Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Информатика мұғалімдерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Алгоритмдер теориясы

    Алгоритмдер теориясы пәні студенттердің абстрактылы, алгор-итмдік ойлау мәдениетін қалып-тастыру үшін өте қажет. Бұл пәнде төмендегідей бөлімдер: алгоритм-дердің мазмұнды ұғымы, алгоритм ұғымдарын әртүрлі формальдау тәсілдері және олардың эквивалент-тері, формальды әдістерді бағдарлау, универсальды номерлеу, рекурсивні саналатын және рекурсивні жиын-дар, алгоритмдік шешілетін және шешілмейтін проблемалар, жиын-дардың келтірімділігі, жай және продуктивні жиындар, жиындар баспалдығы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Программалау (Python)

    Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер, Python тіліндегі сандар, сызықты программалау, Python-ның негізгі стандартты модульдері, тармақталу командасы, қайталану командасы, жолдармен жұмыс істеу, тізімдер, сөздіктер, массивтер, функциялар, файлдар мен жұмыс қарастырылады. Графика, графикалық объектілерді салу, объектіге бағытталған программа-лау негіздері, графикалық интерфейс элементтері, Python-ның басқа бағдарламалау тілдерімен бірлесуі, Python тілінің C++, Java, бағдарламалау тілдерімен байланы-стары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Амалдарды зерттеу

    Бұл пәнде aмaлдapды зepттey мәceлeciнiң түpлi мoдeльдepi жәнe oлapды шeшyдiң әдicтepi, coның iшiндe cызықтық eceптepдi шeшy әдicтepi, жоспарлау, үлестіру, тасы-малдау есептері, бүтiн caнды бaғдapлaмaлay eceптepi, cызықты eмec бaғдapлaмaлay eceптepi, жeлiлepдiң (тopaптapдың) caндық көpceткiштepi жәнe eceптey әдicтepi, графтардағы алгоритмдер, aмaлдap-дың oйындық мoдeльдepi мeн шeшy әдicтepi қapacтыpылaды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тәшеневтану

    Тәшенев тұлғасы студенттер арасында ұлттық таным мәселелерін қалыптастыру мен елжандылыққа тәрбиелеудің айнымас құралы екендігі даусыз. Қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі «Тәшеневтану» пәнінің аясында білім алушылардың тұлғалық, көшбасшылық идеяларын және әдістемелік мәдениет негіздерін игереді. Негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Компьютерлік желілер

    Компьютерлік желілер ұғымдары, түрлері, жұмыс істеу принциптері, желіні топтастыру және негізгі мінездемелері, желілік әрекеттестікті ұйымдастырудың көп деңгейлік тәсілідері, жергілікті желілердің негізгі технологиялары, құрылымы, желі топологиясы және кабельдік жүйе, базалық модельдер, желілік құрылғылар, адрестеу, желі жұмысының хаттамалары, деректерді беру технологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ (орыс ) тілі

    Адам іс-әрекетінің еңбек қызметі саласын қамтамасыз ететін пәндік феномен ретінде кәсіби қазақ (орыс) тілінің рөлі, пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді басты құрылымдары, қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология, арнайы кәсіби бағытталған материалдар және оларды кәсіби жағдаяттарда берілген тапсырмаларда қолдану, кәсіптік құзіреттілік: орыс тіліндегі мәтіндерден бағдар алу, кәсіби мазмұнда монологты баяндау және т.б. Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Математика негіздері

    Бір айнымалы функциялар, шек, туынды, дифференциал, жоғары ретті туындылар, аудан, көлем есептеудегі анықталмаған және анықталған интегралдар бөлім-дерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Шама-лар арасындағы тәуелділіктерді сандық қатынастар тұрғысынан зерттеу әдістерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Компьютерлік графика

