Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01304 Бастауыш білім көптілділікпен в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұндық компоненттерін жобалайды, дұрыс іскерлік шешімдер қабылдауға қажетті тез өзгеретін экономикалық ақпараттың рөлін түсінеді;
  • оқитын саласындағы озық білімге негізделген білімі мен түсінігін көрсетеді; бастауыш мектептің жаңартылған пәндерінің мәнін, мазмұнын, олардың теориялық, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін бағалайды; математикалық, жаратылыстану-ғылыми, тілдік пәндердің негіздерін пайдаланады; оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды қолданады; оқитын саласындағы туындаған мәселелерді шешеді және аргументтерді тұжырымдайды
  • оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі теорияларын қолданады, оқушылардың субъективтілігін, қарым-қатынасын, адамгершілік пен толеранттылықты, ынтымақтастық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту үшін оқыту мен тәрбиелеудегі әдістемелік тәсілдемелерді қолданады;
  • салауатты өмір салты технологиясын қолданады, студенттерді психологиялық қолдау негіздерін біледі, мәдени қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін орындаушылық, вокалды-хор, көркем әрекет, эстетикалық, рухани сапалар негіздерін игереді; академиялық адалдық мәдениеті мен қағидаларын түсіне отырып сақтайды;
  • психикалық, психофизиологиялық дамудың жалпы, спецификалық және жеке сипаттамаларын және инклюзивті білім беру құндылығын есепке алу құралдарын қолданады;
  • пәндік-тілдік оқыту технологиясын қолдануды ескере отырып, базалық пәндерді ағылшын тілінде оқытумен оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсінеді, ғылыми-әдістемелік және ресми-іскерліктілдік стилінде жазбаша мәтіндерді үш тілде құрайды; қазіргі лингвистика саласындағы теориялық негіздер мен ережелерді практикада қолданады, мақсатты тілдерде: қазақша Т1, орысша Т2, ағылшынша Т3 қарым-қатынас жасауды, тілдік мәдениетті, академиялық салада, сонымен бірге мәдениетаралық өзара әрекеттесу жағдайында жазбаша және ауызша қарым-қатынас жанрларын меңгереді;
  • теориялық білімдерін практикада қолданады, практикалық әрекет саласында педагогикалық шеберлік пен зерттеу дағдыларын дамытады; психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін модулдейді, өнімді жасау үшін гипотезаны, құбылысты немесе оқиғаны жүйелі түрде түсіндіру үшін әртүрлі дереккөздерден ақпаратты талдайды, жинақтайды, шығармашылықпен түрлендіреді, зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін көрсетеді.
  • оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талдауға қабілетті, барлық субъектілердің қызметін бағалай алады, заманауи әдістерді, оқыту технологиясын таңдайды және қолданады, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлайды және өткізеді, кері байланыс алудың әдістері мен құралдарын игереді, рефлексия әдістері мен тәсілдерін қолданады; оқушының көптілді тұлғасын тәрбиелеуде мақсатты түрде оқу-тәрбие үдерісін модельдейді; оқитын саласындағы оқу-тәжірибелік, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімін қолданады;
  • білім беру үдерісінде жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі іс-әрекеттерді, заманауи цифрлық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ұйымдастыру амалдарын қолданады;
  • Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану бойынша білімдерін пайдаланады, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне олардың біртұтастығын көрсетеді; ҚР қолданыстағы заңнамасының ережелерін, адам өмірі қауіпсіздігінің ерекшеліктерін және экология принциптерін қолданады; әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді;
  • Қазақстанның көптілді ортасы жағдайында академиялық және кәсіби өзара әрекет жасауда орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде қазіргі заманғы коммуникативтік технологияларды пайдаланады, көптілді пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесін қолданады; әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгереді;
Top