Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындығы бар еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау. Лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту, ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Компьютерлік лингвистика
Шетел тілі /кәсіби/
Ғылым тарихы мен философиясы
Басқару психологиясы
Морфемалар жүйесі
Жоғары мектептің педагогикасы
Сыр бойының көркем әдебиеті
Фольклордың тарихилығы
Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесі
Қазақ әдебиетіндегі психологизм
Тілдік мотивация негіздері
Әдістеме ғылымының негіздері
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Дәстүрлі жыраулық мұра және ақындық поэзия
Әлеуметтік лингвистика
Өлең теориясы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Сөз өнеріндегі Сыр өңірі әдебиетінің қосар үлесін айқындап, әдеби талдау жасай алады. Халқымыздың рухани мәдениетi, әдебиетi, жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы жөнінде білім алады.
- Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдерін тілдің жаңа бағыттарымен байланыстыра отырып, тәжірибеде қолдануға қабілетті болады.
- Ғылымның көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде қызмет ететіндігі, ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері, мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым-қатынаста дамитындығы туралы терең білім қалыптастырады.Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін, білім берудің қазіргі парадигмасын, кәсіби білім беру жүйесін, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзіреттілігін, қазіргі педагогика және психология ғылымдарының теориялық негіздерін, басқару психологиясының теориялық-әдістемелік негіздерін игереді.
- Антропоцентристік бағыттағы талдаулар мен парадигмаларды ұштастыра біледі, тұжырымдай алады, сонымен қатар, алған теориялық және іргелі білімдерін практикада және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
- Қазақ көркем сөз өнеріндегі жазушы мен ақынның суреткерлігін, шығармалардағы ішкі психологиялық иірімдерді заманғы әлемдік өркениет талаптарына сай қорытынды жасай алады.
- Қазақ тілін оқыту үдерісіндегі оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін меңгереді. Көркем туындыдағы ұлттық ерекшеліктерді қоғамдық ой-санамен біріктіре зерделей алады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдебиеттанудың, әдістеменің теориялық негіздерін ғылыми тұжырымдармен қорытындылай алады.