6B02102 Айтыс өнері в Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи айтыс өнерінің деңгейі мен талаптарына сәйкес өзіндік көзқарасы мен дүниетанымы қалыптасқан, өзін-өзі жетілдіру, өздігінен білім алу дағдыларына ие, практикалық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге бейім, кәсіби-интеллектуалдық әлеуеті жоғары мамандарды дайындау. Болашақ айтыскерлер мен осы салада маман даярлауға қызмет ететін педагогтердің қазақ сөз өнерінің ерекше саласы болып саналатын айтыс жанрының ерекшеліктерін жан-жақты меңгеруіне қажетті жағдайлар жасау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B021 Орындаушылық өнер
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B021 Өнер
Пәндер
-
Сольфеджио теориясы және практикасы І
Студенттердің таза интонациялау, бірден оқу дағдыларын әрі қарай дамыту,музыкалық шығармалардың құрылымы мен мазмұнын түсіну. Музыкалық ойлау дамыту, музыкалық-көркемдік талғамын тәрбиелеу.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 2
-
Сольфеджио теориясы және практикасы ІI
Студенттердің сольфеджиолау, ноталарды дұрыс әндету, ән шығармаларын нота аттарымен айтқызу, ырғақ-өлшемдерді санай білу, есту және есте сақтау қабілеттілігін, бірден оқу дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Несиелер - 2
-
Айтыстың ұлт тарихымен байланысы
«Айтыстың ұлт тарихымен байланысы» курсында студенттерді оның ұлт ретіндегі пайда болу кезеңінен бастап, даму кезеңдерімен таныстыру мақсат етіледі. Халық тарихы мен сөз өнері тарихының сабақтастығы ашылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 4
-
Айтыс мамандығына кіріспе
Айтыс саласы бойынша бастапқы тірек ұғымдар мен салалық терминдердің мәнін функционалдық сауаттылық тұрғысынан түсініп қолдануға бағыт береді. Айтыстың рөлі туралы, мәдени-танымдық аспектілері жайлы білім беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сольфеджио І
Дыбыстарды айтудағы интонация тазалығы, музыкалық шығармаларды талдау, алдын-ала дайындықсыз ноталарды бірден айту және есту арқылы сараптау. Қарапайым музыкалық теориялық білім негіздерін тереңдете оқу....
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Дауыс қою І
Дауыс аппаратын меңгерудің кәсіби жүйе тәсіл-дағдыларын меңгеру. Ән салу техникасын жетілдіру. Орындаушылықтың дәстүрлі түрлерінің тәсілдерін, техникасын игеру. Дәстүрлік мектептердің әндік репертуарын меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Музыка теориясы
Әншілік мектептердегі әйгілі орындаушылардың стильдік шеберлігін ажырата білу және қолдану Орындаушының есту, есте сақтау қаблеттерін дамыту әншілік өнерге құштарлығын арттыруға ықпал ету. Артикуляция және дикция туралы түсінік.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Негізгі aспап І
Қазақ халық аспаптары тарихына шолу. Дәстүрлі музыкалық аспаптар: диапазондық ерекшеліктері, дыбыс айырмашылықтары. Соқпалы-шулы аспаптар топтарын ажырата білу Ішекті-шертпелі аспаптар жүйесін білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Сольфеджио ІІ
Музыкалық есте сақтауды ұйымдастыру, ішкі есту қабілетін дамыту жұмысы, дыбысты таза айту тәсілдерін білу; ноталарды бірден оқып айта алу, қарапайым музыка теориясынан алған білімін қорытындылау,
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Негізгі аспап ІІ
Кәсіби музыкалық аспапта шебер ойнау, музыка мәдениетімен орындаушылық дағдыны қалыптастыру. Орындаушының аспапта техникалық ойнау шеберлігін, кәсіби мүмкіндігін өсіру,
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Айтыс өнерінің тарихы
«Айтыс өнерінің тарихы» пәнінде білім алушыларды оның пайда болуынан бастап, даму кезеңдерімен таныстыру көзделеді. Халық тарихы мен сөз өнері тарихының сабақтастығы ашылады. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері айқындалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дауыс қою ІІ
Дауыс анатомиясы. Әншілік дауыс және дауыс аппаратының ролі. Ауыз мүшелерінің қызметі. Көмейдің қызметі. Жақ, ауыз мүшелерінің дұрыс ашылу жолдары. Диафрагмалық тыныс.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Айтыс өнеріндегі дәстүр сабақтастығы
«Айтыс өнеріндегі дәстүр сабақтастығы» курсында айтыс дәстүрлері туралы әдеби-тілдік -танымдық ақпараттар жүйеленіп беріледі. Айтыс дәстүрлері халықтық педагогика, ұлттық сана, ұлттық код ұғымдарымен бірлікте қарала отырып....
