Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Дене шынықтыру және спорт в Қазақ спорт және туризм академиясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие, кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда кәсіби іс-әрекеті жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейде жүзеге асыруға қабілетті, дене шынықтыру және спорт саласында жүйелендірілген білімі бар және кәсіби салада инновациялық технологияларды қолдана алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық және жаттықтырушы кадрларды даярлауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M005 Дене шынықтыру педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу деректерін өңдеу, есептеулерді талдау және алынған қорытындыларды негіздеу үшін эмпирикалық құралдарды меңгеру.
  • ЖОО-да таңдаған спорт түрі бойынша білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет негіздерін, жоспарлау және құжат айналымы әдістерін меңгеру.
  • Спортшылар даярлығының ғылыми мәселелерін және оларды ағзаның жарыс пен жаттығу қызметі барысындағы бейімделу процестерін модельдеу арқылы шешу жолдарын анықтау бойынша кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру.
  • Қазіргі білім берудегі инновациялар мен реформалар, кадрларды даярлаудың көп сатылы үздіксіз жүйесі, жоғары білім беруді және инновациялық жобаларды интеграциялау жөніндегі білімін көрсету.
  • Дайындық бейіні бойынша өзекті ғылыми-педагогикалық мәселелерді анықтау және оларды анатамо-физиологиялық, медициналық-биологиялық, педагогикалық-психологиялық құралдар мен бақылау әдістерін пайдалана отырып шешу.
  • Жас спортшылардың жас ерекшеліктері мен дайындығын ескере отырып, жаттығу бағдарламасын әзірлеу және спортшыларды даярлау үрдісінде стандартты емес мәселелерді шешу.
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы іс-шараларды басқару, жоспарлау және ұйымдастырудағы тәуекелдерді талдау.
  • Университеттегі жұмыстың әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық негіздері және жоғары нәтижелі спорт түрлері бойынша білім, білік және дағдыларды біріктіру.
  • Психологиялық бақылау әдістерін және қызмет барысындағы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын меңгеру.
  • Ғылыми зерттеу әдістерін, педагогикалық- психологиялық қызмет негіздерін және кәсіби салада өзін-өзі жетілдіру үшін шет тілді білім берудің тереңдетілген коммуникативтік дағдыларын меңгеру.
Top