Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11117 Мәдени-тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Бос уақытты ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологияларын, әдістерін, принциптерін, мәдени-тынығу бағдарламаларын ұйымдастыру.Кәсіби қызметте бос уақытты өткізудің әртүрлі нысандарын пайдалана білу, мәдени-тынығу іс-шараларын өткізу және тәрбие жұмысында жинақталған тәжірибені талдау; әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және қою.
  • Өнер тарихының, мәдени-тынығу жұмысының даму және қалыптасу тарихының кезеңдерін сипаттау, композиция және бұқаралық жұмыс түрлері мен көркем шығармашылықты, музыкалық стильдер мен жанрларды ұйымдастыру, әдістемелік басшылық жүйесі, бос уақыттың инновациялық технологиялары, сценарий әзірлеу, режиссура.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Сахналық шеберліктің, шешендік өнер мен көркем сөз теориясының, музыкалық сауаттылық пен сценарий шеберлігінің, визаж түрлері мен әдістерінің негіздерін қолдану, сондай-ақ кәсіби қызметте шешендік техниканы қолдану, сахналық костюм нысандарының дамуына талдау жасау, сөйлеу техникасы, музыкалық аспапта ойнау дағдыларын меңгеру.
  • Балалармен және жасөспірімдермен мәдени-тәрбие жұмысының дәстүрлі және инновациялық әдістемелерін пайдалана отырып, мектептен тыс мекемелердің жұмысын, коммуникативтік қарым-қатынасты, заманауи менеджментті ұйымдастыру, ұжымдардың репертуары мен сөз сөйлеуін қалыптастыру, мәдениет мекемелерінде мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
  • Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруды дамыту.
  • Модуль пәндері бойынша мәнерлілікті, хореография мен мәнерлі пластиканы құралдарын пайдалана білу, ұлттық дәстүрлермен байланысты, балалар мерекелерінің сценарийін әзірлеу және ұйымдастыру, сахналық іс-әрекетте бейненің сипатын пластикада іске асыру, шығармашылық ұжымның дайындық және концерттік-орындаушылық жұмысын ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
  • Ойынның сценарий-режиссерлік тәрбие мүмкіндіктерінің түрлері мен жанрларын, эстрадалық ансамбльдік орындаудың ерекшеліктерін, шоу-бағдарламаны іске асыруды ескере отырып, композициялар мен режиссуралар жасау, идеялық және эмоционалдық әсер ету құралдарын пайдалану, бағдарламаның сценарийлерін құрастыру және әзірлеу және шоу-бағдарламаларды ұйымдастыру, мәдени-демалыс іс-шараларының практикалық қызметін өз бетінше талдау дағдыларын меңгеру.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
Top