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Айтыс дәстүрлері
«Айтыс дәстүрлері» пәнінде қазақ даласындағы аты мәшһүр айтыс ақындары қалыптасқан тілдік-қатысымдық сипаттағы және саз, мақам тұрғысында қалыптасқан дәстүрлер туралы әдеби-тілдік -танымдық ақпараттар жүйеленіп беріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Құқық негіздері
Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімдерін қалыптастырады. Аталған курстың оқу пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары, дамуы және қалыптасуы, негізгі заң туралы түсініктерді анықтау кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Ежелгі дәуір әдебиеті
«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты студенттің түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін, түркі халықтарына ортақ сақ, ғұн әдеби мұраларының ерекшеліктерін ажырата білуіге .....
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ән айту І
Ән айту барысында дауысты тәрбиелеудің әр түрлі аралас түрлері пайдаланылады, Біреуінде ішпен, екіншісінде кеуде клеткасымен, ал үшіншісінде төменгі қабырға ұлғаяды. Қазіргі ән айту тәжірибесінде ішпен демалудың кең түрі тараған...
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Әдебиеттануға кіріспе
Әдебиеттану ғылымына қатысты теориялық ұғымдар мен категориялар туралы түсінік беру, соның нәтижесінде әдебиеттің дара сипатын, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттерін тануға, көркем шығарма табиғатын түсініп...
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Арнайы аспап І
Зерттеушілер еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгеріп, шәкірттер тәрбиелеу жұмыстары осы пәннің мазмұнына кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Актер шеберлігі І
Бұл пәнде болашақ айтыскерлерге тигізер пайдалы жақтары қарастырылған. Сол себепті «Cахна шеберлігі» немесе «Актер шеберлігі» , «Кім үшін айтам?», «Қалай айтам?» деген сұрақтарды қамтитын өте қажет пән болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
«Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні үздіксіз білім беру жүйесіндегі жетекші сала болып табылады және сол себепті де ол шет тілінің базалық курсын жалғастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мемлекет тарихы және құқық теориясы
Заң ғылымының түсінігі, мәні және мазмұны. Құқық ғылымы жүйесіндегі заң және мемлекет теориясы. Мемлекет пен құқық қалыптасуы. Мемлекеттің түсінігі, мәні және белгілері
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Көне дәуір жәдігерлері
«Көне дәуір жәдігерлері» курсын оқытудың мақсаты Білім алушылардың ежелгі түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін, түркі халықтарына ортақ сақ, ғұн әдеби мұраларының ерекшеліктерін ....
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Айтыс әдебиеттану нысаны
«Айтыс әдебиеттану нысаны» курсында білім алушы әдебиеттану ғылымына қатысты теориялық ұғымдар мен категориялар туралы түсінік түсінік алып, оның көркемдік-эстетикалық қасиеттерін тануға, көркем шығарма табиғатын түсініп.....
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сахна тілі өнері - I
«Сахна тілі өнері-1» курсы бұл – сөзбен әрекет етумен, мәтінді интонациональды-логикалық талдау бағытындағы жұмыс, ұсынылған шартты жағдайды және кейіпкердің негізгі мақсатын анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Айтыс өнерінің техникасы І
«Айтыс өнерінің техникасы І» пәні бойынша сөз өнерінің осы түріндегі сыртқы факторлар мен сөз мазмұнының үндестігі туралы білім беріледі. Атап айтқанда: айтыстағы ақынның сөз саптауымен қатар оның дауыс ырғағы......
