Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01540 Биология в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Болашақ маманның кәсіби даму бағыттарын оқытуда, әлемдік және отандық ғылыми жетістіктерді зерттеуде, биология саласындағы өзекті мәселелерге өзіндік баға беру;
  • Ғылыми және өндірістік қызметте қолдану үшін әлеуметтік, гуманитарлық және педагогикалық пәндердегі соңғы тенденциялардың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеуді және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдалана білу;
  • Биология саласындағы кәсіби халықаралық қарым-қатынастың мамандандырылған терминологиясы шеңберінде білімін жаңартып, өз пікірін қалыптастыру үшін, ақпараттық мәдениетін,шетел тілін меңгерту;
  • Биология саласында оқытудың заманауи ақпараттық технологияларын, ғылыми зерттеулер әдіснамасы білімін қолдану, жоғары мектеп педагогының еңбегін ғылыми ұйымдастыруды сыни тұрғыдан бағалау;
  • Заманауи ғылыми жетістіктерді сыни тұрғыдан талдап бағалайды; ғылыми-зерттеу және практикалық мәселелерді шешу кезінде, оның ішінде пәнаралық салаларда жаңа идеяларды тудыра білу;
  • Тірі организмдердің тіршілік процестерін зерттей отырып, биологияның негізгі жетістіктері мен даму тенденцияларын талдау; тірі ағзалардың маңызды қосылыстарын зерттеу әдістерін әзірлеу; тіршілік процестерін зерттеуді ұйымдастыруды дағдыландыру;
  • Биологиялық ғылыми түсініктер негізінде, табиғатты қалпына келтіру мен биоресурстарды пайдалану,қорғау салаларын басқаруда қолданбалы зерттеу әдістерін білу және практика жүзінде қолдану;
  • Биология саласындағы зерттеу нәтижелеріне сапалық және сандық талдау жүргізу; биология тарихы мен биологияның өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін білу және түсіну;
  • Жаратылыстану ғылымдарының жаңа ғылыми-зерттеу нәтижелерін талдау, өнертапқыштық, коммерциалау жұмыстарын зерделеп оқыту және ғылыми тәжірибе жасау дағдыларын, биологиядағы заманауи зерттеу әдістерін қолдану;
  • Биологиялық білім беру саласында жоғары педагогиканы дамытып, болашақ маманды қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық жағдайларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе негізінде алынған нәтижелерді жан-жақты пайдалану;
Top