Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Информатика в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әр түрлі геометриялық кеңістіктік объектілерді құрастырудың тәсілдерін меңгеру; векторлық редакторларда бейнелерді жасаудың, түзетудің және өңдеудің негізгі мүмкіндіктерін меңгеру; компьютерлерді желіге біріктіру; TCP/IP протоколын теңшеу, IP-маршруттауды басқару және желілік операциялық жүйелердің жұмысын ретке келтіру; дербес компьютерлер мен серверлерде, операциялық жүйелерді орнату.
  • Мемлекеттік сектордағы деректерді жинау, сақтау, иеліктен шығару рәсімдерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық базаны меңгеру; моделдердің сандық, сәйкестендіру және оңтайландыру әдістерін қоса алғанда, математикалық модельдеудің әртүрлі әдістерін меңгеру; Web-құжаттарды жасауға гипермәтіндік белгілеу және CSS тілдерін қолдану; навигацияны әзірлеу; эргономиканы (web-usability) ескере отырып, сайтты макеттеу; динамикалық элементтерді әзірлеу; интерактивті web-қосымшаларды құру
  • Ақпаратты жинау, интерпретациялау және ғылыми материалдарды қиыстырып келтіру, теориялық және қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық аппаратты қолдану; есептеу комбинаторикасы және графтар теориясы есептерін шешу үшін Математикалық логика және Жиындар теориясы әдістерін қолдану; бағдарламалау тілінің нормативтік талаптарына сәйкес бағдарламаларды құру және рәсімдеу; зерделенген технологияларды пайдалана отырып web-сервистер, сайттар, порталдар құру; компьютерлік геометрия, растрлық және векторлық графика әдістерін меңгеру, ғылыми зерттеулер әдістері мен академиялық сауаттылықты білу және оларды өз саласында қолдану.
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас жасау; логикалық ойлау және презентация тәсілдерін (формулалар, модельдер, конструкциялар, бағандар, кестелер) қолдану; қызмет, бос уақыт ұйымдастыру және қарым-қатынас жасау үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану; қазіргі әлемге бейімделу, сыни тұрғыдан ойлай білу, физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, Қазақстанның тарихи және экономикалық дамуының өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсету;
  • Электрондық коммерцияның қазіргі заманғы типологияларын, электрондық коммерцияда қолданылатын техникалық және бағдарламалық құралдарды, электрондық бизнеспен байланысты жобаларды әзірлеу саласындағы қызметті меңгеру; фон-Нейман типтес ӘК құру және жұмыс істеу принциптерін; қазіргі заманғы жергілікті есептеу желілерінің (ЖЕЖ) құрылысы, ЖЕЖ топологиялары, ЖЕЖ компоненттері және олардың параметрлері, монтаждау ережелері туралы, қорғалатын ақпараттың таралып кетуіне ықпал ететін техникалық құралдар мен жүйелердегі физикалық процестер туралы білімді меңгеру;
  • Ашық жүйелердің архитектурасы, олардың өзара әрекеттесуінің эталондық моделі туралы, желілер архитектурасының даму тенденциялары туралы білімдерді меңгеру; жергілікті және жаһандық компьютерлік желілердің архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қазіргі заманғы есептеу жүйелерін құрудың теориялық негіздерін, процессор, жад, енгізу-шығару құрылғылары, перифериялық жабдықтар жұмысын бағдарламалық басқару әдістерін меңгеру; интернет желісінде ақпаратты іздеу және қорғау тәсілдерін оқып үйрену; веб-беттер құру
  • Есептеу жүйесінің осы архитектурасына қатысты ақпаратты өңдеу міндеттерін шешу үшін тиімді алгоритмдерді қолдану және құру; ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету әдістері мен құралдарын қолдану; оқытудың дәстүрлі әдістерін жаңа ақпараттық технологиялармен біріктіру; қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен желілік ресурстар негізінде қолданбалы бағдарламалық құралдарды құру;
  • Өз көзқарасын қалыптастыру үшін, әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің базалық білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әр түрлі салаларында жағдайларға баға бере білу; нақты ғылымды зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін пайдалану; тұлғалық және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсету; қазақстандық қоғамның қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларына сүйену, академиялық адалдықтың мәдениеті мен қағидаттарының мәнін түсіну
  • Алған білімдерін ғылыми-зерттеу қызметінде, орта жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарында оқытуда, оқушылармен жұмыстың сыныптан тыс формаларын ұйымдастыруда және жүзеге асыруда қолдану; оқу-тәрбие жұмысындағы инклюзивтік білім беру ерекшеліктерін білу; Интернет желісінде ақпаратты іздеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану, компьютерлік құралдардың көмегімен объектілерді сипаттау үшін әртүрлі ақпараттық құрылымдар құру; ақпаратты құру, жинақтау және өңдеу процестерін зерттеу
  • Информатика сабақтарын өткізудің әдістері мен тәсілдерін, мектепте информатика сабақтарын оқыту аспектілерін, оқытудың әртүрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын ұйымдастырудың, жоспарлаудың және оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін меңгеру, ақпаратты іздеу және сақтау үшін желілік және бұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалану, компьютерлік графика мен мультимедияны өңдеу үшін АКТ қолдану;
  • Компьютерлік желілердің аппараттық және бағдарламалық компоненттерін пайдалану және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; заманауи цифрлық құралдар мен қызметтерді пайдалана отырып, білім беруді цифрландыруды ұйымдастыру;
  • Кәсіби саладағы көшбасшылық пен жетекшілік арасында өзара байланыс орнату, цифрландырудың әлемдік үрдістерін бағалау, үш тілде тұлғааралық қарым-қатынастың тиімді тәсілдерін пайдалану, қаржылық сауаттылық білімін пайдалана отырып, кәсіби ісінде кәсіпкерлік қызметті жоспарлау.
Top