Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01440 Дене шынықтыру және спорт в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
  • Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, формальды, бейресми,бейформалды кәсіби үздіксіз білім беруді жоспарлау
  • Белгісіздік жағдайында зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдылар мен жұмыс дағдыларын пайдалану.
  • Дене шынықтыру қозғалысының әртүрлі буындарында, дене шынықтыру мен спортты бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуде, дене шынықтыру мен спортты басқаруда, жоспарлауда, болжауда, дамытуды үйлестіруде ұйымдық-бұқаралық жұмысты қолдану
  • Спорттық құрылыстардың, тренажерлардың, спорттық жабдықтардың, мүкәммалдың, бақылау-өлшеу аспаптары мен өлшеу құралдарының техникалық қауіпсіздігін және пайдалану қағидаларын сақтау
  • Академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Тәрбие жұмысының әдістемесі мен қазіргі заманғы тәрбие тұжырымдамаларына сүйене отырып, білім алушылардың оқу - танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару
  • Оқытудың тиімді әдістемелері мен оқытудың оқу жетістіктерін бағалау құралдары негізінде сабақ өткізу кезінде білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру
  • Физиологиялық, психологиялық дамуды ескере отырып, оқушылардың физикалық, техникалық, тактикалық және моральдық - еріктік дайындығын дамыту
  • Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтай отырып, мәдени және тарихи мұраға ашықтықты көрсете отырып, адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес кәсіби қызметті ұйымдастыру
  • Денеге күш түсірудің қатысушылардың денсаулығы мен функционалдық жағдайына әсерін бағалау үшін биомедициналық бақылау әдістерін қолдану
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми эксперименттік зерттеулер әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби, экономикалық дамуын көрсету
Top