Жаңа білім беру бағдарламасы

6B08111 Агроөнеркәсіптік кешенде өсімдіктерді қорғау және диагностикалау в ​Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті

Пәндер

  • Өсімдік биологиясы

    Ботаника бөлімдері; өсімдіктердің жіктелуі және құрылымдық ботаниканың мәселелері; құрылымдық ботаниканың өзекті мәселелері; төменгі және жоғары өсімдіктердің жүйелілік негіздері; жалаңаштұқымды және гүлді өсімдіктер; бір және екібөлшекті өсімдіктер; өсімдік жасушаларының құрылымын зерттеу; ауыл шаруашылығы дақылдарының өсімдік жасушаларының құрылымы; өсімдіктердің тіршілік формалары; таксондардың классификациясы және морфологиялық ерекшеліктері; ауылшаруашылық дақылдарының генеративті және вегетативті мүшелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бейорганикалық және аналитикалық химия

    Бейорганикалық және аналитикалық химияның теориялық негіздері; химияның негізгі заңдары мен ұғымдары; бейорганикалық қосылыстардың класы және олардың жалпы қасиеттері; химиялық кинетика; органикалық қосылыстардың қасиеті мен құрылымының негізі; негізгі химиялық үдерістер; көмірсулар мен сутектер; бейорганикалық қосылыстар; тұздар мен гидролиздер; аналитикалық химияның теориялық негізі; өсімдік пен топырақтың химиялық құрамы; заттарға химиялық талдау жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жобалау жұмыстарын автоматтандыру жүйесі немесе APM 2

    АЖЖ-ны математикалық, бағдарламалық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етудің негізгі ұғымдары; жобалау рәсімдерін автоматтандырылған орындау алгоритмдерін жасау; қолданбалы бағдарламалар пакеттерін құру қағидаттары мен құрылымы; АЖЖ ортасында бөлшектердің, бұйымдардың, жабдықтар мен конструкциялардың конструкторлық құжаттарының графикалық бөлігін автоматтандырылған дайындау алгоритмдері, олардың үш өлшемді модельдерін автоматтандырылған құру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агрономия негіздері

    Агрономияның тарихы мен дамуы; агрономияны қалаған ғалымдар; топырақ туралы түсінік; топырақ құнарлығын арттыру; топырақ және оның пайда болуы; ауыспалы егістіктер; топырақ өңдеу жүйелері; органикалық және минералды тыңайтқыштар; ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды қолдану жүйесі; егіншіліктің аймақтық жүйесі; суғармалы және тәлімі егіншіліктер; жерді мелиорациялау және топырақты эрозиядан қорғау; өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау; ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Егіншілік

    Егіншіліктің негізгі заңдары; суармалы және тәлімі егіншілік; егіншіліктің қазіргі заманғы жүйелері; өсімдіктердің өмір сүру факторлары мен жағдайлары; ауыспалы егістің түрлері мен схемалары; арамшөп өсімдіктерін жіктеу; егіс дәрежесін бағалау; арамшөптермен күресу жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу; топырақтың құнарлылығын және жер асты суларының деңгейін ескере отырып, ауыспалы егіске арналған топырақты өңдеу жүйесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Агрометеорология

    Маңызды агрометеоролигиялық факторлар; климаттық факторлар; агрометеорологияның негізгі мақсаттары; негізгі метеорологиялық бақылаулардың түрлері; желдің және буланғыштықты, жауын-шашынды есепке алудың әдістері; радиациялық баланс және күн радиациясы; ауаның және топырақтың температурасын өлшеу мерзімі мен әдістері; ауаның және топырақтың ылғалдылығын өлшеу мерзімі мен әдістері; желдің бағытын және жылдамдығын өлшеу әдістері; агрометеорологиялық құрал-жабдықтар және олардың сипаттамасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Топырақтану геология негіздерімен

