Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнын айқындау, ақын-жыраулардың қазақ әдебиетіне қосқан еңбектерімен танысу, қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарын талдау, шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімін қарастыру, әлем әдебиетінің даму жолдарын және тәуелсіздік жылдарындағы шығармаларды зерделеу.
  • Кәсіби қызметте қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық білімдерді, деректерді статистикалық өңдеу әдістерін қолдану, ғылыми-теориялық негізде түсіну, Қазақстан Республикасының құқықтық- нормативтік құжаттарын білу.
  • Инклюзивті білім беруде әр түрлі жастағы балаларды дамыту үшін диагностикалық әдістерді меңгеру, теориялық білімдерін дамыту мақсатында өндірісте тәжірибеден өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тұжырымдау, оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтарын және әр түрлі жас кезеңінде оқу процесінде пайда болатын көріністерді зерделеу.
  • Қазақ тіл білімі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) салаларының заңдылықтарын тұжырымдау, қазақ әдеби тілінің тарихын, оның қалыптасу жолдарын меңгеру, қазақ тілінің стилистикалық нормаларын, лингвистиканың өзекті мәселелерін өз кәсібінде қолдану.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін қолдану, ғылыми-практикалық зерттеулерді өз бетінше дамыту, инновациялық технологияларды қолдану арқылы олардың нәтижелерін талдау, тіл қызметінің заңдарын білу және қазіргі латын әліпбиі негіздеріне байланысты білімдерін өз тәжірибесінде пайдалану.
  • Қазіргі қазақ әдебиеті және оның жаңа бағыттары бойынша зерделеу, көркем шығарманы талдау, әдебиет теориясы мен сыны, қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдер, бағыттар, оның өкілдері, зерттеушілері туралы мәліметті ғылыми тұрғыда меңгеру, жаңа тұжырымдарды негіздеу, әдебиеттің ой-сананы оятудағы рөлін саралау.
  • Қашықтықтан оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру, білім берудегі менеджменттің қыр-сырларын тәжірибе жүзінде қолдану. Қоғамдық ортада өзінің философиялық көзқарасын дәлелдеу және бағалау.
  • Стилистика ғылымының теориялық базасын игеру, тілді этнотаңбалар мен этнотілдік сана арқылы тану, шығармадағы ұлттық психологияны тани білуге үйрету, әлеуметтік лингвистиканың жаңа әдістерін игеру, тіл мен мәдениет сабақтастығын айқындау, интонацияның қызметін қолдану арқылы ұлттық корпусты меңгеру.
  • Кәсіби ортада және қоғамда орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса білу, оқушылардың бойында патриоттық пен ізгіліктік дүниетанымды, азаматтық сана-сезімді қалыптастыру мен дамыту мақсатында қоғамдық сана жаңғыруының негізгі ұстанымдарын түсіну, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығын арттыру, әлеуметтік-психологиялық және жаратылыстық ғылыми сипаттағы пәндер бойынша білімдерін өз кәсіби қызметтерінде қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын дамыту.
  • Тіл білімінің ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін, негізгі лингвистикалық категорияларын зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздерін білу, қазақ тілінің сөздік қоры мен құрамын меңгеру.
  • Фольклорлық шығармалардың идеялық-көркемдік қырларын саралау, әдебиеттану ұғымдарын (шығарманың көркем және стильдік тәсілдері мен әдістерін, жанрлары мен типтерін) кәсіби деңгейде игеру, қазақ әдебиетінің даму жолдарын зерделеу, Абайтану, Әуезовтану ғылымының қалыптасып, дамуын айқындау.
Top