Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04118 Маркетинг в Нархоз Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Көшбасшылық қасиетке, сыни тұрғыдан ойлай алатын, этикалық және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтары бар, маркетингтік қызметті және бәсекелік артықшылықтарды заманауи турбулентті ортада, ұлттық және әлемдік деңгейде басқара алатын кәсіпкер маркетологтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Нархоз Университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M075 Маркетинг және жарнама
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы
Маркетинг-менеджмент (тереңдетілген курс)
Маркетингтегі тереңдетілген тақырыптар
Жоғары мектеп педагогикасы
Ғылым тарихы мен философиясы
Шетел тілі (кәсіби)
Ғылыми зерттеу әдістемесі
Сыни ойлау және шешім қабылдау
Мінез-құлық маркетингі
Қарым-қатынас маркетингі
Үлкен деректерді талдау
Сандық маркетингтік коммуникациялар
Бизнестегі математикалық модельдеу
Жарнамалық менеджмент
Қаржылық менеджмент
Маркетингтік зерттеулер (ілгерілемелі курс)
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жаңа орта мен/немесе анықталмағандық жағдайында құрылымдалмаған мәселелерді кешенді анықтап және оларды шешу жолдарын ұсыну үшін кәсіби деңгейде өзінің білімдері мен қабілеттіліктерін кәсіби деңгейде қолданады.
- Маркетингтегі зерттеу мәселелерін шешу үшін зерттеу әдістемесін анықтайды.
- Оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін таңдай отырып, маркетинг аясында білім беру әдістемесі мен жұмыс тәжірибесін пайдаланып, өзінің зерттеу нәтижелері мен практикалық тәжірибесін шығармашылық негізде өзгертіп, өзіндік жүйелендірілген теориялық білімдерді ашық, бір мағынада және тізбектей баяндау арқылы оқытуды басқарады.
- Ауызша және жазбаша түрде кәсіби және кәсіби емес аудиторияға негізделген өзіндік қорытындылар/пікірлер ұсынады және оларды негіздейді.
- Менеджменттің, маркетингтің және деректерді талдаудың функционалды салаларында соңғы тұжырымдамаларды, парадигмаларды және теориялық әзірлемелерді қолдана отырып, ұйымның маркетингтік тиімділігіне қатысты басқару және көшбасшылық құзыреттерді дамытады.
- Көшбасшылық қабілеттерді дамыту және жұмысшылар арасында өзіндік оқуды және саналы тұтыну мәдениетін дамыту арқылы білімді басқаруды қоса алғанда, корпоративті және тұтынушылық мәдениетті қалыптастырады.
- Өнімнің тұтынушылық құндылығын анықтайды және этикалық ережелерді сақтай отырып, тұтынушылардың мінез-құлқын басқарады.
- Компанияның, өнімнің, брендтің позициялау стратегияларын қоса алғанда, корпоративтік және функционалдық деңгейлерде маркетингтік стратегияларды әзірлейді.
- Сандық маркетинг пен электрондық коммерцияның дәстүрлі және инновациялық құралдарын шығармашылықпен қолдана отырып өнімді өткізу және логистика үдерісін басқарады.
- Тиісті цифрлық технологияларды, құралдарды және теорияларды қолдана отырып, интеграцияланған маркетингтік коммуникацияларды басқарады.
- Әлемдік нарық конъюнктурасын және этикалық стандарттарды зерттеу нәтижелерін қолдана отырып, өзінің экспорттық әлеуетін дамыту және әлемдік нарыққа шығу үшін компанияның бәсекелік артықшылықтарын басқарады.