    Топырақ түзілудің негізгі факторлары мен жағдайлары; топырақ классификациясы; минералдардың классификациясы; тау жыныстары; топырақтың генетикалық қабаты; Қазақстанның геологиялық картасы; топырақ режимінің негізгі түрлері; топырақ үлгілерін алу және талдау жасаудың әдістері; топырақпен жұмыс жасауда қолданылатын құрал-саймандар мен жабдықтар; топырақ құнарлығын және онық құрамын анықтау; топырақтың физикалық қасиеттері; топырақтың химиялық құрамы; топырақтың қышқылдылығын және тұздылығын анықтау әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық және химиялық әдістері

    Өсімдіктерді қорғау әдістерінің дамуы тарихы; ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың химиялық және биологиялық әдістерінің ерекшеліктері; зиянкестерді жоятын энтомофагтар мен акарифагтар (кенелермен қоректенетін жануарлар); арамшөптермен қоректенетін фитофагтар; пестицидтердің түрлері мен сипаттамасы; өсімдіктерді пестицидтермен өңдеу әдістері, мерзімдері мен тәсілдері; пестицидтермен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау және оларды сақтау технологиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдік шаруашылығы

    Өсімдік шаруашылығының негіздері және өсімдіктердің өмір-тіршілік факторлары; ауылшаруашылық дақылдарының жіктелуі, морфологиялық белгілері, биологиялық ерекшеліктері және аудандастырылған сорттары; жаңа және перспективалы сорттар; ауыспалы егістің түрлері және топырақты өңдеу; тұқымдарды себу алдында дайындау, себу, егістікті күтіп-баптау және өнімді жинау; ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері; өсімдіктерді қорғаудың химиялық және агротехникалық құралдары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агрономиялық микробиология

    Агрономиялық микробиологияның тарихы мен дамуы; микроорганизмдердің физиологиясы мен микробиологиясының жалпы негіздері; микроорганизмдердің түрлері мен олардың көбеюуі; топырақ микроорганизмдері және оларды анықтау әдістері; микроорганизмдердің белсенділігі және бактерияларды көбейту; микробиологиялық үдерістер; өсімдік ауруын қоздырғыштар; топырақтың микрофлорасы және оған тыңайтқыштардың әсері; ауылшаруашылық өнімдеріне микробиологиялық талдау жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арамшөпті өсімдіктерді зерттеу

    Арамшөптердің жіктелуі; арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері мен морфологиялық белгілері; арамшөптердің гербариін жасау және оларды зерттеу әдістері; өсімдіктерді қорғау құралдары мен әдістерінің тиімділігін бағалау әдістері; гербологияның даму бағыттары мен перспективалары; өсімдіктерді қорғау және гербология салаларындағы эксперименттік деректерді өңдеу әдістері; өсімдіктерді қорғау бойынша зертханалық және далалық тәжірибелерді жоспарлау; гербология бойынша зерттеу материалдары мен деректерін талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдіктерді қорғау әдістері

    Өсімдіктерді қорғаудың даму тарихы; өсімдік шаруашылығында қолданылатын өсімдіктерді қорғаудың негізгі әдістері; өсімдіктерді биологиялық әдіспен қорғаудың дамуы мен ерекшеліктері; өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісінде қолданылатын тірі организмдердің түрлері; өсімдіктерді қорғаудың химиялық әдісі және химиялық препараттар; өсімдіктерді қорғаудың дәстүрлі емес және қазіргі заманауи әдістері; пестицидтерді сақтау технологиясы және олармен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтау; далалық жұмыстарды ұйымдастыру және сапасын бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өсімдік шаруашылығын механикаландыру

    Өсімдік шаруашылығын механикаландырудың негізі; шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар; топырақ өңдеуге арналған тракторлар; культиваторлар мен соқалардың түрлері; себу және көшет отырғызу агрегаттары; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жинауға арналған комбайндардың түрлері; органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған агрегаттар; жаңбырлатқыш машиналардың түрлері; әртүрлі дала жұмыстарын орындау үшін агрегаттарды тексеру және дайындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялар

    Суғармалы және тәлімі егіншілікте инновациялық технологиялардың даму тарихы; өсімдік шаруашылығындағы заманауи техникалар мен технологиялар; суғармалы және тәлімі егіншілікте сирек кездесетін және танаптық дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары; қорғаулы жер құрылыстарында ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары; ауылшаруашылық дақылдарының көшеттерін өсірудің инновациялық технологиялары; жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары; өсімдік шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұқымдарды стратификациялау және сертификаттау

    Пәннің мақсаты-студенттерді ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын стратификациялау және сертификаттау технологиясын оқыту. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: тұқымдарды стратификациялау мен скарификациялаудың мәні мен мақсаты, тұқымдарды тыныштық кезеңінен шығару уақыты мен әдістері, тұқымды көктемгі және күзгі себу алдындағы стратификациялау бойынша жұмыстар, тұқымдарды бояу тәсілдері, ерітінділердің түрлері мен құрамы, субстрат түрлері және олардың құрамы, тұқымдарды стратификациялау ұзақтығы,тұқымдардың ісінуі мен өнуі, химиялық, механикалық және термиялық скарификация, тұқымдарды сертификаттау негіздері және сорттық бақылау, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын Сертификаттау жүйесінің қазіргі жағдайы, белгілердің тұқым қуалауының негізгі заңдары, ҚР тұқым шаруашылығы туралы Заңы және сертификаттар. Курсты игеру нәтижесінде студенттер тұқымдарды стратификациялауды таңдай алады және жүзеге асыра алады; тұқымдарды химиялық, механикалық және термиялық скарификациялау; тұқымдарды сорттық бақылау, сынақтан өткізу және сертификаттау

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық препараттар

    Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына, зиянкестеріне және арамшөптеріне қарсы қолданылатын химиялық препараттардың классификациясы; ҚР Реестріне енгізілген химиялық препараттар тізбесі; химиялық препараттардың сипаттамасы; ауыл шаруашылығында қолданылуға рұқсат етілген шетелдік химиялық препараттар; химиялық препараттарды қолданудың мөлшері, мерзімі және тәсілдері; пестицидтерді сақтау технологиясы және олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы

    Ауылшаруашылық дақылдары тұқым шаруашылығының дамуы мен тарихы; тұқым сапасын анықтау тәсілдері; ауылшаруашылық дақылдарының элиталы тұқымдарын өндіру технологиясы; ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының морфологиялық сипаттамасын зерттеу; сорттар мен тұқымдық материалды іріктеу; сорттық тұқымдарға қойылатын талаптар; тұқым шаруашылығының мемлекеттік заңы; элиталы тұқымдарға қойылатын талаптар және элиталы тұқымдар МЕМСТ-і.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Компьютерлік графика

    Жерге орналастыруды және жер пайдалануды шаруашылықішілік ұйымдастыруды графикалық қамтамасыз ету: шаруашылық алқаптарының картасы, жылыжайлардың әр түрлі түрлерінің схемалары, дақылдардың ауыспалы егістерінің ауыл шаруашылығы карталарын жоспарлау, мелиорациялық каналдардың, оның ішінде тамшылатып суару схемаларының, топырақ және агрохимиялық карталардың, суару режимінің графигін және егістік схемалары, ауыл шаруашылық дақылдарын отырғызу сұлбалары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тұқымтану

    Тұқымтану негіздері; тұқымдардың морфологиялық сипаттамалары; тұқымдардың құрылымы мен қалыптасуы; тұқымдардың тыныштығы; жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктер; бірбөлшекті және екібөлшекті өсімдіктер; тұқымдардың химиялық құрамы; тұқымдардың биохимиялық және физиологиялық ерекшеліктері; тұқымның өнуі және өну факторлары; тұқымның ісінуі; тұқымның себу сапасы және оларды анықтау әдістері; тұқымның стратификациясы және скарификациясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тыңайту жүйелерін оңтайландыру

