Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01509 Биология (бейіндік) в Yessenov University
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Биология саласындағы жаңа теориялардың заманауи терең білімдерін түсіндіруге және жалпылауға, дербес эксперименттік зерттеулер жүргізуге және жоғары интеллектуалды оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз етуге қабілетті құзыретті, сауатты және дамыған сөйлеуі, гуманитарлық ойлау мәдениеті бар бәсекеге қабілетті магистрлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 93
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M014 Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (кәсіби)
Биоәртүрлілікті сақтау және қорық жұмыстары
Эксперименттік зерттеулердің инновациялық әдістері және коммерцияландыру
Киберпедагогика
Педагогикалық диагностика
Менеджмент
Басқару психологиясы
Адам биологиясының іргелі проблемалары
Биологияны оқытудың инновациялық технологиялары
Жердің тірі қабығы және жаһандық қауіп-қатерлер
Биологиядағы далалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
Жануарлар әлемінің қазіргі заманғы таксономиясының негізі ретінде молекулалық-генетикалық әдістері
STEM - зерттеулер
Биотехнология негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Менеджмент негіздері мен басқару психологиясын, эксперименттік зерттеу әдістерін, оқытудың заманауи әдістерін біліп, шет тілін еркін меңгеру деңгейінде меңгере отырып, еңбек қызметі процесінде кәсіби міндеттерді шешеді
- Кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді қарым-қатынас жасайды, проблемаларды шешеді және басқарушылық шешімдер қабылдайды, педагогикалық ұжымды басқару дағдыларына ие және менеджмент негіздерін біледі
- Биологияны оқыту әдістемесі, пәнаралық оқыту, педагогикалық диагностика саласындағы зерттеулерді жоспарлайды және жүргізеді, зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізеді, алынған нәтижелерді сынақтан өткізеді
- Адамзаттың табиғатты пайдаланудың жаһандық проблемаларын және табиғи экожүйелердің бейімделу жолдарын, қорық ісінің негіздерін, филогенез проблемаларының қазіргі жай-күйін түсіне отырып, тірі организмдердің биоалуантүрлілігін реттеу әдістерін бағалайды
- Таксондардың биологиясы мен гендік жүйелерін, ДНҚ деңгейіндегі құнды гендік нұсқалардың генетикалық әртүрлілікті біле отырып, молекулалық-генетикалық зерттеулердің негізгі әдістерін және олардың ерекшелігін анықтайды
- Биологияны белсенді оқытудың әртүрлі әдістерін анықтайды, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқу сабақтары мен оқу ортасын құрудың формаларын, әдістері мен құралдарын таңдайды
- Далалық және зертханалық жағдайларда биологиялық объектілермен жұмыс істеудің ақпараттық әдістерін таңдай отырып, биология және биотехнология саласындағы эксперименттік зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи зерттеу әдістемелерін қолданады
- Кәсіби даму бағыттарын айқындай отырып, практикаға бағдарланған арнайы курстар білімін қолдана отырып, кәсіби міндеттерді табысты шешу үшін цифрлық және пәнаралық құзыреттіліктерді дамыта отырып, өзінің педагогикалық қызметін рефлексиялауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады