Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық өмірдегі ғылым мен білім берудің рөлі; ғылыми танымның дамуындағы заманауи үрдістер туралы; жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымының өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері; жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі; жаһандану үрдістерінің қайшылықтары мен әлеуметтік-экономикалық салдары туралы түсінікке ие болу;
  • Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы туралы білімдерін өзінің педагогикалық қызметінде қолдана білу; оқытудың интерактивті әдістерін қолдану; заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу.
  • ғылыми танымның әдіснамасын; ғылыми қызметті ұйымдастыру принциптері мен құрылымын; оқу үрдісінде студенттердің танымдық іс-әрекетінің психологиясын; оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білу;
  • ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында; жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында; қазіргі заманғы білім беру технологиялары мәселелерінде; кәсіби саладағы ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда; білімді тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету, кәсіби дағдылар мен іскерлікті кеңейту тәсілдерінде құзыретті болуы тиіс.
  • ғылыми-зерттеу қызметі, стандартты ғылыми міндеттерді шешу; кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру; Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі; білім беру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану; кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникация; шешендік өнер, ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және қисынды ресімдеу; күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету және докторантурада білім алуды жалғастыру;
Top