    Тыңайтқыштар жүйесін қолданудың тарихы мен дамуы; өсімдік шаруашылығында пайдаланылатын минералдық және органикалық тыңайтқыштардың түрлері; суғармалы және тәлімі егіншілікте органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану ерекшеліктері; тыңайтқыштардың топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне әсері; тыңайтқыштардың ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне, өнімділігіне және өнім сапасына әсері; қоректік заттардың жетіспеуі кезінде пайда болатын ауылшаруашылық дақылдарының ауруларының түрлері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мал азығын өндіру және малазықтық дақылдарды қорғау

    Көпжылдық және бір жылдық малазықтық дақылдар; малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы; малазығын дайындау және сақтау технологиясы; табиғи жемшөп алқаптарын тиімді пайдалану және жақсарту әдістері; қауіпті аурулар мен зиянкестердің түрлері және олардың сипаттамасы; малазықтық дақылдарының саңырауқұлақ, вирустық және инфекциялық аурулары; кеміргіштер, кенелер мен жәндіктер; малазықтық дақылдарды химиялық жолмен қорғаудың негіздері; пестицидтердің жіктелуі және оларды қолдану; фитосанитариялық мониторинг.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика

    Пәннің мақсаты-планетаның экожүйелерін сақтау және жасыл экономикаға көшу туралы білімді қалыптастыру. Оқыту процесінде мыналар қаралатын болады: қоршаған орта өзгерісінің жай-күйі мен сипаты, техногендік және антропогендік факторлардың әсері, табиғат қорғау және ресурс үнемдеуші өнеркәсіптік технологияларды құру қағидаттары, парниктік газдар және олардың климатқа, энергетикаға және жанғыш пайдалы қазбаларға әсері, жаңартылатын энергия түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері, орман және оның "жасыл" экономикаға әсері, шөлейттену және шөлейттену және топырақтың тозуы, климаттың су ресурстарына өзгеруінің салдары, электрондық қалдықтар олардың оң және теріс әсері, қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату, автокөлік және қоршаған орта.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ауылшаруашылық дақылдарының бактериялық және вирустық аурулары

    Бактериялық және вирустық аурулардың түрлері; ауру симптомдарының жіктелуі, инфекциялық және инфекциялық емес аурулар; ауру қоздырғыштары; өсімдіктердің аса қауіпті және карантиндік аурулары; өсімдік ауруларының таралуы және диагностикасы; ауылшаруашылығы дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларының мониторингі; қауіп факторлары; ауыл шаруашылығы дақылдарының бактериялық және вирустық ауруларына қарсы күрес әдістері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бақша шаруашылығы және бақша дақылдарын қорғау

    Бақша дақылдарының шығу тегі, дамуы және халық шаруашылығындағы маңызы; бақша дақылдарының аудандастырылған және жаңа сорттары; бақша дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; топырақты өңдеу жүйесі және бақша дақылдарының ауыспалы егістері; ашық танапта бақша дақылдарының өсуі мен даму жағдайлары; өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жүйесі; бақша дақылдарын тыңайту және суғару; бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы; бақша өнімдерінің сапасына МЕМСТ қоятын талаптары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Еңбекті қорғау

    Пәннің мақсаты - құқықтық-еңбек, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, техникалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың негізгі кешені туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: жұмысшылардың, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру үшін психофизиологияны ескере отырып, еңбек режимдерін оңтайландыру. Еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік стандарттарының негізгі жүйелерінің барлық талаптарын қолдана отырып, жұмысшының еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Малазықтық дақылдарды аурулардан және зиянкестерден қорғау

    Малазықтық дақылдарының түрлері мен сипаттамасы; аурулар мен зиянкестердің жіктелуі; инфекциялық және инфекциялық емес аурулар; аурулар қоздырғыштары түрлерінің биологиялық ерекшеліктері; малазықтық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғаудың қазіргі заманғы әдістері; аурулар тудыратын және аурулар серпінінің өзгеруіне әсер ететін экологиялық факторлар; малазықтық дақылдарының аурулары мен зиянкестерін диагностикалау әдістері; пестицидтер тізбесі; фитосанитариялық мониторинг тәсілдері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шабындықтар мен жайылымдарды қорғау