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сахна тілі І
Тілдің жалпы нормаларын сөйлеу техникасын меңгеру. Сахналық сөйлеудің қағидалары мен түрлерін меңгеру. Түрлі тілдерді интонациялау өнерін меңгеру. Ән салуда сөйлеу дағдыларын тәжірбие жүзінде қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Актер шеберлігінің техникасы І
Қоюшының ой түйіні негізінде актерлік тәсілдермен көркем бейнелер жасау, бірыңғай көркемдік ой аясында шығармашылық ұжымда жұмыс істеу.Сахналық арандатушылық және оны іс-жүзінде пайдалану тәсілдері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Кәсіпкершілік қызметі негіздері
Кәсіпкершілік болмысы және концепциясы Кәсіпкершілік: түрі, формасы және қоғамдағы даму рөлі Кәсіпкерлік орта Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау тәсілі
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сахна тілі өнері - II
«Сахна тілі өнері - II» курсы бұл – болашақ актердің дауыс айшықтарымен; әріптесіне әр қилы әсер ете білу, кейіпкерлердің қарым-қатынастарын ашып, қаракет мотивациясын табумен жұмыс.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Айтыс өнерінің техникасы ІІ
«Айтыс өнерінің техникасы ІІ» пәнінде қазақ сөз өнерінің дамуына және оның жандануына, жеке жанр ретінде қалыптасуына іргетас болған ұлттық философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі байланысы оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Актер шеберлігі ІІ
Қазақтың актерлік өнері кәсіптік жағынан қалыптасқан, өзіндік сахналық мектебі бар бірнеше буыннан құралады. Айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі әсерлі сөз сайысы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Өнер саласындағы менеджмент
Курс өнер саласындағы басқарудың теориялық негіздеріне және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін білуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сахна тілі ІІ
Актер тіліндегі сөздің пластикалық мәнерлігін, тонның рельефтігін, интонацияның батылдығын және ашықтығын,ырғақтық дәлдігін айқындау. Кейіпкерлердің мінездемесі және іс-әрекетінің мотивациясы, өзара байланысы...
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Актер шеберлігінің техникасы II
Алған біліктіліктерді нақты шығармашылық әрекетте қолдана алу. Рөлге сараптама жасай білу, бейне органикасын табу, өзекті әрекетті анықтау. Саханлық кейіпке ену үдерісінде ішкі және сыртқы сипаттаманы іздеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілi
Курс LSP (арнайы мақсатқа, кәсіби бағдарланған қатынасқа арналған тіл) деңгейінде кәсіби орыс тілін меңгеру үшін шығармашылық мамандықтар студенттеріне арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Айтыс драматургиясы
«Айтыс драматургиясы» пәнінде сахна өнері мен сөз өнерінің арасындағы байланысқа негіздей отырып, айтыскердің көпшілік алдында өзін ұстау мәдениеті, өз ойын, көзқарасын сөз әдебі нормаларына сай жеткізу жолдары....
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ән айту ІІ
Ән айту барысында дауысты тәрбиелеудің әр түрлі аралас түрлері пайдаланылады Дауыстардың ширақтылығы анық дикцияның және байланыстыра айта білудің бұрын меңгерген дағдылары негізінде алынады. өте кең ұғым.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Арнайы аспап ІІ
Арнайы музыкалық аспаптың құрылымы. Аппарат қойылымдары қалыптастыру. Орындаушылық мектептердің қағыс түрлерін білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Қазақ фольклорындағы айтыс
Айтыс – халық ауыз әдебиетінен бастау алатын көне жанрдың бірі. Сондықтан бұл пәнде айтыстың түпкі тамырларын таныту үшін қазақ фольклорындағы айтыстың алғашқы элементтері мен үлгілерін талдату мақсаты қойылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қыз бен жігіт айтысы
«Қыз бен жігіт айтысы» пәнінің басты мақсаты – айтыстың осы түрінің өзіндік ерекшеліктерін таныту, суырып салмалық өнер дағдыларын меңгерту. Қазақ қоғамындағы қыз бен жігіт айтысының қалыптасқан дәстүрлері талданады...
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ ауыз әдебиетіндегі айтыс
«Қазақ ауыз әдебиетіндегі айтыс» курсын оқу барысында білім алушы айтыс – халық ауыз әдебиетінен бастау алатындығына көз жеткізе отырып, оның өте көне жанр екендігін меңгереді. Мұнда әр кезеңдегі сөз үлгілері қамтылған батырлар жырлары..
