Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в Шымкент университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті түсінеді, жаңа білімді синтездеу және заманауи технологияларды маңызды түрінде ұсына алады.
  • Іскерлік этика нормаларын сақтайды, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын, формальды логика, аргументация теориясы мен практикасы, риторика қағидаларын біледі, кәсіпкерлік қызмет негіздерін біледі.
  • Жаңа ақпараттық жүйе саласындағы білімдерді меңгереді, әлемдегі кәсіби жоғары бағдарламалаушылар тәжірибесін зерттейді, ортақтандырады, таратады және қолданады, кәсіби қызметте жоғары дәлелдемелерге ие бола алады, өзіндік білім алу және өзіндік танымға талпыну қабілеттерін игереді.
  • Жасанды интеллект жүйесін енгізе және сүйемелдей алады, символдық ақпаратты өңдеуге бағытталған арнайы бағдарламалау тілдерін, логикалық бағдарламалау тілдерін, интеграцияланған бағдарламалық ортаны, зияткерлік және сараптамалық жүйелердің қабықтарын қолдана алады
  • Кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолданады, дәлелдерді қалыптастырады және оқытылатын саладағы мәселелерді шешеді. Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдаланады.
  • Жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана біледі; математиканы оқытудың инновациялық технологияларын қолдана алады, пәндік дағдыларды қалыптастырады, мектеп оқушылары арасында математикаға қызығушылық туғызу әдіс тәсілдерін меңгереді.
  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын түсінеді. Әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық құбылыстарға жеке баға береді, Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолдана біледі.
  • Компьютерлік графика жүйелерінің ұйымдастыру үрдістері, техникалық және бағдарламалық құрылымдарын, бейнені қалыптастырады және түрлендірудің негізгі әдістері мен алгоритмдерін, графикалық сұхбаттасу әдістерін, графикалық контроллерлер мен процессорлардың қызметтерін біледі;
  • Ғылыми және философиялық таным әдістерін түсіндіреді. Зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға береді. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын және ерекшеліктерін интерпретациялайды.
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады, осы салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары, фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады..
  • Грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын дұрыс пайдалана біледі.
  • Оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешеді, теориялық және практикалық білімді қолдана алады.
  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін түсінеді және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын қолдана алады.
  • Әлеуметтік этикалық, және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыра алады, тұлғаралық, мәдениетаралық және өндірістік кәсіби қарым-қатынас мәселелрін шешу мақсатында қазақ, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай біледі.
Top