    Табиғи және мәдени шабындықтар мен жайылымдар; шабындықтар мен жайылымдарды тиімді пайдалану және жақсарту; малазықтық шөптерінің өсу және даму жағдайлары; шабындықтар мен жайылымдардың карантиндік аурулары мен зиянкестері; зиянкестер мен аурулардың классификациясы; шабындықтар мен жайылымдар ауруларының қоздырғыштары; шабындықтар мен жайылымдарды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың қазіргі заманғы әдістері; пестицидтердің классификациясы және оларды қолдану; фитосанитариялық мониторинг; аурулар мен зиянкестердің диагностикасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы

    Селекцияның міндеттері және селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері; селекцияның заманауи тәсілдері; ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын алудың тәсілдері мен аудандастыру әдістері; жергілікті селекциялық сорттар; сорт ауыстырудың және сорт жаңартудың ғылыми негізделген мерзімдер; сорт сынауды және сорттарды аудандастыруды ұйымдастыру; ауылшаруашылық дақылдарын айқастандыру техникасы мен гибридизация тәсілдері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ауылшаруашылық энтомология

    Ауылшаруашылық энтомологияның дамуы мен қалаған ғалымдары; жәндіктердің жіктелуі мен құрылымы; көп улы жәндіктер; ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері мен сипаттамасы; аса қауіпті және карантиндік зиянкестер мен олардың сипаттамасы; дәнді, майлы, техникалық және жеміс-көкөніс дақылдарының зиянкестері; өсімдіктерді зиянкестерден қорғау әдістері мен мерзімдері; зиянкестердің түрлік құрамын анықтаудың әдістері; топырақ пен егістіктің фитосанитариялық жағдайын бағалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық фитопатология

    Ауыл шаруашылығы фитопатологиясының дамуы, тарихы мен міндеттері; дақылдар ауруларының жіктелуі; ауылшаруашылық дақылдары ауруларының қоздырғыштарының түрлері; бактериялық, вирустық және инфекциялық аурулар; ауруларды зерттеу әдістері; ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістері мен технологиялары; инфекциялық емес, саңырауқұлақ және карантиндік аурулар; аурулардың дамуы мен зақымдау деңгейі; дәнді және астық-бұршақ дақылдарының қауіпті аурулары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс дақылдарын қорғау

    Қорғаулы жер құрылыстарының негізгі түрлері; қысқы жылыжайлар; көшеттерді өсіру әдістері мен мерзімдері; жылыжай сорттары мен олардың сипаттамасы; жылыжайларда дақыл айналымы және микроклимат; қорғаулы жер құрылыстарында ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің қазіргі заманауи технологиялары; жылыжайларда кездесетін өсімдік аурулары мен зиянкестерінің түрлері; өсімдіктерді қорғау әдістері; жылыжайларда пестицидтерді қолдану; жылыжайдың санитариялық тәртібі (режимі); өсімдіктерді химиялық препараттармен өңдеу әдістері, мерзімдері мен мөлшерлері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды жасау және сақтау

    Энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды сақтау әдістері мен мерзімдері; жәндіктерді жинауға арналған энтомологтың далалық құрал-жабдықтары; энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды дайындауға арналған материалдарды өңдеу; жиналған материалдарды сақтау; зерттелетін препараттарды дайындау; коллекцияларды жинау және өңдеу, ерітінділерде материалдарды кептіру, консервациялау; дала жұмыстарын ұйымдастыру және сапасын бағалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және Коррупцияға қарсы мәдениет

