Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының мақсаты стандарттау, сертификаттау және метрология, аккредиттеу саласында бәсекеге қабілетті, тауарлар мен қызметтерге сынақ және сараптама жүргізуге құзыретті, сәйкестікті растайтын, Жамбыл өңірі мен ел экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кәсіпкерлік ойлауы бар, кәсіби стандарттардың, институт миссиясының және ұлттық экономиканың талаптарына жауап беретін мамандарды даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Тауарларды және қызметтерді сараптау негіздері
Азық-түлік тауарларының тауартануы және сараптауы
Стандарттау және сертификаттау
Азық -түлік емес тауарларының тауартануы және сараптауы
Инженерлік графика
Өлшемдердің жалпы теориясы
Компьютерлік графика
Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім модулі (Экономикалық теория және кәсіпкерлік негіздері/ Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет/ Экология/ Тіршілік қауіпсіздігі/ Ғылыми зерттеу әдістері)
-
2 Оқу жылы
Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері және патенттану
Химия
Зияткерлік меншікті қорғау
Метрология
Органикалық химия
Физика
Математика
Тауарларды талдаудың физико-химиялық әдістері
Шикізат және дайын өнімдердің қасиеттерін зерттеу әдістері
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Кәсіби бағытталған шетел тілі
-
3 Оқу жылы
Материалтану
Материалдардың сапасын қамтамасыз ету
Өнім сапасын және процестерді басқаруды бақылаудың статистикалық әдістері
Квалиметрия
Өлшеу және бақылау құралдары мен жабдықтарын аттесттаттау, сертификаттау
Әр түрлі салалардағы өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдары
Бақылаудың статистикалық әдістері
Өнеркәсіпті метрологиялық қамтамасыз ету
Өнім өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
Теориялық инновация
Композит материалдар технологиясы
Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу
Сапа жүйесі
Сынау орталықтарын аккредиттеу
-
4 Оқу жылы
Сапаны конструкторлық-технологиялық тұрғыда бақылау
Өндірістік бақылау
Негізгі қауіпсіздік стандарттары
Өнімдер мен қызметтердің сапасын басқару
Стандарттар мен нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу
Кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға арналған халықаралық сапа стандарттарын ендіру
Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі
Сапаны басқару
Өнімнің гигеналық негізі
Технологиялық процестерді модельдеу және тиімділеу
Халықаралық стандарттау және сертификаттау
Сапаны инженерлік тұрғыдан қамтамасыз ету
Сапа аудиті
Өнімнің сапасын қамтамасыз ету
Креативті сапа менеджментін бақылау және бағалау
Нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу технологиясы
Өңдеу өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерін стандарттау және сертификаттау
Кәсіпорында сапа бойынша халықаралық стандарттарды енгізу
Тұтыну тауарларының қауіпсіздігі
Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын арттырудың креативті қорларын сәйкестендіру/
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кеңістіктер мен компьютерлік-графикалық жүйелерді геометриялық модельдеу әдістерінің көмегімен инженерлік ойлауды қалыптастыруға, материалдардың мақсаты мен қасиеттерін, оларды қолдану саласын білуге; сызбалар мен эскиздерде әртүрлі геометриялық пішіндерді бейнелеу қабілетіне ие болуға; сызбаларды оқуға қабілетті.
- Кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жаратылыстану пәндері саласында базалық білімге ие бола алады; зерттеу нәтижелерін математикалық статистика әдістерімен талдай алады; физика мен химияның негізгі заңдарын пайдалана отырып, инженерлік-техникалық есептерді шешудің математикалық әдістерін қолдана алады.
- Кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін жобалауға және енгізуге, стандарттар жобаларын дайындауға техникалық тапсырмалар жасауға, стандарттар жобаларына, техникалық шарттарға, стандарттау жөніндегі құжаттарға сараптама жүргізуге және олардың қолданыстағы заңнамаға, техникалық регламенттерге сәйкестігін бағалауға, конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамаларын жасауға қабілетті.
- Стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу, бекіту, жаңарту және енгізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттама саласындағы білім мен түсініктерді көрсетуге, Стандарттау, сертификаттау және халықаралық басқару жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеулер мен бағалауды жүргізуге қабілетті.
- Өнімнің, қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге, өнімнің және технологиялық процестердің өлшенетін және бақыланатын параметрлерінің номенклатурасын айқындауға, кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз етуге, нормативтік бақылауды жоспарлауға және жүргізуге жұмсалатын шығындардың шамасын айқындау үшін негізгі қағидаттар мен қағидаларды қолдануға қабілетті.
- Салалар бойынша стандарттау мен сертификаттаудың заңнамалық және нормативтік базасын салыстыруға, аудит жүргізу қағидаттарын баяндауға, аккредиттеудің негізгі қағидаларын, талаптары мен процесін түсіндіруге, сәйкестікті және сапа жүйелерін растауға қабілетті.
- Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін олардың қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі тұрғысынан сипаттауға, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдауға; еңбекті қорғау мен экологияны микро деңгейде басқару бойынша оңтайлы шешімдерді ұсынуға, ойлау мәдениетін меңгеруге, жалпылауға, талдауға, ақпаратты қабылдауға қабілетті.
- Тауарларды жіктеу және кодтау әдістерін, өнім сапасына сараптаманы қолдануға, сапаны бағалауға, ақауларды диагностикалауға, таңбалау ережелеріне, шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың физика-химиялық талдауларын жүргізудің негізгі әдістерін меңгеруге қабілетті. өлшеу құралдарын сынау және бақылау әдістемелерін әзірлеу.
- Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін іскерлік және оқу-ғылыми, кәсіби ауызша және жазбаша сөйлеу, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде іс жүргізу дағдыларын көрсетуге қабілетті; логикалық тұрғыдан дұрыс, дәлелді түрде ауызша сөйлеу құра алады, ойлау нәтижелерін дұрыс жазбаша ресімдей алады.
- Сынау бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуге, өнім/қызмет сынақтарын жоспарлау мен орындауға, Техникалық реттеу, стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдіруге; данных саласындағы негізгі үрдістерге ие болуға, деректер базасына арналған желілік және веб - қосымшаларды әзірлеудің негізгі тұжырымдамаларын ұсынуға қабілетті.
Ұқсас БББ
6B07501 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалары бойынша)
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)
6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті