Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07104 Көлік, көліктік техникасы және технологиялар в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тасымалдау үрдістерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қадағалау органдарының нұсқамаларын, ұсынымдары мен нұсқауларын орындау жоспарларын жасаудың ғылыми зерттеулерінің, академиялық хаттарының әдістерін білу және қолдану.
  • Әлеуметтік, этикалық жағдай мен ғылыми пікірлерді ескере отырып, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған бюджетті қалыптастыру үшін ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру.
  • Көлік, көліктік техникасы және технологиясы саласындағы кәсібилікті одан әрі арттыру үшін қажетті автотракторлық құралдардың құрылғылары мен динамикасы туралы білімдерін кәсіби деңгейде қолдану.
  • Автокөлік құралдарын пайдалану саласында өз біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында қажетті оқыту дағдыларын қолдану.
  • Көлік, көліктік техникасы және технология саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.
  • Автотракторлық техниканың құрылысы бойынша білімді пайдалану негізінде көлік техникасының тораптары мен бөлшектерін көлік түрлері бойынша ажырата білу.
  • Қазіргі жағдайда көлік, көлік техникасы және технология саласындағы өзекті инженерлік міндеттерді шешу қағидаларының маңыздылығын түсіну.
  • Ойлау мәдениеті мен ой-өрісі кең жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін ғылыми - жаратылыстану пәндер саласын білу және түсіну.
  • Экономикалық заңдар білімін, еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормаларды, сондай-ақ адамгершіліктік даму ережелерін, академиялық адалдық мәдениетін кәсіби деңгейде қолдану, зерделенетін сала аргументтерін тұжырымдау және проблемаларды шешу.
  • Көлік құралдары технологиялық үрдістерінің өнімділігін арттыруға, өзіндік құнын төмендетуге бағытталған өнертабысты рәсімдеу, жобаларды әзірлеу және оларды өндіріске енгізу кезінде білімдерін көрсету.
  • Классикалық математиканың, физика, механиканың, теориясы мен заңдарын, іргелі түсініктерін, кескіндерді салу әдістерін, кинематикалық және динамикалық параметрлерін табуда теориялық және практикалық білімін қолдану, ақпараттық, қаржылық, құжаттық ағындары факторларын түсіне отырып, автокөлік құралдарын диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және техникалық бақылаумен байланысты технологиялық үрдістер білімін қолдану.
  • Неғұрлым ұтымды материалдарды, пішіндерді, өлшемдерді, дәлдік дәрежелерін және беттердің кедір-бұдырлығын таңдауда білімі мен түсінігін қолдану, ғылыми зерттеу әдістерін білу және оларды көлік, көліктік техникасы және технология саласында қолдану.
Top