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ ақындары
«Қазақ ақындары» курсында ежелгі дәстүрлері мен бүгінгі жаңа замандағы жаңарған үрдістер, қазақ ақындарының сөз саптауларын негізге ала отырып, танытылады.. Айтыс ақындарының сөз сайыстарына талдау жасауға үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ән айту шеберлігі І
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген дәстүр сабақтастығы заман ағымына сай арнайы оқу орындары арқылы оқытылатындықтан, дәстүрлі шығармаларды нақышына келтіре жоғары кәсіби деңгейде орындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ақындарайтысы
«Ақындар айтысы» пәнінде қалыптасқан дәстүрлері мен бүгінгі таңдағы жағырған үрдістер танытылады. Ақындар айтысына қойылатын талаптарды, сөз сайысындағы сақталуы тиіс заңдылықтарды, шарттарды меңгерту көзделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Аспаппен сүйемелдеу І
«Аспаппен сүйемелдеу І» курсында студенттерге болашақ айтыскер ақын, үйретуші ұстаз ретінде әртүрлі ұлттық аспаптармен жұмыс жасай алуы үшін теориялық және практикалық білім беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Айтыс поэтикасы
«Айтыс поэтикасы» пәнінде ақындардың сөз шеберлігіне байланысты шешендік сөз үлгілері көіктеуіш құралдардың қолданыс сипаты талданып беріледі. Атыс жанрына тән сөз саптау үлгілері, мақам түрлері мен ой, сөз үндесітігіне байланысты білім беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әдебиет теориясы
«Әдебиет теориясы» пәні түрлі кезеңдердегі тарихынан жан-жақты хабардар ететін, жаңа теориялық ұғымдармен толықтыратын сол арқылы өнер мен әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымның.....
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Айтыстағы махаббат мәселесі
«Айтыстағы махаббат мәселесі» курсында білім алушыларға айтыс түрлері, жанры түсіндіріле келе, айтыстағы махаббат мәселесінің «Қыз бен жігіт айтысында» қалай көрініс табатындығын айтыс мазмұндарын талдата отырып, меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ән және орындаушылық шеберлігі І
«Ән және орындаушылық шеберлігі І» курсында білім алушы дәстүр сабақтастығын жан-жақты меңгере отырып, оны заман ағымына сай өзгерте алу және оның алғашқы нұсқасын бұзбай сабақтастықты сақтай отырып....
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Айтыс шеберлігі І
«Айтыс шеберлігі І» пәнінде сөз мәдениетінің нормативтік сапалары меңгертіледі. Атап айтқанда: сөз дұрыстығын қалыптастыратын лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік нормалардың сипаты ашылып, түсіндіріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қосымша аспап І
Қазақ халық аспаптары тарихына шолу.Дәстүрлі музыкалық аспаптар: диапазондық ерекшеліктері, дыбыс айырмашылықтары. Соқпалы-шулы аспаптар топтарын ажырата білу Ішекті-шертпелі аспаптар жүйесін білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Сахналық айтыс І
«Сахналық айтыс І» пәнінің білім мазмұнында айтыскердің сахна техникасына қатысты көркем қимыл-қозғалыс дағдыларына, жұртшылық алдында қарсыласқа психологиялық соққы беру тәсілдерін меңгертуге мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Айтыстың тіл шеберлігі
«Айтыстың тіл шеберлігі » курсында айтыс ақындарының тіл шеберлігіне байланысты шешендік сөз үлгілері көіктеуіш құралдардың қолданыс сипаты талданып беріледі. Айтыс өнеріне тән сөз саптау үлгілері, өлең сөздің ұйқас түрлері.....
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ айтыс өнері (ХІХ-ХХғ.)
Айтыс тарихының осы кезеңіне сәйкес тарих сахнасында, халық жадында сақталған, айтыстың озық үлгілері мен оны дамытуға қосқан үлестеріне қарай сараланған тұлғалардың қалыптастырған дәстүрлері танытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Аспаппен сүйемелдеу ІІ
«Аспаппен сүйемелдеу ІІ» пәнін меңгеру барысында студент музыкалық аспаптарды қолдана білу шеберлігін меңгереді. Мамандығына сай айтыс ақыны ұлттық аспап домбыраны тарта білуі қажет екендігін түсініп....
