Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Болашақ бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі магистрін терең іргелі және кәсіби даярлықты, соның ішінде ғылыми-зерттеу жұмысына даярлықты, талап ететін іс-әрекетке даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M003 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жоғары оқу орындарында дербес әдістемелерді оқытудың ғылыми- теориялық негіздері
Ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелері
Жоғары мектептің педагогикасы
Педагогиканың теориялық әдістемелік проблемалары
Шет тілі (кәсіби)
Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері
Қазіргі білім беру тұжырымдамалары
Жоғары оқу орындарында педагогикалық практиканы ұйымдастыру әдістемесі
Басқару психологиясы
Ғылым тарихы мен философиясы
Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялар
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістемесі
Педагогикалық риторика
Әлем халықтарының салыстырмалы педагогикасы
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау
Зерттеу әдістері
-
2 Оқу жылы
Білім берудегі инновациялық технологиялық-психологиялық аспектісі
Педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы
Жоғары оқу орны оқытушысының инновациялық іс-әрекеті
Педагогикалық пәндердің оқу-әдістемелік кешенін жобалау және жасау әдістемесі
Білім беру мониторингі
Білім беру жүйесін басқару
Бастауыш білім мазмұны
Ғылыми эксперимент нәтижелерін жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Педагогикалық пәндерді оқыту теориясын және оқыту технологиясының ғылыми-теориялық негіздерін біледі, бастауыш оқытуда тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату әдістемесін меңгере отырып, қазіргі талаптарға сай бастауыш мұғалімдерін дайындауда педагогтың жаңашыл бастамаларын қарастыра отырып, бастауыш білім беру мазмұнына талдау жасауға, тәжірибе жинақтау арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу жолдарын айқындауға қабілетті.
- Ғылым мен философияның теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін біледі, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы кезеңдерінің тарихи мәнін түсіне отырып, ғылымды игеруде қажетті шет тілдерінің ауызша және жазбаша формаларын коммуникативті аспектіде және әлеуметтік орта контекстінің кең спектрінде меңгеріп, ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелеріне талдау жасай отырып, педагогиканың теориялық әдістемелік мәселелерін шешуге қабілетті.
- Жоғары мектептің педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі, қазіргі заманғы ұйымда адам ресурстарын басқару заңдылықтарын қарастыратын менеджмент психологиясы туралы тұтас түсінік қалыптасып, педагогикалық қызметте қажетті оқу-әдістемелік кешенін дайындауды және шешендік өнерді меңгере отырып, әлем халықтарының салыстырмалы педагогикасына талдау жасауға және білім беруді басқару, мониторингті ұйымдастырудың жолдары мен оның нәтижелерін бағалауға қабілетті.
- Оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін түсіне отырып, жоғары оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында қажетті білім, білік, дағдыларды және тәжірибені ұйымдастыру әдістемесін меңгереді, білім мен ғылымдағы педагогикалық технологиялардың психологиялық аспектілеріне талдау жасауға және инновациялық технологияларды кәсіби қолдануға қабілетті
- Магистранттардың кәсіби ғылыми-зерттеу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістемесі біледі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру жолдарын қарастыра отырып, нақты жағдайларда фактілерді, ережелерді, теорияларды, тәсілдерді, әдістерді қолданады, ақпаратты талдауға, синтездеуге және магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қабілетті