Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты мемлекет пен қоғам талап ететін және ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйелерін ұйымдастыруға және жұмыс істеуіне қатысуға, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне сәйкес басқаруды жетілдіруге қабілетті, ұйымдық-басқару қызметі саласында іргелі білімі мен құзыреттілігі бар бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды сапалы дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • облыстардың, аудандар мен қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларын әзірлеуге қатысу және өз қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану
  • ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын белсенді пайдалану, ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істеу
  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін реттеу, сондай-ақ экономикалық жобаларды іске асыру үшін құрылған топта қызметті ұйымдастыру, әріптестермен кооперацияға, ұжымдағы жұмысқа дайын болу, ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерін табу және олар үшін жауапты болуға дайын болу
  • шаруашылық субъектілердің, өңірдің, елдің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті қаржылық, бухгалтерлік, статистикалық және өзге де ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру және алынған мәліметтерді мемлекеттік басқару шешімін қабылдау үшін пайдалану
  • қаржылық, материалдық, еңбек, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, жоспарлау, бақылау және ұйымдастыру саласы бойынша білімін көрсету, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі негізінде мемлекеттік реттеу және басқару саласында озық, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жобалау және басқару процесін біріктіру
  • ұсынылатын басқару шешімдерінің нұсқаларын бағалау және әлеуметтік-экономикалық тиімділік, тәуекелдер мен ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарларды ескере отырып, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды негіздеу
  • жағдайды дұрыс талдау және креативті, инновациялық ұсыныстар енгізу үшін мемлекеттік және жергілікті басқару саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер мен этикалық талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметтің имиджін ілгерілету үшін келіссөздер мен іскерлік хат алмасуды жүргізу
  • әлеуметтік-экономикалық мәселелерді анықтай алу, мақсаттарды айқындау, баламаларды бағалау, бақылау, шешімнің оңтайлы нұсқасын таңдау, қабылданған басқарушылық шешімнің нәтижелері мен салдарын және сандық сауаттылықты бағалау
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын негіздеуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік стратегияларды, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, сонымен бірге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды әзірлеуге қатысу
  • барлық халық шаруашылығының тиімді теңгерімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикалық және әкімшілік әдістермен макроэкономикалық процестерді реттеу
  • шаруашылық қызметтің құқықтық, әлеуметтік, этикалық және мәдени аспектілері бойынша білімін көрсету, экология, денсаулық сақтау және тіршілік қауіпсіздігі мәселелерінде хабардарлықты корсету, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау; қазіргі әлемге бейімделу, сыни тұрғыдан ойлай білу, физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, Қазақстанның тарихи және экономикалық дамуының өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсету;
Top