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Ән айту шеберлігі ІІ
.Халық әндерінің тартымды келетіні – жүрегіне қона алатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Курстың мақсаты осы айтылғандарды меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Айтыс ХХІ ғасыр
«Айтыс ХХІ ғасыр» курсында студент бұл кезеңнің тәуелсіздік жылдарымен тұстас екендігін меңгере отырып, қазіргі айтыстың даму үрдістері мен бағыттары, рухани жаңғырған озық дәстүрлері мен жаңа заманға лайық қалыптасқан түрлері туралы толық ақпарат алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Айтыс шеберлігі ІІ
«Айтыс шеберлігі ІІ» пәнінде сөз мәдениетінің коммуникативтік сапалары меңгертіледі. Атап айтқанда: сөз шеберлігін қалыптастыратын сөз жүйелігігі, сөз дәлдігі, сөз дәйектілігі, сөз мазмұндылығы, сөз бедерлілігі, сөз көркемдігі, сөз айшықтылығы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ән және орындаушылық шеберлігі ІІ
«Ән және орындаушылық шеберлігі ІІ» курсын оқу барысында білім алушы ән айту мәдениетін меңгереді. Қазақтың халық әндерін орындаудағы ерекшіліктерді, әнді нақышына келтіру шеберлігін, дауыс ырғағын оқып үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Тәуелсііздік кезеңіндегі айтыс
Тәуелсіздік жылдарындағы айтыстың даму үрдістері мен бағыттары, рухани жаңғырған озық дәстүрлері мен жаңа заманға лайық қалыптасқан түрлері туралы толық ақпарат беріледі. әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеру ....
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Айтыс өнерінің құзыреттілігі
«Айтыс өнерінің құзыреттілігі» курсында замануи білім беру тенденциялары мен парадигмалары аясында мәдени-танымдық, мәдни-коммуникативтік, ақпараттық-технологиялық, кәсіби шығармашылық......
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Айтыс және инновациялық технологиялар
«Айтыс және инновациялық технологиялар» курсы заманауи педагогтерді дайындауды мақсат етеді. Курсты меңгертуде әдістемелік бағыттағы теориялық және зерттеу әдістері талданады, меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сахналық айтыс ІІ
«Сахналық айтыс І» пәнінде айтыскердің сахнада көпшілікті билеу тәсілдері мен мәдениетін жетік меңгеруіне қажетті білім беріледі. Байланыс жасау, оларды өз сөзіне иландыру, қолпаштау, қоштау мәдениетіне байланысты сөз орамдарын қолдану....
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ айтыс өнері (ХҮ-ХҮІІІғ.)
Айтыс тарихының осы кезеңіне сәйкес тарих сахнасында, халық жадында сақталған, айтыстың озық үлгілері мен оны дамытуға қосқан үлестеріне қарай сараланған тұлғалардың қалыптастырған дәстүрлері танытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Айтыскердің кәсіби құзыреттілігі
«Айтыскердің кәсіби құзіреттілігі» пәнінде болашақ маман игергуге тиісті кәсіби интеллектуалдық құзіреттіліктер түрі мен оған енетін кәсіби дағдылар мен шеберліктер арнайы оқытылады. Замануи білім беру тенденциялары мен парадигмалары.....
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қосымша аспап ІІ
Сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаңқобыз аспаптарын дұрыс ұстау, демге мән беру, қолдарының қойылымын ретке келтіру курстың негізі болып табылады. Музыкалық қабілетін ұштастыру, аспап сүйемелін жетілдіруге ықпал ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
24. Қазақ айтысының тарихы 1-кезең
«Қазақ айтысының тарихы 1-кезең» курсын оқу барысында студент айтыс өнерінің кезеңдерін меңгере отырып, айтыс тарихының осы кезеңіне сәйкес тарих сахнасында, халық жадында сақталған...