    Пәннің мақсаты - ұлттық экономика, қазақстандық құқық, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі және салалардағы тіршілік негіздері туралы негізгі заманауи түсініктерді қалыптастыру. Пән шеңберінде: Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын дамытудағы базалық тұжырымдамалар мен қазіргі заманғы көзқарастар; азаматтық және әкімшілік құқықтың негізгі бағыттары мен ұғымдары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, сондай-ақ қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың қазіргі заманғы жолдары мен тетіктері; ҚР экологиялық және су қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттерде ұлттық экономика, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экологиялық қауіпсіздік және тіршілік салаларындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім, білік және дағдылар қалыптастырылатын болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктерді қорғау және карантин

    Ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың негіздері; өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік бақылау және фитосанитарлық мониторинг; аурулардың және зиянкестердің аса қауіпті түрлері; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың кешенді шаралары; карантинді нысандар; зиянды нысандар мен карантинді өсімдіктердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; кеден бекеттерінде карантиндік бақылауларды жүргізу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жылыжай шаруашылығы

    Жылыжай шаруашылығының дамуы мен тарихы; жылыжайдың түрлері; жылыжайдағы жасанды микроклимат ортасы және оларды жылыту; жылыжайдағы дақылайналымы және жарықтандыру; ауылшаруашылық дақылдарын жылыжайларда өсірудің технологиясы, сорттары; жылыжайларда көшеттерді өсірудің технологиясы; тұқымды себу/отырғызу, күтіп-баптау және өнімді жинау; ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары; жылыжай шаруашылығының экономикалық тиімділігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Агрономиялық зерттеулердің негіздері

    Агрономиялық зерттеулердің тарихы мен даму негіздері; тәжірибелердің түрлері; тәжірибелердің нұсқалары мен қайталама саны; тәжірибелердің қателіктері; экспериментті жоспарлау теориясы; далалық тәжірибеде бақылау жұмысын жоспарлау және жүргізу; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін есепке алу әдістемесі; эксперименттердің негізгі түрлерін жүргізу әдістемесі; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; ғылыми есептерді дайындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларын диагностикалау

    Өсімдіктер ауруларының негізгі топтарының жүйелілік, биология және экология негіздері; ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларын анықтау және диагностикалау әдістемелері; олардың Қазақстан Республикасының аумағында таралу шекарасын анықтау; ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларын диагностикалауды жүргізу әдістері; диагностика негіздері; фитосанитариялық мониторинг; аурулардың дамуын болжау және санын анықтау; карантиндік аурулар; өсімдіктерді аса қауіпті аурулардан қорғау жүйесін әзірлеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Skills Менеджмент

    Пәннің мақсаты – менеджер жұмысының тиімділігін арттыруға және басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін бірыңғай дағдылары мен жеке қасиеттері бар студенттерді қалыптастыру. Уақытты сауатты басқару негіздері; сендіру және келіссөздер жүргізу; softskills және hard skills маман дағдылары: сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық және командалық жұмыс оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Технологиялық кәсіпкерлік және стартаптар

    Команда құру: принциптері, команда мүшелерінің функциялары. Шаблондар негізінде бизнес-модельдеу. -CANVAS -бизнес-моделі. Бизнес-идеяны негіздеу және таңдау. Мақсатты сегменттерді бағалау. Негізгі құндылықтар: қабылдау арналары және олардың тиімділігін бағалау. Негізгі ресурстар, әрекеттер, серіктестер және жеткізушілер. Бизнес-модельге байланысты шығыстар мен кірістердің құрылымы. Бизнес - жобаларды таныстыру негіздері: elevator pitch. Технологияларды коммерцияландыру әлеуеті және идеядан нарыққа шығу жолдары мен кедергілері

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ауылшаруашылық дақылдарының карантинді арамшөптерін диагностикалау

    Карантиндік өсімдіктердің түрлері мен биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері; карантиндік өсімдіктерді топтастыру; егістіктердің карантиндік өсімдіктермен ластану дәрежесі; олардың Қазақстан Республикасының аумағында таралу шекарасын анықтау; ауыл шаруашылығы дақылдарының карантиндік арамшөп өсімдіктерін диагностикалауды жүргізу әдістері; диагностика негіздері; фитосанитариялық мониторинг; карантинді арамшөптердің дамуын болжау және санын анықту; дақылдарды карантинді арамшөптерден қорғаудың жүйесін жасау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптерін диагностикалау

