Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02187 Графика в Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Графикалық өнер саласында авторлық туындыларды жасаудың теориялық және практикалық білімі бар мамандарды, жоғары кәсіби білім беру саласында графикалық өнер оқытушыларын, сондай-ақ станоктік графика саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін ғылыми қызметкерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 122
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M033 Бейнелеу өнері
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы
Өнердегі сыни ойлаудың әдістері мен құралдары
Білім беру үдерісіне сандық технологияларды интеграциялау
Шетел тілі (кәсіби)
Ғылым тарихы мен философиясы
Монументалды-сәндік кескіндемені оқытудағы ғылыми-практикалық әдістердің төлсипаты
ЖОО-да графиканы оқытудағы ғылыми-практикалық әдістердің төлсипаты
Art және жасанды интеллект
Жоғары мектептің педагогикасы
Ғылыми зерттеудің тұжырымдамасы
Өнертану методологиясы және заманауи гуманитарлық зерттеулердің жаңаша тәсілдері
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік стильдің эстетикасы
Шетел басылымдарына ғылыми мақалалар жазудың принциптері мен әдістері
Креативті қызметтегі маркетингтік стратегиялар
Өнер саласындағы жобаларды басқару
Өнердегі креативті ойлау
-
2 Оқу жылы
Өнертану контекстіндегі көркем сын
Заманауи жаһандық әлемдегі қазақстандық бейнелеу өнерінің байланысы
Қазақстанның монументалды-сәндік өнеріндегі дәстүр мен жаңашылдық
Станоктік пен кітап графикасындағы ұлттық фольклордың интерпретациясы (авторлық курс)
Өнер психологиясы
Қазіргі контекстегі әлемдік өнердің көркемдік түсініктері
Шығармашылық психологиясы
Диссертациялық зерттеу шеңберіндегі монументалды кескіндеменің жобасын жасау
Әлемдік өнердің мәдени ландшафттары
Көркем сынның өзекті мәселелері
Графикадағы композициялық талдаудың құрылымы
Монументалды композициядағы жаңаша көркемсуреттік бетбұрыстар
Оқыту нәтижелері
- Станоктік және кітап графикасы туындыларындағы композициялық шешімдердің көркемсуреттік тәсілдері мен бағыттарын ажыратады. Станоктік және кітап графика туындыларын жасау бойынша мемлекеттік және жеке тапсырыстарды орындау кезінде кәсіби ғылыми-шығармашылық қызметті орындайды. Станоктік және кітап графикасынан қайталанбас авторлық туындыларды жеке қолтаңбасымен жасауға қабілетті
- Педагогикалық және басқару қызметі шеңберінде өзіндік идеяларды қалыптастыру мақсатында креативтік ойлау әдістерін қолданады. Қазіргі бейнелеу өнерінің даму тенденцияларын талдап анықтайды. Әлемдік өнер тарихының ғылыми тұжырымдамалары туралы түсініктері бар. Сандық технологияларды өнер саласындағы білім беру үдерісіне қосады. Инновациялық білім беру технологияларының интерактивті құралын жасайды
- Отандық кескіндеме дамуы саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қабілетті. Бейнелеу өнері саласында республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсында және жас ғалымдардың конференциясында қатысушы станоктік графика және басқа да туыс мамандықтардың студенттеріне ғылыми жетекшілік жұмысын жүргізе алады.
- «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» мемлекеттік жобасының шеңберінде шетелде қазақстандық өнерді насихаттайтын отандық суретшілердің станоктік және кітап графикасы туындыларын талдап салыстырады. Отандық өнер тарихының ережелерін әлемдік ағымдар мен жаһандану жағдайындағы қазақстандық қоғам мәнмәтінінде жіктейді. Қазақстанның станоктік және кітап графикасындағы ұлттық фольклордың интерпретациясын зерттейді, аймақтық ерекшеліктер мен авторлар арасынан жаңа есімдерді анықтайды. Жаһандану әлеміндегі станоктік және кітап графикасындағы ұлттық фольклордың интерпретациясын анықтайды. Әлемдік бейнелеу өнері аясында станоктік және кітап графикасының даму келешегін болжайды
- Өнертанушылық зерттеудің әдіснамалық негіздерін анықтайды. Өнер тарихы саласында жаңа қолданбалы білімді құру дағдыларына ие. Сынның көркемсурет мәдениетіндегі рөлін анықтайды. Отандық және шетелдік сында көркемсурет мектептерін қалыптастыру мәселелерін жіктейді.
- Станоктік және кітап графикасынан ЖОО-да оқытудың қажетті білімі мен әдістемелерін игерген. Болашақ маманның кәсіби іс-әрекетінің субъектісі ретінде кәсіби даярлаудағы пәндік білім берудің рөлін түсінеді. Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып, станоктік және кітап графикасы саласындағы өзінің кәсіби қызметін талдайды
- Жоғары мектеп педагогикасының жалпы мәселелерін, оның әдістемелік және теориялық негіздерін, талдаудың заманауи технологияларын игерген. Оқу-әдістемелік жұмыс жүргізіп, «Графика» білім бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында оқытушылық қызметке дайын. Өнердегі сыни ойлаудың әдістері мен құралдары туралы алған білімдерін пайдалана отырып, жоғары оқу орындарында педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметіне даяр.
- Кәсіби шетел тілін игеріп, кәсіби шетелдік дереккөздермен жұмыс істеу қабілеттілігі болады. Халықаралық кәсіби ортаға бейімделіп, шетел тілін мәдениетаралық қатынас ретінде пайдалануға қабілетті. Өнер саласындағы ғылымның дерекқорларын пайдаланады, өздігінше зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін ғылыми мақалалар түрінде жазып, халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес ресімдеп жариялайды
- Басқарудың отандық және шетелдік психологиясының, менеджмент психологиясы мен ұйымдастыру психологиясының заманауи аспектілерін салыстырады. Сөз техникасы мен көпшілік алдында сөйлеуді және шешендік өнерді игерген, пікір таласты жүргізуге қабілетті, тілдесудің вербалды немесе вербалды емес түрлерін пайдалана біледі. Өнер саласында жобаларды басқарады, басқару технологиясы бойынша менеджмент тарихын біледі, шығармашылықтағы психологиялық маңызды мәселелер мен үдерістерді талдайды.
- Ғылымның тарихы мен философиясы қалыптасуының сұрақтарын, оның өзекті мәселелерін, ғылыми қызметтің ұстанымдары мен әдістерін, мәдениет ырғағындағы ғылым дамуының құрылымы жөнінде пікір талас жүргізеді. Ғылымның концепциясы мен даму модельдерін, әдістемелік ұстанымдарын, жеке өзінің ғылыми зерттеу нәтижелері құрылымы мен безендіруін игерген. Ғылыми зерттеу әдістерін, ғылыми-танымдық қызметтің негізгі категорияларын, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздерін ажыратады.