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Айтысты оқыту технологиясы
«Айтысты оқыту технологиясы» пәні болашақ айтыскерлерді дайындау бағытындағы заманауи педагогтерді әзірлеуді мақсат етеді. Пәнді оқытуға қатысты жалпыпедагогикалық, салалық және әдістемелік бағыттағы теориялық меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ айтысының тарихы 2-кезең
«Қазақ айтысының тарихы 2-кезең» курсы бойынша айтыс тарихының осы кезеңіне сәйкес тарих сахнасында, халық жадында сақталған, айтыстың озық үлгілері мен оны дамытуға қосқан үлестеріне қарай сараланған тұлғалардың қалыптастырған дәстүрлерін оқып-үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Педагогика
Педагогиканың мақсат, міндеттері. Педагогикалық жүйе және оның элементтері. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы мен сипаты. Педагогикалық іс-әрекеттер және оның компоненттері. Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Өнер және тәрбие
«Білім және тәрбие» курсының мақсаты, өнер мен тәрбиенің ұштастығын меңгерту. Қазақ мәдениетін танытатын мәдени өнері тәрбие тұрғысынан қалай көрініс табатындығын, тұлғаның дамуына әсер ететін факторларды....
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сөз өнері
«Сөз өнері» курсы бойынша білім алушыларға шешендіктану тарихы, шешендік сөздің тектері мен түрлері, шешенге қойылатын талаптар, шешендік сөздің сапалары туралы білім беріледі. Маман ретінде сөз өнерін меңгеру басты талап екендігі....
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми-зерттеу практикасы
Ғылыми (музыкатану) әдебиеттермен жұмыс істеу әдептері, оны конспектілеу, дипломдық рефераттың тақырыбы бойынша музыкалық материал мен әдебиеттерді іздеу, саралау, т.б. Маман бойынша оқу-әдістемелік мәселелерді зерттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ауызша дәстүрдегі зерттеу әдістемесі
Зерттеу әдістерін таңдау принциптері.Ғылыми зерттеулердің принциптері. Материалды, объектіні, зерттеу тақырыбын анықтау. Эмпирикалық зерттеу әдістері.Теориялық зерттеу әдістері.Тарихи зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Айтыс өнері І
«Айтыс өнері І» атты оқу пәнінің басты мақсаты – болашақ айтыскерлердің сөз өнеріне қатысты ғылыми-әдеби терминдерді меңгерту. Бұл орайда білім алушылар қазақ тілінің көріктеуіш құралдары туралы білім алады.....
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шығармашылық тәжірибе
«Шығармашылық тәжірибе» курсында студенттердің табиғи талантын ұштайтын ұлттық әдеби-музыкалық мұраларға қызығушылығын арттыру жолында іс-тәжірибелік жұмыс түрлері жасалады. Онда: Тәжірибелік жұмыстағы әдістер...
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Айтыстану мәселелерінің зерттелуі
«Айтыстану мәселелерінің зерттелуі» курсы бойынша білім алушы өнер адамы ғана емес сонымен қатар өнертанушы ретінде де өз құзыреттіліктерін жетілдіре алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми-зерттеу негіздері
«Ғылыми-зерттеу негіздері» пәні болашақта зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдіснамалық және әдістемелік тұрғыдағы білім беруді көздейді. Әдіснаманың теориялық жағы бойынша қорытынды шығару жолдары үйретіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әдеби - музыкалық тәжірибие
Білім алушылардың ұлттық әдеби-музыкалық мұраларға қызығушылығын арттыру мақсатында олардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Музыка және әдебиет тоғысында тұлғаның шығармашылық .....
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шешендік өнер
«Шешендік өнер» пәні бойынша білім алушыларға шешендіктанудың дамуы, шешендік өнер тарихы, шешендік сөздің тектері мен түрлері, шешенге қойылатын талаптар, шешендік сөздің сапалары туралы білім беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Айтыскер этикасы
«Айтыскер этикасы» курсында білім алушы болашақ айтыскер ретіндегі өз бейнесін көре алуы, түсіну, кәсіби этиканың қағидаларын сақтауы, жұртшылық алдында сөйленетін сөздің жүйесін білу мен талаптарын орындау қабілеттіліктері дамытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми тәжірибе
«Ғылыми тәжірибе» барысында студент осы кезеңге дейінгі алған теориялық білімін ізденуде, ғылым саласында қолдана алуға жаттығады. Музыка саласын зерттеу қашанда өзекті мәселе екендігін түсіне отырып....
