Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01420 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • қазіргі ғылымның тарихи-саяси, философиялық, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық және психологиялық аспектілерінің заңдылықтарын, фактілері мен құбылыстарын, Абайтану ережелерін еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы білім беруді байыту үшін талдау;
  • заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдалану, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде арт-білім беруді дамытудың проблемалары мен перспективалары бойынша өз пікірін дәлелдеу, сондай-ақ зерттелетін салада одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгеру;
  • еңбек және кәсіпкерлік саласындағы оқу-практикалық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі саласындағы талдау әдістерін қолдану, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну;
  • әртүрлі жастағы балалардың физиологиялық дамуы негізінде педагогикалық-психологиялық зерттеулер, өзара іс-қимыл және коммуникация, бағалау және даму негіздерін, сонымен қатар еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы инклюзивті білім беруді меңгеру;
  • оқыту, жоспарлау және жеке оқыту технологияларына, сондай-ақ ресми және бейресми білім беруді, еңбек және кәсіпкерлік саласындағы инновацияларда қолдана отырып, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін білу;
  • сурет, кескіндеме, композиция, өнер тарихы, инженерлік графика және сызба геометрия, әртүрлі материалдарды көркем өңдеу (металл, тоқу, тігін бұйымдарының технологиясы және т. б.), үй және тамақтану мәдениеті, педагогикалық және шығармашылық қызметте дизайн және компьютерлік графика негіздері саласында білім мен практикалық дағдыларды қолдану
  • арт-менеджмент пен кәсіпкерліктің, маркетингтің, жарнаманың фактілері мен заңдылықтарын талдау, оларды мектептің оқу-тәрбие процесінде және өз қызметінде қолдану, сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеуге қажетті оқыту дағдыларына ие болу;
  • педагогика салаларының соңғы жетістіктері негізінде еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы ресми және бейресми білім беру жүйесінде педагогикалық процесті іске асыру;
  • сурет және кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер (түрлері бойынша), мүсін, керамика, дизайн, өнердің цифрлық формалары саласында колористика мен түстану негізінде шығармашылық жұмыс жасау
  • шығармашылық орта құру және оқу-зерттеу жобаларын іске асыру мақсатында еңбекке баулу және кәсіпкерлік саласындағы отандық және әлемдік білім беру әдістері мен технологияларын жалпылау;
  • қолмен және машиналық әдістерді қолдана отырып, жобалау және макеттеу саласында сызбаларды, бұйымдар схемаларын және басқа да графикалық құрылымдарды жасау әдістемесін меңгеру
  • Еңбекке баулу және кәсіпкерлікті оқытудың әлемдік және отандық әдістемесінің соңғы жетістіктерін өзінің оқытушылық қызметінде пайдалану.
Top