    Арамшөптердің топтары және сипаттамасы; аса қауіпті карантиндік арамшөптер; танаптық және көкөніс дақылдарының арамшөптермен ластану дәрежесін бағалау; Қазақстан Республикасының аумағында арамшөп өсімдіктерінің таралу шекарасын анықтау; арамшөп өсімдіктерін диагностикалауды жүргізу әдістері мен мерзімдері; диагностика негіздері; фитосанитариялық мониторинг; карантиндік арамшөптердің дамуын болжау және санын анықтау; карантиндік арамшөп өсімдіктерінен өсімдіктерді қорғау жүйесін әзірлеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және құжаттама

    Мемлекеттік бақылаудың негіздері мен міндеттері; Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы Заңы; пестицидтермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары мен сақталуы; өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар мен фитосанитариялық бақылау; карантиндік бақылау және құжаттама; агрофитоценоздардағы фитосанитариялық жағдай көрсеткіштерінің нормативтеріне сәйкестікті талдау; фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін диагностикалау

    Өсімдік зиянкестерін диагностикалаудың негіздері мен міндеттері; зиянкестерді топтастыру; өсімдік зиянкестерін диагностикалауды жүргізудің мерзімдері мен әдістері; ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерін анықтау және диагностикалаудың әдістемесі; олардың Қазақстан Республикасының аумағында таралу шекарасын анықтау; ауылшаруашылық дақылдары зиянкестеріне диагностикалауды жүргізудің әдістері; диагностика негіздері, фитосанитариялық мониторинг, зиянкестердің дамуын болжау және санын анықтау; диагностика жұмысының құжаттамасы мен сапасын бағалау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат

    Ғылыми іс-әрекеттің негізгі мақсаты – болашақ мұғалімнің ғылыми-зерттеу, коммерцияландыру және академиялық жазу негіздері туралы теориялық білімін қалыптастыру, білімді болашақ кәсіби қызметінде пайдалана білу. Логика мен сыни тұрғыдан ойлаудың негіздері, заңдылықтары мен принциптері, жазба жұмыстарды жазу ережелері мен принциптері (аннотациялар мен эсселерден ғылыми жұмыстарға, жобаларға дейін); жаңа идеяларды өз бетінше дамыту, ғылыми ақпараттар ағынында жылдам және тиімді бағдарлау, зерттеуші (ғалым), менеджер (менеджер) және тәжірибе дағдылары зерттелетін болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дәнді және техникалық дақылдарды химиялық қорғау

    Дәнді және техникалық дақылдар; егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі заңдылықтары; ауыспалы егістің ғылыми негіздері; дәнді және техникалық дақылдарды өсіру технологиясы; дәнді және техникалық дақылдардың аурулары мен зиянкестерінің жіктелуі; арамшөптер және олармен күресу шаралары; дәнді және техникалық дақылдардың аса қауіпті зиянкестері мен аурулары; пестицидтердің түрлері мен сипаттамасы; өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау; далалық жұмыстарды ұйымдастыру және сапасын бағалау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көкөніс шаруашылығы және көкөніс дақылдарын қорғау

    Көкөніс шаруашылығының тарихы мен дамуы; көкөніс дақылдарының жіктелуі мен сорттары; көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы; көкөніс дақылдарының морфологиялық белгілері, биологиялық ерекшеліктері; арамшөптердің түрлері және оларға қарсы күрес шаралары; көкөніс дақылдарының аурулары мен зиянкестері; пестицидтердің реестрі және оларды көкөніс шаруашылығында қолдану технологиясы; улы химикаттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау; өсімдіктерді қорғау препараттарын қолданудың экономикалық тиімділігін есептеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Танаптық дақылдарды химиялық қорғау

