Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 Биология в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Биология бойынша жаратылыстану ғылыми материалды құрылымдау және биологияны оқыту процесін жобалау. Биология және сабақтас ғылымдар саласындағы ғылыми контентті сыни тұрғыдан бағалау, оларды трансформациялау бойынша идеялар ұсыну.
  • Ихтиофауна, герпетофауна, орнитофауна және сүтқоректілер фаунасының ресурстық маңызы туралы білімді меңгеру. Қазақстанның жануарларының аса маңызды өкілдерінің биоалуантүрлілігін, экологиялық жай-күйін және маңыздылығын сипаттау.
  • Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі механизмдерін түсіндіру; деректерді статистикалық талдау, биологиялық және экологиялық процестерді болжау және модельдеу әдістерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қолдану. Тірі организмдердің жеке және тарихи дамуының негізгі заңдылықтарын дәлелдеу.
  • Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен критериалды бағалаудың заманауи технологияларын қолдану.
  • Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің әртүрлілігі мен таксономиясы туралы ғылыми түсініктерді, адам ағзасы мен жануарлар туралы тұтас жүйе ретінде білімді көрсету. Өсімдіктер мен жануарларды анықтау әдістемесін, натуралистік жұмыс және табиғатты қорғау қызметі дағдыларын меңгеру.
  • Қазақстан өсімдіктерінің ресурстық маңызы туралы білімді меңгеру; өсімдіктердің әртүрлі топтарының жасушалары, ұлпалар мен вегетативтік мүшелерінің әралуандылығын сипаттау; өсімдіктердің морфологиялық құрылымдарының эволюциялық мәнін бағалау. Ландшафт композицияларын құру үшін жобалық-жоспарлау шешімдерін бейнелеу дағдыларын дамыту.
  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Теориялық пәндер бойынша білімді көрсету және оларды кәсіби қызметте қолдану; өз бетінше жоспарлау және ғылыми-зерттеу эксперименттерін жүргізу дағдыларын бекіту.
  • Мектептегі биология бойынша оқу-тәрбие процесін тиімді жүзеге асыруға, өзінің педагогикалық қызметінде дербестік пен шығармашылық көзқарасты қамтамасыз ететін әдістемелік білім мен білік жүйесін меңгеру. Биология дамуының заманауи үрдістеріне сәйкес жаңа контекстке бұрын алған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру және өзінің кәсіби қызметінде пайдалану.
  • Заттардың негізгі қасиеттері мен құрылымдары, химиялық реакциялар заңдылықтары туралы теориялық білімді қолдана отырып, тірі ағзаның химиялық табиғатын түсіндіру.
Top