Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B06201 Телекоммуникациялық желілер және жүйелер в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Телекоммуникация жүйелері, желілері мен құрылғылары саласындағы техника мен технологиялардың даму деңгейіне сәйкес бәсекеге қабілетті білім деңгейіне, өзекті бағыттар саласындағы дағдылары мен кәсіби дағдыларына ие, республика кәсіпорындарында және одан тыс жерлерде табысты қызмет ету үшін жеткілікті қажетті кәсіби және жеке құзыреттері бар жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B062 Телекоммуникациялар
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Экономика және құқық негіздері
Инженерлік математика
Электр тізбектерінің теориясы 1
Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Ғылыми -зерттеу негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Радиофизика
Кәсіпкерлік құқық
Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Электроника және схемотехника 1
Электр тізбектерінің теориясы 2
Антенді-фидерлі құрылғылар және радиотолқындарды таралуы
Электронды және өлшеуіш техника негіздері
Электромагниттік өрістер мен толқындар
-
3 Оқу жылы
Электрлік байланыс теориясы
Байланыстың бағыттауыш жүйелері
Электроника және схемотехника 2
Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлық техника 1
Байланыстағы кабельдік жүйелері
Телекоммуникациялық және радиоэлектрондық жүйелерді бағдарламалау
Теледидар және радиохабар тарату
Сымсыз байланыс технологиялары
Сигналдарды цифрлық өңдеу
Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлық техника 2
Цифрлық байланыс теориясы
Ұялы байланыс жүйесінің негіздері
Бағдарламалық инженерия
-
4 Оқу жылы
Телетрафик теориясы
Транспорттық байланыс желілерінің технологиялары
Радиоэлектрондық құрылғылардың бұзылуға төзімділігін бағалау
Дестелік және гибридтік коммутация желілері
Радиотаратқыш және радиоқабылдағыш құрылғылар
Жерсеріктік және радиорелелік байланыс жүйелері
Телерадиоэлектрондық құрылғылардың сенімділігі
Деректерді тарату хаттамалары
Интернет заттары
Радиотехника мен байланыстағы қауіпсіздік және басқару
Телекоммуникациялық байланыс желілерін жобалау және пайдалану
Телекоммуникацияның бұлтты технологиялары
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жобалау және монтаждау негіздерін білу, радиотехникалық және инфотелекоммуникациялық құрылғылар мен жүйелерді пайдалануға қабілетті болу, электр тізбектерін есептеудің әдістерін игеру.
- Жаратылыстану-математика ғылымдары мен тарих саласындағы терең білімді меңгеру.
- Кәсіби қызметте қолданылатын ақпараттық және компьютерлік технологиялардың, телекоммуникация негіздері мен элементтер базасының терең білімін меңгеру
- Аналогтық және цифрлық электрондық технологиялар саласындағы терең білім деңгейін меңгеру, схемотехникалық модельдеу тәжірибесі болуы, микропроцессорлық жүйелер саласындағы білімін көрсету және микроконтроллерлерді бағдарламалау дағдыларын меңгеру
- Инфокоммуникация жүйелері мен желілерін жобалау бойынша есептеуді жүргізе білу, қолданбалы компьютерлік бағдарламалардың қазіргі заманғы пакеттерін пайдалану, радиоэлектрондық құрылғылар мен инфокоммуникация жүйелерін модельдеу және жобалау
- Электр және цифрлық байланыс теориясы, деректерді беру сигналдарын өңдеу және түрлендіру құрылғыларының жұмыс істеу әдістері, принциптері туралы білімді меңгеру
- Радиоэлектрондық тізбектер мен сигналдар негіздерін, радиотолқындардың сәуле шығару, таралу және қабылдау білімін меңгеру, антенна-фидерлік құрылғылардың түрлерін ажырату, сымсыз байланыс технологиясын білу және олардың айырмашылықтары туралы түсінікке ие болу, сымды және сымсыз жүйелердегі мәліметтерді таратудың сымсыз желісін есептеуді жүргізе білу
- Радиоэлектрондық және инфокоммуникациялық жүйелерді жобалау міндеттерін шешуде теориялық білімді қолдану
- Радиотехникалық құрылғылар мен инфокоммуникация жүйелерін дайындау және пайдалану кезінде қазіргі заманғы технологиялар, стандарттау талаптары, метрологиялық қамтамасыз ету және тіршілік қауіпсіздігі білімін көрсету
- Ақпаратты ұсыну және құжаттау үшін мемлекеттік тілді және бір шет тілін меңгеру, инфокоммуникациялық технологиялар мен байланыс жүйелері саласына тән нормативтік және құқықтық құжаттарды қолдана білу, жобалық және жұмыс техникалық құжаттамасын оқуға дайын болу
- Білім алушыларда экономика және құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және тіршілік қауіпсіздігі, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылары, ғылыми зерттеу әдістері саласындағы құзыреттерді қалыптастыру.