Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01610 Тарих-қоғамтану (IP) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әлем және Отан тарихындағы тарихи оқиғаларды, үдерістер мен құбылыстарды өзара байланыста талдайды, жалпыны салыстырып, белгілі бір фактілерді бөліп көрсетеді
  • Өзекті қоғамдық құбылыстар мен үдерістерге бағдарланады; қазіргі қоғамдағы діни және рухани-мәдени құбылыстар мен үдерістерді талдайды және бағалайды, оған қатысты өзінің азаматтық ұстанымын көрсетеді
  • Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларына сәйкес дүниетанымдық, тарихи және адамгершілік даму үшін пәнаралық білім мен тәжірибені қолданады
  • Тұлғаға бағдарланған, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, мектеп жасындағы балалардың өмірі мен қызметін тәрбиелеу, дамыту, ұйымдастыру үшін педагогика мен психология бойынша білімді қолдануға қабілетті
  • Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіптік және зерттеу қызметі деңгейінде қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде сындарлы қарым-қатынас жасауға және өзара іс-қимыл жасауға қабілетті.
  • Тарих және қоғамтану бағытында жаңа білімді синтездеу үшін ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, зерттеу бағыты мен әдіснамасын таңдауды жүзеге асырады;
  • Заманауи тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, қажетті ақпаратты іздейді, деректерді жинайды, тарихи дереккөздермен, архив материалдарымен, музей экспонаттарымен жұмыс істейді
  • Мектепте тәрбие мен білім беру үдерісін ұйымдастыру және басқару бойынша дағдыларды, жалпы орта білім беруді дамыту саласындағы менеджмент негіздерін және кәсіпкерлік икемділік-дағдыларын қолданады;
  • Жалпы орта білім беретін ұйымдағы тәрбие және білім беру үдерісіне мониторинг жүргізуге, олардың нәтижелерін талдауға және бағалауға қабілетті;
  • Педагогикалық этика нормалары мен академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, жалпы орта білім беру саласында және гуманитарлық ғылым бағытында жергілікті, өңірлік және республикалық деңгейде өз бетінше және командада зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті.
  • Өмір бойы кәсіби даму мен білім алуға қабілетті; өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін ойластырып, сыни тұрғыдан бағалайды, сондай-ақ тұрақты даму, ұйымы мен өзінің кәсіби әл-ауқатын дамыту мүддесінде мектепте тарихи, қоғамтанулық білім беруді жетілдіру үшін жаңа мақсаттар қояды.
  • Ата-аналар және педагог қауымымен ынтымақтастық әрі өзара шығармашылық байланыс шеңберінде қолайлы ахуал жасау үшін эмоционалды интеллект дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға қабілетті.
Top