    Adobe Photоshop графикалық редакторы, ерекшелеу аспаптары мен әдістері, пикселдерге әсер ету режимдері, ретушь аспаптары, қабаттар және тексттермен жұмыс қарастырылады. Суреттерді өңдеу, векторлық графика негіздері, Corel DRAW графикалық редакторы, алғашқы анимация, қабаттың қасиеттерін баптау, кадрлар, символдар және тексттерді анимац-иялау, интерактивті элементтер, Flаsh программасындағы растрлық графика сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ педагог информатика мамандарды білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқытып үйретіп, біліктіліктерін қалыптастыруға бағыт бағдар беру. Пәнді оқу барысында педагогика ғылымының негізінде анықталған мақсат міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, педагогикалық процес мазмұны қарастырылады. Білім алушыларды қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және оқушылармен тәрбие жұмысының диагностикасының мазмұны мен технологиясы жайлы білімдермен қаруландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Компьютер архитектурасы

    Бұл пәнде қазіргі заманғы компьютерлердің даму кезеңдері,сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері, ақпаратты кодтау тәсілдері, компьютерде ақпараттың берілуі, алгебра логикасының негіздері, ЭЕМ элементтері және түйіндері, орталық процессордың жалпы құрылымы,жады элементтері, үзіліс жүйесі,перифериялық құралдар, микропроцессорлар, жүйелік плата, жүйелік магистральдарды басқару, сервер және жұмыс станциялары және жоғары деңгейдегі өндірістік әмбебап және арнайы ЭЕМ-дер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәліметтер қорын басқару жүйелері

    Жобалау, әзірлеу және бағдарламалау негіздерін талқылау. Сонымен қатар, біз озық және жаңа тақырыптарды (сақталған процедуралар, деректер қоймалары және т.б.) талқылаймыз. Реляциялық мәліметтер базасының теориясы, әдістері мен технологиялары және олардың дамуы туралы білімдерін көрсету; Интернетке бағытталған мәліметтер базасының жүйелерін құру; мәліметтер базасының технологияларындағы қосымшалар мен ағымдағы тенденциялардың мәселелерін түсіну. Таңдалған ДҚБЖ бойынша жоба жасау

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қолданбалы программалар пакеті

    Кестелі процессор Excel, мәлімет-термен жұмыс істеу негіздері, электрондық кестедегі есептеулер, стандартты функциялар, мәлімет енгізуді жылдамдату, шаблон шебері, Excel-дің графикалық мүмкіндіктері, Excel-де сандық модельдеу сипатталады. Excel-дің көмегімен мәліметтер қорын бас-қару, мәліметтерді сүзгілеу, кеңейтілген сүзгілеу, аралық қорытынды, макростар зерттеледі. Есеп беру кестелері, Excel-де берігендерді картада бейнелеу, парақтар арасында байланыс, мәліметтерді енгізуді жылдамдату әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәнінің мақсаты мектеп жасындағы балалардың анатомиялық және физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әртүрлі жас кезеңдеріндегі өсу және даму заңдылықтары жайлы ғылыми білімдермен қаруландыру. Пәнді оқыту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқып-білім алу қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету жолдарын меңгерту. Баланың жасына және тұлғалық ерекшелігіне сай білім беру, ақыл-ой мен танымдық процестерін дамыту, дені сау сымбатты өсуін қамтамасыз етудің ғылыми негіздерін үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік

    Бұл пән әр түрлі идеяларға толы студенттерге ең бәсекеге қабілеттісін таңдау дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқу барысында әр студент стартаппен айналысады; команда-лармен жобалар жасайды, Пән ең алдымен студенттерге ІТ құзіреттіліктерін, командалық жұмысты және бизнес дағдыларын дамытуға көмектесуге арналған: оқу бағдарламасы идеяларды іздеуден және өнімді нарыққа шығарумен аяқталатын стартаптың бүкіл процесін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениет негіздері

    Қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    «Жасанды интеллект негіздері» пәні жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарымен, әдістерімен және технологияларымен және олардың әртүрлі салаларда практикалық қолданылуымен таныстыру болып табылады. Студенттер болашақ кәсіби қызметіне сәйкес машиналық оқыту, нейрондық желілер, сондай-ақ жасанды интеллект қолдану салалары сияқты негізгі технологияларды меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Операциялық жүйелер