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи айтыс
«Заманауи айтыс» курсын тыңдау барысында білім алушы айтыс өнерін терең тану және оның заманауи технологиямен байланысын көреді. Заманауи айтысқа жататын онлайн айтыстың эстетикалық...
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Айтыс әдебі
Айтыс мамандығын меңгерген түлектің бойында өз мамандығының жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби этиканың қағидаларын сақтау, жұртшылық алдында сөйленетін сөздің жүйесін білу мен талаптарын орындау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Онлайн айтыс
«Онлайн айтыс» пәнінің мақсаты айтыс өнерін терең таныту және оның таралу аймағының аясын кеңейту екенін және оның заманауи технологиямен байланысын көрсету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Импровизациялық өнер
Импровизациялық өнердің табиғатын, ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы , тақырыбын, түрлерін, стильдік табиғатын, біртұтас импровизациялық өнер екендігін игерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сахналық айтысқа дайындық
Айтысқа дайындықтың түрлері: күнделікті дайындық, нақты тақырып бойынша дайындық, кәсіби дайындық. Әр дайындық түрінің мақсаты, сатылары, жүйесі және түпкі нәтижеге жетудің тиімді жолдары туралы ұғымдар беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Айтысқа дайындық түрлері
«Айтысқа дайындық түрлері» курсында болашақ маман күнделікті дайындық, нақты тақырып бойынша дайындық, кәсіби дайындық туралы білуі тиіс және әр дайындық түрінің мақсаты, сатылары, жүйесі және түпкі нәтижеге жетудің ...
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Шығармашылық жобаны дайындау
«Шығармашылық жоба дайындау» пәнінің мақсаты - білім алушыларға жоба түрлері мен оларды дайындау талаптарын меңгерту. Білім мазмұнында шығармашылық жобаның нақты бір идеяға негізделетіні....
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Айтыс өнері ІІ
«Айтыс өнері ІІ» оқу пәнінде сөз саптауда фигураларды меңгертуге басымдылық беріледі. Оған риторикалық сұрақтар,эллипсис, паралеллизм сөз құрау амалдарын теориялық және практикалық тұрғыдан қатар меңгерту көзделеді....
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Айтыс және жоба
«Айтыс және жоба» курсының мақсаты - бұл мамандықты таңдаған студент айтыскер ақын ғана емес сонымен қатар ізденуші, оқытушы, ұстаз, ғалым ретінде де жұмыс атқаратындығы басты назарда ұсталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Суырып салу өнерінің негіздері
«Суырып салу өнерінің негіздері» курсында суырып салу өнерінің табиғатын, ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы шешен-билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлерді, айтыскер ақын болмысын...
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Айтысқа қатысты теориялық білімді орындаушылықта қолдануға қабілетті
- Орындаушылық өнердің кәсіби шеберлігін қалыптастыруға қабілетті
- Дәстүрлі айтыс өнеріндегі стиль ерекшеліктерін ажырата және қолдана білуге қабілетті
- Айтыс өнеріндегі көркемдік ерекшеліктерді, шеберлікті қолдана білуге қабілетті
- Практикалық -орындаушылық шеберлігін тәжірбие барысында іске асыруға қабілетті
- Айтыстағы сөз өнерінің типтерін, түрлерін, олардың қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерін білуге және түсінуге қабілетті
- Айтыс туралы білім беруде педагогиканың қолданылатын әдістерін меңгеріп, қызметте жүзеге асыруға қабілетті.
- Әр кезеңдегі айтыстың тарихын, дамуын меңгеруге қабілетті
- Компьютерлік және ақпараттық технологияларды меңгере білуге қабілетті
- Шығармашылық жобаларды, концерттік бағдарламаларды дайындай білуге қабілетті
- Педагогиканың негізгі қағидаларына сүйене отырып, тұлға тәрбиесіне жеке тәсілдерді қолдануға қабілетті
- Іскерлік және нормативтік-құқықтық ережелерді сауатты қолдануға қабілетті, тиімді және сапалы басқару дағдыларын қалыптастырады, кәсіби қарым-қатынас шартында сөйлеу мінез-құлқы мәдениетін меңгерген.