Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01702 Орыс тілі мен әдебиеті в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары мектепте оқыту мен білім берудегі инновациялық тәсілдердің мазмұнын қорытады; лингводидактика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды.
  • Қазіргі антропоөзекті парадигма саласындағы концептуалды зерттеулерге талдау жасайды; сөз бен мәтінге лексикалық талдау жүргізеді; әртүрлі ғылыми концепцияларды түсіндіру дағдыларын меңгерген; тілдік құбылыстарды сын тұрғысынан талдайды.
  • Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып білім беруде ұйымдастырады, білім берудегі негізгі педагогикалық тұжырымдамаларды тиімді ұстану жолдарын анықтайды, басқару психологиясы мен менеджмент теориясының негізгі әдістерін меңгерген, әлеуметтік-педагогикалық жобалау және болжау мүмкіндіктерін қолданады; практикалық дағдыларды игереді, қызметке қатысты креативті шешімдер қабылдайды; әріптестерімен кәсіби, мәдени қарым-қатынас орнатады.
  • Орыс және шетел әдебиетінің негізгі бағыттары мен мектептерінің ерекшеліктерін анықтайды; әлемдік әдеби үдерістің дамуы, әдебиеттанудың қазіргі бағыттары туралы білімдерін қолданады; көркем шығармаларды түсіндіреді.
  • Тіл жүйелерінің дамуы мен қызмет етуінің филологиялық заңдылықтары, тіл білімінің даму бағыттары мен кезеңдері туралы білімдерін қолданады; лингвистиканың заманауи міндеттерін анықтайды; қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерін талдайды.
  • Оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды жасайды және бағалайды; ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асырады.
  • Ғылым тарихы мен жаңа концептуалдық идеялардың даму бағыттарын өзіндік көзқарас тұрғысынан дәлелдейді; ғылыми сананың заманауи даму үрдістерін, философиялық мәселелерін анықтайды, іс-тәжірибелік мәселелерді жедел шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдыларын меңгерген, қоғамның өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіреді, теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолданады.
  • Әртүрлі жанрлар мен стильдердің шығармаларын, әдеби ағымдардың ерекшеліктерін және олардың ең жарқын өкілдерінің поэтикалық шығармашылығын талдайды; әртүрлі пішіндер мен стильдегі мәтіндерді өңдейді және жазады.
  • Біліктілік жұмысын жазу барысында алған білімін синтездейді; пікірталастарда белгілі бір позицияны қорғайды және өз пікірін білдіре алады.
  • Шетел тілінде логикалық және жүйелі тұрғыда ауызша және жазбаша қарым-қатынас құрады; шетел тілін көпмәдениетті әлемдегі халықаралық өзара түсіністік пен келісім құралы ретінде пайдаланады, кәсіби деңгейде шет тілін жетік біледі.
Top