Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01514 Биология ағылшын тілінде в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ғылыми-педагогикалық дүниетанымдарын қалыптастыру үшін биология ғылымы тұжырымдарын қолдану
  • биохимиялық бірлік заңдары мен заңдылықтарын, органикалық дүниенің дамуын, тұқым қуалаушылық, өзгергіштіктің молекулалық негіздерін және генетикалық талдау әдістерін талдай алады
  • жұмыс сапасына және алынған нәтижелердің ғылыми сенімділігіне жауап бере отырып, компьютерлік технологияны (АТ) пайдалану арқылы, нақты мәселелерді шешуде далалық және зертханалық биологиялық зерттеулерді орындау
  • білімдерін өзінің кәсіби өсуі мен биологияны оқытуды жетілдіру үшін әр түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен биологияның озық тұжырымдамаларына негізделген теориялық білімді сыни тұрғыдан таңдай білу
  • тарихтың негізгі кезеңдерін, қазақ халқының мемлекеттілік пен өркениет формаларының эволюциясын тұтас және объективті түрде қамту, ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін білу, академиялық адалдық ұстанымдары мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну
  • инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық проблемаларын түсіне білу, оқу үрдісінде білім алушылардың әртүрлі қабілеттерін ескеру, өмірлік және оқу контекстінде олардың психологиялық әл-ауқатын этикалық тұрғыдан қолдау
  • биология ғылымының негізгі бағыттары бойынша білім мен түсініктерді кәсіби іс-әрекеттерді орындауда қолдану
  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, білімді қалыптастыру үшін ақпарат жинау және түсіндіру, өздерінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық ұстанымдары мен оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау, өздерінің педагогикалық дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя білу
  • заманауи білім беру әдістерін, формалары мен технологияларды, адамгершілік нормаларға сәйкес биологиялық білімді шығармашылықпен пайдалануға негізделген конструктивті шешімдерді таңдайды
  • мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру, одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын қолдану және педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру;
  • қазіргі қоғамның биологиялық дүниетанымын кеңейту және демонстрациялық эксперимент пен практикалық жұмыстарды әзірлеу үшін IT қолдану, аналитикалық және сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу үшін студенттердің мәдениетаралық білімін кеңейте отырып, табиғи пәндерді пәндік-тілдік оқытудың CLIL технологияларын пайдалану
  • биологиядан алған білімдерін тәжірибеде пайдалану үшін жүйелеу және жалпылау, эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін биологиялық процестерді модельдеу
Top