қажеттіліктері туралы түсінік бере отырып, оқу үрдісін басқару.
  • Көркемдік және шығармашылық қабілеттерін көрсету, өзінің кәсіби қызметінің тиімді тәжірибесін жинақтау және тарату, практикалық зерттеулер негізінде оқу үрдісін жобалау.
  • Қалыпсыз жағдайларда зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларды пайдалана отырып жұмыс атқару.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілік, академиялық адалдық пен әдептілік қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, жаратылыстану-ғылыми, кәсіби дамуды көрсету.
  • Моральдық, этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес педагогикалық қоғамдастықта даму стратегияларын анықтай отырып, жеке және топ мүшесі ретінде жұмысты біріктіретін ресми, бейресми нысандарда кәсіби үздіксіз білім беруді жоспарлау.
  • Оқытудың тиімді әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарына негізделген сабақты өткізу кезінде білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру.
  • Білім алушылардың мінез-құлқын басқару, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, тәрбие жұмысының әдістерін, білім берудің заманауи тұжырымдамаларын пайдалана отырып, білім алушылар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
  • Білім алушыларды тарту үшін білім беру, дамыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдануда цифрлық сауаттылық пен дағдыларды меңгеру, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау, бақылау үрдісінде цифрлық ресурстарды пайдалану.
  • Виртуалды визуалды бейнелерді құруда және құрылымды мәселелерді шешуде жаңашыл компьютерлік технологияларды, бағдарламалық кодтарды және нейрондық желінің графикалық пакеттерін пайдалана отырып, цифрлық кеңістікте шығармашылық жұмыстарды үйлесімді, түсті, перспективалық құрудың өзіндік ақпараттық және цифрлық құралдарын басқару.
  • Академиялық жазу әдістерін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.
Top