Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07302 Геодезия және картография в Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы географиялық және жер-ақпараттық жүйелерді, BIM-технологияларды, графикалық, кадастрлық және басқа ақпаратты қазіргі деңгейде дайындау және қолдау тәсілдерін білу
  • Инженерлік құрылыстарды іздестіру, жобалау, салу және пайдалану кезінде Жердің геологиялық құрылысы, метеорология, климатология және гидрология, кадастр негіздері, құрылыстық физика бойынша білімге ие болу
  • Геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық аспаптарды, ғарыштық геодезияның техникалық құралдарын, есептеу техникасын және геодезиялық өлшеу және олардың нәтижелерін математикалық өңдеу үшін, сондай-ақ карталар жасау үшін пайдаланылатын ақпаратты автоматтандырылған өңдеу құралдарын білу
  • Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
  • Заманауи геодезиялық жабдықтармен және құралдармен, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен геодезиялық жұмыстарды істеу дағдысын меңгеру
  • Экономика объектілерінің құрылысын және қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін геодезиялық пландық-биіктік негіздемені құруды істей білу
  • Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жобалау және жүргізу кезінде ақпаратты, инженерлік құрылыстардың деформациясын және жер қыртысының жылжуын геодезиялық бақылаулар нәтижелерін жүйелеу және бағалауды істей білу
  • Мәліметтерді математикалық және статистикалық өндеуді, геодезиялық өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауды IT-технологияларды қолдана отырып орындауды істей білу
  • План мен карталарды жасау және жаңарту, табиғи ресурстар мен объектілердің мониторингісін жүргізу үшін аэрофототүсіріс жұмыстарының кешенін, ЖҚЗ деректерін және аэротүсіріс материалдарын өңдеуді фотограмметриялық әдістермен орындауды істей білу
  • Қазіргі заманғы технологиялар мен бағдарламалық құралдарды пайдаланып, экономика объектілерін геодезиялық және маркшейдерлік қамтамасыз етуде геодезиялық жұмыстардың заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдана білу
  • Ақпаратты талдау, негізделген пікір айту және әртүрлі геодезиялық өлшеулерді жүргізу тәсілдері және оларды қолдану шарттары туралы негізделген қорытынды жасау
  • Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
  • Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау ерекшеліктерін ескере отырып, картографиялық-геодезиялық өндірісті ұйымдастырудың, жоспарлаудың және басқарудың негізгі принциптерін және түрлерін білу
Top