Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01518 Информатика және робототехника в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Цифрлық технологиялар мен робототехникалық жүйелерді пайдалана отырып, робототехника саласындағы заманауи бағдарламалау тілдерінде бағдарламалар, жобалар әзірлеуге қабілетті
  • Өзінің кәсіби қызметінде Қазақстанның тарихын, экономика негіздерін, құқықтық жүйесі мен заңнамаларын білуге қабілетті
  • Оқушылардың пәндік біліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін, информатика және робототехника саласындағы ең озық білімді қолдана отырып, информатика мен робототехникаға қызығушылықты қалыптастыру әдістерін қолдануға қабілетті
  • Қарым - қатынас технологиясын, ауызша және жазбаша коммуникация, педагогикалық риторика, академиялық жазу, коммуникация стратегиясын, соның ішінде кәсіби қарым-қатынас дағдыларын қолдана білу; тілдік әралуандықты түсіну мен құрметтеу негізінде білім беру ұйымында электрондық құжаттаманы жүргізу негіздерін білу және дәлелдерді тұжырымдай білу
  • Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен технологияларын, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оның ішінде инклюзивті білім берудің құндылықтары мен негіздерін ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан өнімді инновациялық білім беру қызметін жүзеге асыруға қабілетті
  • Зерттеу жұмыстары мен болжау дағдыларын және ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, кәсіби күнделікті іс-әрекетке қажетті жаңа білімді игеруге қабілетті
  • Информатика мен робототехниканың теориялық және практикалық негіздері бойынша білімдерін кәсіби және күнделікті өмірде қолдануға қабілетті
  • Кәсіби қызметке математика және жаратылыстану пәндері саласындағы базалық білімді біріктіруге қабілетті
  • Кәсіби қызметте туындайтын мәселелерді шешу үшін ғылыми әдістерді қолдана алады
  • АKT-ны қолдану арқылы оқушыларға информатикадан білім бере отырып, педагогикалық қызметті, оның ішінде ағылшын тілінде жүзеге асыруға қабілетті
Top