Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M09101 Жануарлар ауруларын балау, емдеу және алдын алу в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ғылыми танымының жоғары деңгейіне ие және алған білімдерін өндірістік, ғылыми-зерттеу және педагогикалық салаларда іске асыруға қабілетті ветеринариялық бейіндегі жоғары білікті мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M138 Ветеринария
  • Білім беру саласы 7M09 Ветеринария
  • Дайындық бағыты 7M091 Ветеринария

Пәндер

  • Тәжірибелік терапия

    Жануарлардың жұқпалы емес этиологиядағы аурулары кезінде диагностикалық, емдік және профилактикалық іс-шараларды жүргізудің тәжірибелік дағдыларды айқындайды. Жануарлар ауруларын диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологияларын қолдану және ықтимал нәтижені болжау білімі мен дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жануарлардың трансшекаралық және трансмиссивтік инфекциялық аурулары

    Жануарлардың өзекті трансшекаралық және трансмиссивтік ауруларын зерттейді, трансшекаралық және трансмиссивтік сипаттағы ауруларды балау, мониторингілеу, дауалау және жою шараларын ұйымдастырудың теориялық, тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерде жеке зияткерлікті қорғау

    Қолданыстағы заңнама негізінде ғылыми зерттеулерде авторлық құқықты, патенттік құқықты, әзірлеу құпиясын қорғау мәселелерін қарастырады. Патенттік зерттеулер жүргізу, интернет желісінде зияткерлік зерттеулерді қорғау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринариялық медицинаның заманауи мәселелері

    Республиканың азық-түлік қауіпсіздігіндегі ветеринарияның жағдайын, құрылымы мен рөлін, жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын диагностикалаудың, алдын алудың және емдеудің заманауи әдістерін зерттейді. Ветеринариялық медицинаның қазіргі заманғы өзекті мәселелері бойынша, оларды жоюдың ғылыми негізделген тәсілдері арқылы шешім қабылдау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Төл ауруларын диагностикалау мен емдеудің инновациялық тәсілдері

    Төлдердің жұқпалы емес этиологиясының патологиялары кезінде этиопатогенездің және емдік-профилактикалық шаралардың теориялық және тәжірибелік негіздерін қалыптастырады. Төл ауруларының байқалуының, олардың өсуі мен дамуының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен корреляциялық байланысын анықтайды, ветеринария саласындағы ғылымның инновациялық жетістіктері контекстінде диагностика мәселелері мен зерттеу әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эксперименттің теориясы мен әдістері

    Ғылыми экспериментті ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастырады, зерттеу әдістерін таңдауды негіздеуге мониторинг және әдіснамалық тәсіл мәселелерін зерттейді. Ғылыми тәжірибені қою кезінде теориялық және практикалық білімдерді ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін негіздей отырып біріктіреді және оларды түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Реконструктивті-қалпына келтіру хирургиясы

    Организмның қалыпты және түрлі патологиялық жағдайларында онто-және филогенездегі тірек-қимыл жүйесінің жалпы заңдылықтары туралы ғылыми білімді қалыптастырады. Диагностикалау және жануарларға травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетуде теориялық және тәжірибелік білімді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Патенттану және интеллектуальды құқығын қорғау

    Зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғау, патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізу және өнертабыстарға ұлттық және халықаралық өтінімдер жасау салаларындағы білімдерін жинақтайды. Өнертабыс нысандарын, шығармашылық ойлауды түсіндіру дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ветеринариялық травматология

    Ветеринариялық травматология саласындағы теориялық және тәжірибелік біліммен қамтамасыз етеді, жарақаттанған жануарларды диагностикалау мен емдеудің заманауи, ғылыми негізделген әдістерін қолдана отыра дәрігерлік ойлаудың дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы және философиясы

    Зерттеуге әдістемелік және диалектикалық көзқарас дағдыларын қалыптастырады, философиялық білімді жинақтайды, тарихи даму мәселелері мен құрылымын зерттейді, ғылыми танымның заңдылықтары мен тенденцияларын талдайды, ғылыми - зерттеу жұмысының нәтижелілігін жүйелейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жануарлардың жұқпалы ауруларын эпизоотологиялық бақылау және болжау

    Індеттанулық мониторинг жүргізу және жануарлардың инфекциялық ауруларының пайда болуын болжау әдістерін зерделейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, жануарлардың инфекциялық ауруларының пайда болуы мен таралу қаупін талдау және бағалау дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қарқынды мал шаруашылығындағы зат алмасу аурулары

    Жоғары өнімді малдардың ең жоғары физиологиялық шиеленіс кезеңдерінде метаболизмнің әртүрлі түрлерін біріктіру үшін оларды азықтандыру және ұстау стратегияларын зерттейді. Қарқынды мал шаруашылығында кетоз, ацидоз, остеодистрофия, тұяқ аурулары мен көбею аурулары кездерінде оларды алдын алу шараларын әзірлеу бағытында тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Психологиялық заңдар мен басқару заңдылықтары мен еңбек сапасын зерттеу арқылы адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін басқару дағдыларын қалыптастырады, ғылыми негізделген шешімдер қабылдау, басқа адамдардың іс-әрекеттерін құрылымдау, ұйымды басқару қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Табын денсаулығын басқару негіздері

    Табын денсаулығын басқару, өнімді жануарлардың биоқауіпсіздігі мен гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету салаларындағы білімді қалыптастырады. Мал шаруашылықтарында ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуді, азықтандыруды және бағып күтуді ұйымдастыру дағдылары мен икемдерін айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша білім алып жатқан магистранттарға жоғары мектеп педагогикасының жалпы проблемаларын, әдіснамалық және теориялық негіздерін, оқыту мен тәрбиелеуді талдау дағдыларын, жоспарлау мен ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологиялардың элементтерін түсінуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шет тілі (кәсіби).

