Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02301 Филология: қазақ филологиясы в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология саласында зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыру, ресми-іскерлік құжаттарды дайындай білу, білім беру, мәдениет, басқару, БАҚ мекемелерінде, мәдениетаралық коммуникация саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыра білетін, филологиялық білімді талап ететін кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте заманауи ақпараттық сандық технологияларды, ғылыми зерттеу әдістерін қолданады
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және академиялық жазбаша сөйлеу дағдыларын қолданады
  • Қазақ тілінің тарихы мен теориясы, көркем әдебиет аясындағы коммуникация теориясы, филологиялық сараптама және мәтін интерпретациясының негізгі нұсқаулығы мен концепцияларын пайдаланады
  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың негізгі теориялық түсініктерін қолданады
  • Қазақ және әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың мазмұнын талдайды
  • Экономикалық, құқықтық білім , қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы негіздерін, төтенше жағдайларда сақтану, адам денсаулығын сақтау дағдыларын қолданады
  • Зерттеу саласындағы білімдер мен түсініктерді, оның ішінде лингвистика мен әдебиеттегі ең озық білім элементтерін, инновациялық сипаттағы жүйелік білімін қолданады
  • Іс қағаздармен жұмыс істеу, баспа өнімін түзету, редакциялау дағдыларын игереді
  • Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгереді
  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін пайдалана отырып, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласында базалық білімдерін қолданады
Top