    Бұл пәнде операциялық жүйелердің даму бағыттары және жіктелігі, үрдістерді басқару және ұйымдастыру, сигналдар өңдеу жабдықтары, есепті көп процессорлық шешуді басқару тәсілдері, жүйелері, енгізу шығаруды басқару, дискілер, еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері, файылдық жүйе, жадыны және телекоммуникациялық қатынас құруды басқару, мульти-программалау, уақыт бөлу режимдері, арнайы міндетті және әмбебап операциялық жүйелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Ғылыми зерттеудің әдістемесі, ерекшеліктері; ғылыми зерттеудің процедурасы; ғылыми зерттеу бағдарламасы, ғылыми зерттеу мақсаты; ғылыми зерттеудегі математикалық әдіс; бастапқы ақпаратты жинақтау әдістері (сауал әдістері: анкеталау, интервью, эксперттік сауал, эксперимент, контент талдау, социометриялық сауал) туралы мәліметтер қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері және кәсіпкерлік

    Жеке қаржыны басқару өзінің әл-ауқаты мен отбасының әл ауқатын қамтамасыз ету үшін, қаржы нарығының негізгі құралдары туралы білім жүйесі, бұл тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға мүмкіндік береді және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды, кадрлік қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасын үйретеді. Халыққа кәсіпкерлік қызметті қалыптастыруға және дамытуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және көтеруге, қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсету бағдарламаларын қарастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Пәнде информатиканың негізгі ұғымдары мен терминдері, ағылшын тіліндегі информатика курсының мазмұны; мамандық бойынша әдебиеттерді аннотациялау, рефераттау және аудару әдістері қарастырылады информатика сабағында арнайы кәсіби бағдарланған материалды қолдану талқыланады; ағылшын тіліндегі тесттерге талдау жүргізіледі, кәсіби қызметте ағылшын тілін қолдану мысалдары келтіріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экожүйе және құқық

    Экологияның ғылым ретіндегі міндеттері, оның негізгі бөлімдері; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы менеджмент; табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілері; негізгі экологиялық түсініктердің сипаттамасы және табиғи жүйелердің қызмет етуіндегі заңдылықтар; қоршаған ортаны бақылау, өткізіліп жатқан оқиғалардың заңдылығы; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математикалық логика және дискретті математика

    Жиын ұғымы, жиындарға қолданылатын амалдар, Эйлер Венн диаграммалары, жиындардың алге-бралық теңбе-теңдіктері, декарттық көбейтінді, сәйкестіктер, функциялар мен бейнелеулер, қатынастар, комбинторика, ақырсыз тізбектер алгебрасы; Графтар және графтардың берілу жолдары, графтың дәрежелері, графтарда анықталған амалдар, Эйлерлік және Гамильтондық графтар; сандар теориясының алгоритмдері, криптографияның стандартты есептері, кодтау теориясына кіріспе, пікірлер, Буль алгебрасы және қалыпты формаларды пайдаланып есептерді шешу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • STEM білім беру

    STEM әдісінің философиялық негізін студенттердің, шығармашылығы мен эвристикалық белсенділігін арттыру, пәнаралық байланысты негізге ала отырып білімді өмірлік кәсіби қажеттіліктерге пайдалану жолдарын меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • С# тілінде бағдарламалау

    Программалық құралдардың өмірлік циклі. Программалау тілдері. Программалау тілдерінің қажеттілігін негіздеу және тандау. Техникалық тапсырманың сатылары. Есептің қойылымы. Алғашқы деректерді жинау. Есептің реквизитттерін анықтау. Есептерді шешу алгоритмін анықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Программалау практикумы

    UML тілінде модельдер құру, деректер түрлері, бағдарламалау тілдерінің негізгі конструкциялары, сынып, жаңа объектілерді құру, объектілерге енгізу шығаруды ұйымдастыру, мәліметтер базасымен жұмыс, SQL тілінің операторлары, кеңсе бағдарламаларымен байланыс және жұмыс, графикалық режимдер, бағдарламалау қателері, төтенше жағдайларды өңдеу, тестілеу, тексеру, нәтижелерді түзету бағдарламаларды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Информатиканы оқыту әдістемесі

