Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01506 Информатика в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Өзінің кәсіби қызметінде Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін, қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, қоғамдық нормаларға, академиялық адалдық нормаларына негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды, әлемнің басқа халықтарының дәстүрлеріне, мәдениетіне төзімділік таныта отырып қолдана алады.
  • Кәсіби және күнделікті қызметке математика және жаратылыстану пәндері саласындағы базалық білімді интеграциялауға қабілетті.
  • Зерттеу жұмысы мен болжау дағдыларын және ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, кәсіби және күнделікті қызмет үшін қажетті жаңа білімді игеруге және алуға қабілетті.
  • Білім берудің жаңартылған мазмұны контексінде, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен технологияларын, қашықтықтан білім беру технологияларын, соның ішінде инклюзивті білім берудің құндылықтары мен негіздерін ескере отырып, нәтижелі инновациялық білім беру қызметін жүзеге асыруға қабілетті.
  • Білім алушылардың өз бетімен білім алуына, кәсіптік бағдарына қолайлы жағдай жасай отырып, қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы бағдарламалау дағдылары мен ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен білім алушыларға білім беру арқылы педагогикалық қызметті жүзеге асыра алады
  • Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін ескеруге қабілетті.
  • Кәсіби қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларға икемділік көрсете отырып, қолда бар ақпаратты талдау негізінде кәсіби міндеттерді басқарушылық шешімдерді қабылдауға қабілетті және өзінің кәсіби қызметінің нәтижелеріне жауапты болуға дайын
  • Информатиканың теориялық және практикалық негіздері және информатиканы оқыту технологиялары: әдістері, тәсілдері, педагогикалық технологиялар, есептеу және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу дағдысы жөніндегі білімін кәсіби және күнделікті өмірде қолдана алады.
  • Информатика және АКТ саласындағы ең озық білімді пайдалана отырып, оқушылардың пәндік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін, информатикаға деген қызығушылықты қалыптастыру тәсілдерін қолдана алады.
  • Қарым-қатынас технологиясын, ауызша және жазбаша коммуникация, педагогикалық риторика, академиялық хат, коммуникация стратегиясын, соның ішінде кәсіби; білім беру ұйымдарында тілдік әралуандықты түсіну және құрметтеу негізінде электрондық құжаттарды жүргізу негіздерін білу және дәлелдер тұжырымдай білу.
Top