    Танаптық дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы, түрлері мен сорттары; өсімдік шаруашылығы мен егіншілік заңдары; ауыспалы егістер және танаптық дақылдарды өсіру технологиясы; танаптық дақылдардың аурулары мен зиянкестерінің жіктелуі; карантиндік арамшөптер және оларға қарсы күрес шаралары; танаптық дақылдарды химиялық қорғаудың негіздері; пестицидтердің жіктелуі; қазіргі заманауи химиялық препараттар және олардың сипаттамасы; өсімдіктерді химиялық препараттармен өңдеу мерзімдері мен мөлшері; танаптық жұмыстардың сапасын бағалау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеміс шаруашылығы және жеміс дақылдарын қорғау

    Жеміс шаруашылығының негіздері; жеміс дақылдарының жіктелуі; жеміс дақылдарының тіршілік факторлары; жеміс дақылдарын өсіру технологиясы; жеміс дақылдарының зиянкестерінің, арамшөптерінің және ауруларының түрлері; карантиндік зиянкестер, арамшөптер және аурулар; жеміс дақылдарын қорғаудың қазіргі заманауи және дәстүрлі емес әдістері; химиялық препараттарды/пестицидтерді және тірі организмдерді жеміс шаруашылығында қолдану; жеміс дақылдарын өңдеу мөлшері, мерзімі және әдістері; жеміс шаруашылығын механикаландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Егіншілік және өсімдік шаруашылығы негіздерін; агрономиялық зерттеулердің әдістемесі мен жүргізілуін; органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрлерін және оларды қолдану технологиясын; МЕМСТ және тұқым шаруашылығы мен селекцияны ұйымдастырудың құқықтық мәселелерін түсіндіру; дақылдарды өсіру бойынша дала жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді білу.
  • Өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау әдістерін; пестицидтердің жіктелуін сипаттау; әртүрлі әдістерді қолдана отырып дақылдарды қорғау жүйесін әзірлеуді және қолдануды; арамшөпті өсімдіктерді зерттеуді жүргізу; энтомологиялық және фитопатологиялық коллекцияларды жасау және сақтауды жүргізуді.
  • Өсімдіктерді қорғау саласындағы ҚР заңнамасы мен құжаттамасын; өсімдіктер зиянкестерінің, ауруларының және карантиндік арамшөптердің тізбесін таңдай білу; зиянды нысандардың таралу ошақтарын анықтай алу; зиянкестер, аурулар мен карантинді арамшөптердің дамуын болжауды және диагностика жүргізе алуы.
  • Шабындықтармен жайылымдар өсімдіктерінің түрлері мен биологиялық ерекшеліктерін; өсімдіктерді қорғау әдістерін; топырақты өңдеуге, тұқымды себуге, тыңайтқыштарды енгізуге, өсімдіктерді қорғауға, өнімді жинауға арналған машиналардың технологиялық сипаттамаларын және агрегаттауды ажырата білу; өсімдіктерді қорғауға арналған пестицидтерді таңдап алуды және қолдануды.
  • Ауылшаруашылық дақылдарының биологиясын; химиялық заңдар мен ұғымдары сипаттау; өнім, топырақ, су сапасына байланысты деректер мен үлгілерді іріктеуді және талдауды жүргізе білу; тәжірибе танабында топырақ пен ауаның ылғалдылығы мен температурасын, желдің жылдамдығын, бағытын, атмосфералық жауын-шашынды өлшеуді білу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Ашық және қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс, жеміс, танаптық шаруашылықтарын; өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау әдістерін; пестицидтер реестірін сипататуды білу; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау үшін химиялық препараттарды пайдалана алуы.
  • Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.
  • Дақылдардың ауруларының, зиянкестерінің және арамшөптердің; микроорганизмдерді; Қазақстан Республикасы үшін карантиндік маңызы бар ауруларды, зиянкестерді және арамшөптерді классификациялау; Қазақстан территориясында зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің таралу шекарасын анықтауды; танаптық жұмыстарды жүргізе алу.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
Top