    Информатиканы оқыту әдістемесінің дамуының өзекті мәселелерін, оқытуды реттейтін құжаттарды, информатика бойынша мектепте білім берудің мазмұны мен құрылымын, дидактикалық принциптерді; қазіргі мектептерде информатиканы оқытуды ұйымдастыруды, информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстарды, информатика бөлмесінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды, мектепте информатиканы саралап оқытуды қapacтыpады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Информатиканы оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары

    Жаңартылған білім беру бағдарлама негізінде информатиканы оқытудың мазмұны, әдістері, құралдары; оқытудың инновациялық технологиялары; оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі ережелері мен әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пән инклюзивті білім беру түсінігі және мәні, инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық негіздері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, инклюзивті білім беру модельдері және арнайы білім беру шарттары, инклюзивті білім берудің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері, тәсілдері және ұйымдастырушылық формаларын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бағдарламалау технологиясы

    Дербес компьютерлерді автомат-тандыратын прораммалық құрылым-дар, программалау технологиясы, негізгі түсініктер және әдістер, күрделі программалық жүйені құру талқыланады. Программалық өнімдердің технологияларын қамтамасыз ету әдістері, программаның технологиялық түсінігі, процедуралық бағытталған тілдер базасы, құрылымдық әдіс талаптарын талдау, спецификацияларын анықтау және программалық қамтаманы жобалау, қолданушыға арналған интерфейстері құру, программалық қамтаманы тестілеу, программалық құжаттарды құрастыру қарастыр-ылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі smart-технологиялар

    Білім алушыларда жаңа ақпараттық, коммуникациялық және интерактивті технологиялар саласында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру, оқу материалын визуализациялау және оқыту сапасын арттыру үшін жеке интерактивті бағдарламалар жасау дағдыларын қалыптастыру. Мұғалім деңгейінде оқыту мен оқыту процесін басқару құралы ретінде АКТ-ны қолданудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын зерттеу. Smart білім берудегі интерактивті технологиялар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Java тілі

    JAVA пpoгpaммaлay тiлiнiң нeгiзгi ұғымдapы, объeктiгe бaғыттaлғaн пpoгpaммaлay нeгiздepi, Java-дағы оқиғалар мен тыңдаушылар, Java.awt пaкeтi, Component клaccы, Label, Checkbox, List, Choice, Text-Component, TextField, TextArea клaccтapы, Container кoмпoнeнтi, Graphics клaccының бeйнeлeyгe apнaлғaн тәciлдepi, Aпплeттiң тipшiлiк циклi, ерекше жағдайларды өңдеу, енгiзy-шығapy aғындapы, күн жәнe yaқыт шaмaлapымeн жұмыc, Date, Calendar қолдану жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Программалау тілі : С++

    С++ программалау тілі туралы түсінік, C/C++ тілінің элементтері, қатарлық тип, енгізу-шығару операторлары, салыстыру оператор-лары және C/C++ тілінің негізгі операторлары сипатталады. Циклдік операторлар do/while ,өту инструк-циялары, сontinue, goto және break операторлары, массивтер,символдық таңбаларды енгізу/шығару зерттел-еді. C/C++ тілінде сөз тіркестерін өңдеу, массивтерге көрсеткіштер C/C++ тілінде функция, файлдармен жұмыс, C/C++ тілі графикасы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • PHP тілі

    РНР тілі негіздері, оның даму кезеңдері, РНР тілінің артықшы-лықтары мен кемшіліктері, HTML ортасынан РНР тіліне көшу, РНР тіліндегі операторлар, РНР тілінде сөз тіркестерін пайдалану тәсілдері қарастырылады. РНР функциялары, қолданушы функциясын жазу жолдары, Cookies және PHP сессиялары, Cookies құралын PHP көмегімен басқару, РНР программалау ортасында файлдармен жұмыс істеу, РНР программалау ортасында мәліметтер базасын қолдану, РНР ортасындағы сайт архитектурасы сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Информатиканың теориялық негіздері