    Білім алушылар арасында халықаралық ғылыми қызметке интеграциялануға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілік пен ғылыми жазу мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде шет тілді коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады, мамандық бойынша ғылыми-тұжырымдамалық аппаратты еркін басқаруға, ғылыми-ақпараттық базаны кеңейтуге, кең ғылыми білімді меңгеруге, кәсіби және ғылыми қызметтің перспективалық бағыттарын анықтай білуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жануарлардың жайлылығы және ауруларды алдын алу

    Жануарлардың денсаулығын сақтау мәселелерін, олардың жайлылығына әртүрлі факторлардың әсерін зерттейді. Мал шаруашылығы шаруашылықтарында және елді мекендерде профилактикалық жұмыстың негізгі аспектілерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эмерджентті және ұмытылған паразиттік зооноздар

    Жануарлар мен адамның қарапайым және көп жасушалы паразиттерін, сондай-ақ инвазия қоздырушыларының векторларын қамтитын эмерджентті және ұмытылған паразиттік зооноздардың теориялық және тәжірибелік аспектілері бойынша базалық дайындықты қамтамасыз етеді. Қолданбалы паразитология саласында арнайы дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жануарлардың, құстардың және балықтардың протозооздары

    Жануарлар, құстар мен балықтардың протозооздарын балаудың заманауи паразитологиялық, серологиялық және молекулалық-биологиялық әдістерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Акушерліктегі замануи зертханалық және биофизикалық әдістер

    Акушерліктегі заманауи зерттеу әдістерін қарастырады, акушерлік физиологияны, патологияны диагностикалаудың аспаптарын және клиникалық, зертханалық, биофизикалық әдістерін зерттейді. Аталықтар мен аналықтардың репродуктивті функцияларын, шәуетті зерттеу дағдыларын анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жануарлар мүшелері мен тіндерінің анатомиялық және физиологиялық жағдайы туралы білімді интеграциялау, әртүрлі патологиялар мен зат алмасу бұзылыстарда диагностикалық әдістерді қолдану, ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде дәрігерлік ойлауды меңгеру
  • Жануар ағзасының физиологиялық жағдайын ескере отыра, заманауи биофизикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы, акушерлік патологиялардағы диагностикалық шараларды таңдау үшін қажетті білімге ие болу және зерттеу нәтижелерін түсіндіру
  • Ветеринария саласындағы білімді көрсету, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы ұғымдарды тұжырымдау, ойлау қабілеті жоғары құзыретті тұлғаны қалыптастыру үшін академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын анықтау, академиялық мәтіндерді жазу, рефераттау, зерттеу нәтижелерін құрастыру және ресімдеу әдістерін ажырату
  • Тірек-қимыл ағзалары жүйесінің құрылымының заңдылықтары туралы білімді интеграциялау, жануарлардың әртүрлі жарақаттары кезінде диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолдану.
  • Эксперимент теориясы мен әдістерін ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерімен біріктіру және оларды зерттеу саласын ескере отырып түсіндіру
  • Ветеринариядағы заманауи проблемаларды түсіну және алынған білім мен пайымдауларды пайдалануға байланысты жауапкершіліктің әлеуметтік және этикалық нормаларын ескере отырып, оларды шешудің негізгі жолдарын тұжырымдау
  • Жануарлардың практикалық терапиясын ұйымдастырудың негізгі принциптерін тұжырымдау, өнімді және өнімсіз жануарлардың жұқпалы емес этиологиясы ауруларының терапевтік техникасы мен аспаптық диагностикасының заманауи әдістерін білу, заманауи жабдықты қолдана отырып ветеринариялық манипуляция жүргізу әдістемесін меңгеру және алынған нәтижелерді түсіндіру
  • Жануарлар мен жас жануарлардың жұқпалы емес этиологиясының патологиялары, оның ішінде өнімді малдың метаболикалық бұзылыстары кезінде этиопатогенездің және емдеу-алдын алу шараларының теориялық және практикалық негіздерін тұжырымдау, зертханалық диагностика дағдыларына ие болу және алынған нәтижелерді түсіндіру
  • Зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғау саласында білімге ие болу, патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізу және өнертабыстарға ұлттық және халықаралық өтінімдер жасау
  • Ветеринариядағы құжат айналымының заңнамалық регламенттелуі және номенклатурасына қатысты сұрақтарды кәсіби қызметте қолдану, ветеринариялық іс-шаралардың экономикалық негіздемесін талдау
  • Заманауи ғылымның дамуының негізгі философиялық мәселелерін түсіну және оның ғылымның даму тарихымен байланысын бағалау, жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы туралы білімді шет тілдерін қолдана отырып ғылыми-зерттеу қызметіне біріктіру (кәсіби).
  • Ветеринариялық-санитариялық шараларды ұйымдастрыудың негігі принциптерін тұжырымдау, инфекциялық және инвазиялық этиологиядағы ауруларды дауалаудың әдістерін білу, сондай-ақ осы патологиялар кезінде емдік-дауалау шаралардың әдістемесін ұсыну
Top