Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ISO 14000 талаптарына сәйкес өнім (қызмет) өндірудің ресурс үнемдеуші, энергия үнемдеуші және табиғат үнемдеуші технологиялық процестері мен режімдерінің экологиялық-экономикалық тиімділігін бағалау;
  • Инспекциялық бақылау нәтижесі бойынша ҚР және ЕАЭО техникалық реттеу саласының ақпарат ресурстарымен жұмыс істеу үшін заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, құжаттардың барлық түрін рәсімдеу;
  • Сапасы төмен өнім шығару және дефект санын азайту шараларын әзірлеу бойынша өнім ақауы себептерін зерттеу үшін физика-химиялық әдістер мен математикалық статистика аппаратын қолдану;
  • ISO, IEC ТК/ПК, МАК CTN/CENELEC-тің ең үздік қолда бар технологиялары мен негізін қалаушы құжаттарын өндіріске енгізу арқылы зертхана аралық салыстырмалы сынақтардағы (сараптама) өлшеу техникасының жағдайын метрологиялық және техникалық бақылауды жүзеге асыру;
  • Стандарттау саласында халықаралық ынтымақтастықты іске асыруға арналған ҚР Мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес техника-экономикалық ақпарат классификаторлары мен мемлекеттік стандарттар, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен оларға енгізілген өзгеріске сараптама жүргізу;
  • ГОСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 талаптарын іске асыру үшін ҚР аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сынақ орталықтары мен зертханаларының сәйкестігін растау органдарын акрредиттеу мен аттестаттаудан өткізу;
  • Өнім, процесс және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау-өлшеу жабдығын пайдаланып, зертханалық-техникалық сынақ жүргізу;
  • Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар негізінде өнімділігі жоғары, қалдықсыз және табиғатты қорғау технологияларының қызметтері мен өнімдерінің қасиеттері туралы шынайы ақпарат алуға арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың автоматтандырылған дерекқорын әзірлеу және каталог тізімін жасау;
  • ISO 9000 стандарттар серия базасы негізінде өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын жақсарту үшін белгілі бір қызмет саласындағы міндетті стандарт талаптарының сәйкестігін бағалау негізінде ұйымның (кәсіпорынның) сапа менеджменті жүйесіне аудит жүргізу;
  • Ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру және қолданыстағы құқықтық нормалар аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық және әлемдік философия тарихының заманауи мәселелерін білуді кәсіби қызметте қолдану.
  • Сынақ зертханалары, сәйкестікті растау орталықтары мен органдарының кәсіби қызметі саласында квалиметриялық талдау негізінде өнім, қызмет және процесті сертификаттау сызбалары мен сатыларын тәжірибеде қолдану;
  • Техникалық реттеу саласында консенсус негізінде электронды дерекқор мен құжаттарды пайдалана отырып, стандарттау бойынша ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық техникалық комитеттердің шешімін жүзеге асыруға арналған нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Top