    Бұл пәнде информатиканың іргелі негіздері, ақпарат және оның қасиеттері, сигналдар, энтропия ұғымы, ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері, ақпараттық жүйелердегі процесстер,ақпараттық техноло-гиялар, санау жүйелері, сандық автоматтарда информацияны өрнектеу, арифметикалық амалдарды орындау, логикалық алгебранын негізгі ұғымдары, алгоритмдер теориясының негізгі ұғымдары, алгоритмдердің тиімділігі мен күрделілігі, іздеу, таңдау, сұрыптау, рекурсивті алгоритмдер, информатиканың семантикалық негізі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Желілік бағдарламалау

    Транспорттық қабаттар: TCP, UDP және SC.Сокеттер, қарапайым TCP сокеттері, TCP клиент/сервер байланысының мысалы, енгізу-шығаруды тығыздау: select және poll функциялары, қарапайым UDP Сокет операциялары, қарапайым UDP Сокеттері, SCTP сокеттерінің негізі, SCTP клиент/сервер үлгісі сипатталады. Атаулар мен мекенжайлардың түрлендірілуі, IPv4 және IPv6 функциональдық сәйкестіктері, UNIX домен хаттамалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мобильді қосымшаларды жасақтау

    Android платформасына кіріспе, Activity класы және ресурстар, интерфейсті құру негіздері, Android Studio графикалық мүмкіндіктері талқыланады. Негізгі басқару элементтері, ресурстармен жұмыс, Activity және қосымшаның циклі, Activity арасында деректерді беру, бейнелермен жұмыс, адаптерлер мен тізімдер , топтар, ішкі мәзір және бағдарламалық мәзірді құрумен жұмыс қарастырылады. WebView мультимедиямен жұмыс, SQLite мәліметтер базасымен жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Обектіге бағытталған программалу негізі

    Объектіге бағытталған тілдердің негізгі конструкциялары. Функцияны және операцияны қайтаанықтау түсінігі, Объектіге бағытталған программалауда класстар және әдістер түсінігі және сипаттамасы, Дараланған және көпшілік жаратылысынан ие болу – тілдерді қолдау принциптері, интерфейстерді пайдалану. Көпшілік жаратылысынан ие болу. Жаратылысынан ие болу Класстар және объекттер үшін кіру мүмкіндігінің ережелері. Динамикалық жадыны бөлу. Объектіге бағытталған талдау мен жобалау. UML тілі және объектіге бағытталған талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Робототехника

    Оқушылардың бастапқы білімдерін қалыптастыратын LEGO және Arduino-ға негізделген білім берудегі робототехникалар мен 3D модельдеу бойынша мұғалімдерді сабақ және үйірме жүргізуге дайындауға; оларды робототехника саласындағы зерттеулерге тарту, техникалық ақпарат алмасу және жоғары сапалы білім алу үшін базалық инженерлік білім беру жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Web бағдарламалау

    Web технологияларды қолдану орталары. Web қосымшаларын құру технологиялары. HTML команда-лары. Құжат ішіне тізімдер орналастыру. Бір Web параққа сілтемелер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру. HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері. Жеке бір тәг үшін жазылған стиль. Бірнеше HTML файлдарға арналған стиль. CSS қасиеттеріне шолу. JAVASCRIPT тілі. Функцияларды сипаттау және пайдалану. Web қосымша интерфейстерін қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Интернет заттарына кіріспе

    Пән интернет заттарының негізгі түсініктері мен міндеттерін, аппараттық, бағдарламалық және желілік қамсыздандыруларын оқытуға бағытталады. Пәнде негізгі функционалдылықты дамыту, желілік қосылыстар, тасымалданатын деректердің форматтары мен түрлері қамтылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мобилді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер

    Бұл пәнде мобильді құрылғылар: мобильді телефондар, смартфондар, коммуникаторлар, мобильді құрыл-ғыларға арналған бағдарламалар жасақтау платформалары, ОЖ сервистері, Android платформасы және негіздері, мобильді құрылғы-ларға арналған операциялық жүйелердің ерекшеліктері, мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер нарығы, Windows Mobile: мүмкіндіктері мен нұсқалары, интерфесі, перспективалары, Sym-bian OS, Google Android, BlackBerry OS, ОЖ интерфейстері мен сервистері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Интернет технологиясы

