Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07112 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тарих және ғылым философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелік ғылыми көзқарасқа негізделген жан-жақты және пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру.
  • Мұнай шикізатын, қоспаларды, техникалық сұйықтықтарды терең өңдеу процестерінің катализаторларының қасиеттерін таңдау және реттеу, полимерлі композициялардың рецептураларын әзірлеу дағдыларын меңгеру.
  • Көмірсутек шикізатын өңдеудің, органикалық заттарды өндірудің технологиялық процестерін талдау және түзету, тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтау мақсатында технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін және олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалауды жүргізу.
  • Оқытудың интерактивті әдістерін, оқу-әдістемелік құжаттамаларды, мультимедиялық материалдар мен оқытуды бақылау әдістерін әзірлеу, сондай-ақ органикалық және мұнай-химия синтезі саласындағы білім алушылардың ғылыми-оқу жұмысына басшылық жасау.
  • Технология саласындағы өндірістік ортада басқару шешімдерін қабылдау, шығармашылық және логикалық ойлауды көрсету, жоғары білімді, психологиядан білімі бар мамандар командасын басқару және кәсіпкерлік дағдыларды қолдану.
  • Жоғары оқу орнының (ЖОО) психологиясы мен педагогикасын іс жүзінде қызметте қолдану, жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын қолдану арқылы ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жоспарлау және орындау.
  • Технологиялық процестерді жетілдіру және инженерлік-техникалық-экономикалық есептеулерді орындау, көмірсутек шикізаты мен синтетикалық талшықтарды терең өңдеудің технологиялық процестерін бағалау.
  • Шет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жинақтау; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, баяндама түрінде қорыту.
  • Сапаның экологиялық стандарттарына сәйкес келетін өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту мен қайта құрудың тиімді нұсқаларын құрастыру.
  • Химиялық-технологиялық процестердің жіктелуін және химиялық өндірістердің типтік аппараттарын есептеуін білу, технологиялық жабдықты таңдауды негіздеу;
Top