Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Информатика мұғалімдерін даярлау в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ОН 2. Педагогикалық қызмет туралы тұтас түсінік білімдерін көрсету, олардың қазіргі педагогикалық ғылым мен психологияның теориялық негіздерін игеруі, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау критерийлерін әзірлеу, инклюзивті процестерді ұйымдастыру және басқару әдістерін меңгеру.
  • ОН1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • ОН 8. Компьютерлік графиканың негізгі әдістерін, классикалық электронды схемалардың жұмыс принциптерін, сандық схемотехниканың негіздерін білу. Робототехникалық жүйелерді жобалау әдістерін және бағдарламаларды құру принциптерін, оқу бағдарламалары мен жүйелерін жобалау үшін заманауи аспаптық пакеттерді қолдану. Суреттерді редакциялау, заманауи аспаптық ортада жұмыс істеу, микропроцессорлық жүйелерді әзірлеу, білім беруде Smart құрылғысын пайдалану, кәсіби қызмет мәселелерін шешу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану қабілетін көрсетеді, Lego Mindstorms және Arduino UNO негізінде роботтарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
  • ОН 6. Мәліметтер мен компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік шараларын, қолданыстағы заңдарды, ақпаратты қорғау саласындағы әдістер мен технологияларды білу. Компьютерде жаратылыстану есептерінің сандық әдістерін, компьютерлік модельдеу құралдарын қолдана білу. Математикалық модельдеу мен есептеу экспериментінің рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
  • ОН 4. Сызықтық алгебра, дифференциалдық және интегралдық есептеулер, қарапайым дифференциалдық теңдеулер әдістерін меңгеру; электр, магниттік және электрондық тізбектердің негізгі параметрлерін есептеу және өлшеу дағдылары. Дискретті математика, логика, Ықтималдық теориясы аппараттарын қолдану қабілетін көрсету. Электроника негіздерін білу.
  • ОН 7. Оқу мақсаттарын қоя білу, оқу материалдарын дайындау, оқытудың белсенді әдістемелерін пайдалану, ІТ пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу. Оқу-танымдық үдерістің сапасын қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер мен технологияларды пайдалану, жекелеген оқушылар мен топтар үшін сабақтарды оқыту бағдарламаларын дайындау дағдыларын меңгеру.
  • ОН 3. Жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ коммерцияландыру саласында теориялық білімді, басқару саласында, оның ішінде білім беруде практикалық дағдыларды меңгеру.
  • ОН 10. Әртүрлі бағдарламалық құралдары бар сайттарды бағдарламалаудың негізгі дағдыларын, веб-қосымшаларда пайдаланушылық интерфейсті қалыптастыру дағдыларын, web-сервермен жұмыс істеуді, функцияларды пайдалана отырып сценарийлер жасауды меңгеру; реляциялық деректер базасының құрылымын жобалау, дерекқорды басқарудың нақты жүйесінде дерекқорды іске асыру, дерекқор объектілерін әзірлеу, сұрау салуларды, қажетті нәтижелерді шығару үшін ақпаратты енгізу нысандары мен есептерді жасау, дерекқорды әкімшілендіру дағдыларын меңгеру.
  • ОН 5. Заманауи бағдарламалау тілдерінде әртүрлі есептеу құрылымдарының бағдарламалық кодтарын жаза білу, әртүрлі аспаптық ортаны салыстыру, объектіге бағытталған технология негізінде бағдарламалық өнімдерді жобалау. Бағдарламалау тілінің басқарушы конструкцияларын және олардың жұмыс істеу принциптерін пайдалану дағдыларын меңгеру. Бағдарламалық өнімді құрудың негізгі кезеңдерін, Алгоритмдер теориясын, бағдарламалық жасақтаманы ұйымдастыруды және оның ішкі құрылымын түсіну, алгоритмдік есептерді шеше білу.
  • ОН 9. Бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау және баптау дағдыларын меңгеру, компьютерлік жүйелерді пайдалану мәселелері бойынша пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсету, бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша техникалық және технологиялық консультациялар көрсету. Операциялық жүйелерді қолдана отырып, кәсіби қызмет міндеттерін шешу туралы идеяларын, компьютерлік желілерді қолдау және басқару мен оларды конфигурациялау, Java құралдарының мобильді қосымшаларды әзірлеу мүмкіндіктерін білу.
Top