    Компьютерлік желілер, Web беттерді ашу программалары, компьютер тармақтары туралы негізгі мәлімет, компьютер тармақтарының негізгі түрлері, мәліметтерді ұзату, желілік операциялық жүйе, интереттің жұмыс істеу технологиясы зерттеледі. Интернет желісіне кіру, интернетте іздеу механизмі, интернет қызметтері, электронды пошта: хабарлар ұзату сервері негізгі қасиеттері мен мүмкіншіліктері, электрондық поштаны программалық қамтамасыздандыру түзілісін меңгереді. Интернеттегі гипертекст, гипермедиа, интернетке байланысу және одан шығу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бұлтты технологиялар

    Бұл пәнде бұлтты есептеулер, жеке дара бұлттар, гибридті бұлттар, мәліметтерді өңдеу орталығы, мәліметтерді сақтау жүйелері, бұлтты орналастыру үлгілері, бұлтты технологиялардың негізгі қасиеттері, бұлттық қызмет үлгілері сипатталады. Бірнеше негізгі бұлттық провайдерлер, техно-логиялар, дайын бұлттық шешімдерді пайдалану тәжірибесі, үлкен деректерді өңдеу, бұлтты инфрақұрылымды қорғау, бұлттық қызметті жеткізудің негізгі үлгілерімен есептеулер жүргізу технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Машиналық оқытуға кіріспе

    Пән машиналық оқытуға қатысты мәселелердің негізгі түрлерін (классификацияны, регрессияны және кластеризацияны) зерттеуге; машиналық оқытудың негізгі әдістері және олардың ерекшеліктерін оқытуға; нақты мәселені шешу үшін үлгілердің сапасын бағалау және оларды Python-ның кітапханалары арқылы деректермен жұмыс істей отырып жүзеге асыруға бағытталады. Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы машиналық оқыту мәселелері зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ғылыми және арнайы мәтіндермен жұмыс жасау барысында өз ойларын қазақ, орыс және шет тілдерінде сауатты тұжырымдайды және айтады, тілдік құзыреттіліктерді дамытады
  • жаратылыстану-ғылыми, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік салаларда, нормативтік құжаттар бойынша білімін кәсіби қызметте көрсетеді, пәндік және пәнаралық саланың бөлімдері бойынша теориялық білімі мен түсініктерін көрсете отырып оқу процесін жүзеге асырады.
  • зерттеушілік, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын информатика және информатиканы оқыту әдістемесі саласында пайдалана алады
  • білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып оқыту процесінде информатикадан тиісті оқытудың әдістері мен бағалау құралдарын анықтайды, сабақ жоспарларын түзе алады
  • кәсіби қызметте цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің принциптері және негізгі ұғымдарын, әдістері мен ақпараттық технологияларын меңгеріп, оларды түрлі салаларда практикада қолданады
  • информатиканы оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары туралы білімдер мен түсініктерді қолданады, информатика мен информатиканы оқыту саласындағы мәселелерді талдайды, мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдайды
  • практикалық есептерді шешу үшін математикалық әдістер мен есептеу техникасын қолдана алады, білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлейді және қолданады
  • білім алушылардың информатика пәніне қабілеттерін дамытуға қолайлы білім беру ортасын құру үшін педагогика және психология негіздерін қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыруда заманауи әдістемелік тәсілдер мен құралдарды қолданады
  • сыни тұрғыдан ойлауды, жылдам дамып келе жатқан ақпараттық технологияларды қолдануды, командада тиімді жұмыс істеуді, қажет болған жағдайда өз кәсіби қызметінің түрлері мен сипаттарын өзгертуді біледі
  • гигиена, еңбекті қорғау талаптарына және ықтимал жағымсыз сыртқы әсерлерден қорғау ережелеріне сәйкес салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене тәрбиесі мен денсаулықты нығайту құралдары мен әдістерін қолдануға қабілетті.
Top