Жаңа білім беру бағдарламасы

6B10189 Стоматология в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Денсаулық сақтау саласындағы озық инновациялық технологиялар мен ғылыми ізденіс нәтижелерін қолдануға және өмір бойы білім алуға қабілетті, стоматологиялық көмекті сауатты жүзеге асыратын, бәсекеге бейім, білікті кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 6 года
  • Кредиттер көлемі 366
  • Білім беру бағдарламаларының тобы BM087 Стоматология
  • Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
  • Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау

Пәндер

  • Тіс морфологиясы және физиологиясы

    Пән ұдайы дамып және жаңартылып отыратын білімді қоса алғанда, тістердің дұрыс анықтамасы, шығу реті, тістің құрамы, тістердің құрылымы және морфофункциональды ерекшеліктері туралы білім қалыптастырады. Курс барысында біліv алушылар үздіксіз өзін-өзі бағалау және өмір бойы білім алу негізінде тістердің моделдерін сабын және парафинмен жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіршілік негіздері 1

    Модуль органикалық химияны, тірі организмдердің жасушалық айырмашылықтарын, молекулалық эволюцияны, биологиялық мембраналарды, жасуша органеллаларын, метаболизм жолдарына қатысатын биомолекулалардың құрылымы мен қызметін және денсаулық сақтау саласындағы негізгі генетикалық тұжырымдамаларды зерттейді. Курс барысында білім алушылар молекулалар, жасушалар, органдар мен жүйелер деңгейінде адамның негізгі дамуын игере отырып, командалық жұмыста коммуникативті дағдыларды, заманауи ақпараттық технологияларды, этикалық принциптерді қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тіршілік негіздері 2

    Модуль генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіре отырып, ген экспрессиясын басқаруда рөл атқаратын молекулалар мен олардың қасиеттерін, мембрана мен жасушаның электрлік қасиеттерін, электр және магнит өрістері үшін тіндердің өткізгіштігін, мүшелер мен жүйелердің дамуын, қалыпты механизмдерді түсіндіреді. Курс барысында білім алушылар этикалық принциптерді және заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, биологиялық және биофизикалық зертханалық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Түрік тілі ( А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Морфология және физиология 1

    Модуль дененің құрылымы мен орналасуын және олардың топографиялық қатынастарын үйретеді, сонымен қатар қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде организмнің және оның жекелеген компоненттерінің жұмысын реттеудің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін, әртүрлі құрылымдық және функционалдық деңгейлердегі өмірлік процестерді ұйымдастыруды зерттейді. Курс барысында білім алушылар тиімді қарым-қатынас және этикалық принциптерді қолдана отырып, ағзаның физиологиялық құбылыстарын зерттеу әдістерін лабораториялық жағдайда меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Стоматологиядағы материалдардың құрылымы

    Пән протездеудің клиникалық және зертханалық кезеңдерінде ортопедиялық стоматологияда заманауи материалдарды қолдану аспектілерін, материалтану негіздерін, олардың химиялық табиғатына және қолдану технологиясына байланысты материалдардың параметрлерінің айырмашылығын, сонымен қатар, стоматологиялық тәжірибеде материалдарды таңдаудың ғылыми негізделген дәректерін оқытады. Курс барысында білім алушылар пациенттерге тиімді стоматологиялық көмек көрсету үшін, яғни стоматологиялық реставрациялардың эстетикасына, функционалдық толықтығына және ұзақ мерзімділігіне қол жеткізу дұрыс материалдарды таңдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Клиникаға кіріспе және коммуникативті дағдылар

    Модуль емдеу мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыру, науқасқа күтім жасау мен оны бақылау тәсілдерін, пациенттер және олардың отбасыларының қажеттіктерін ескере отырып, тиімді қарым қатынас жүргізу аспектілерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар үздіксіз даму қасиеттерін қолдана отырып, парентеральдық, вена ішіне, тері астына, тері ішіне, бұлшық етке дәрі жіберу, венадан қан алу, венаға инфузия жасау дағдыларын симуляциялық жағдайда меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Биологиялық химия

    Пән адам организмінің биохимиялық көрсеткіштерін, тіндік деңгейдегі процестерді және қалыпты механизмдерін оқытады. Курс барысында білімгерлер биохимиялық анализдерді талдау, аурулардың белгілерін анықтау, дұрыс диагноз қою үшін биологиялық сұйықтықтардың, гормондардың биохимиясын, ферменттер мен витаминдердің тіршілік үшін маңызын анықтау және тиімді емдеуге бақылау жасау дағдыларын меңгереді. Үздіксіз жеке және кәсіби өсу үшін денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Морфология және физиология 2

    Модуль тіндік құрылым, мүшелер мен жүйелердің дамуы мен адам ағзаларының құрамындағы жасушалар мен тіндердің ультрақұрылымы, қызметі және өзара байланысы туралы, ағзаның тұтастай алғанда оның жекелеген құрамдас бөліктерінің қызметін реттеудің негізгі заңдылықтары мен механизмдері туралы, сондай-ақ бас пен мойынның клиникалық анатомиясы туралы базистік білім қалыптастырады. Оқу процесінде білім алушылар үздіксіз өзін-өзі бағалау және ақпараттық технологиялар арқылы анатомиялық мүляждар және микроскоппен жумыс істеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Микробиология

    Пән адамның микробиоценозы және олардың таксономиясы, бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың және т.б. патогенділігі мәселелерін қарастырады. Пәнді оқу барысында студент қалыпты және патологиялық жағдайдағы микроорганизмдердің механизмдері туралы, инфекциялық жағдайлардың көріністері туралы білім алып, жұқпалы патологияның микробиологиялық диагностикасы, микробиологиялық зерттеулер нәтижелерін түсіндіру, дәрігердің микробиологиялық тәжірибесіне ғылыми деректердің жаңа жетістіктерін енгізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Стоматология негіздері (Терапиялық, ортопедиялық және хирургиялық стоматология негіздері)

    Модуль ауыз қуысы мен жақ-бет аймағының мүшелері мен тіндері ауруларының семиотикасының негізін, диагностиканың жалпы принциптерін, негізгі-қосымша тексеру әдістерін, стоматологиялық ауруларды саралау және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын үйретеді. Курс барысында білім алушылар нормативтік база шеңберінде стоматология кабинетін, тіс зертханаларын ұйымдастыру, құрал саймандармен жабдықтау, асептика-антисептика ережелерін сақтау және жалпы тәжірибелі стоматологтың бастапқы кәсіби мануалдық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 9
  • Ғылыми зерттеулерге кіріспе

    Пән ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың жалпы принциптерін, ғылыми зерттеу бағытын таңдауды және ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдерін, теориялық және эксперименттік зерттеулерді оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ақпарат іздеу дағдыларын, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде, тақырыптың экономикалық тиімділігін бағалауда идея тудырудың заманауи әдістерін меңгере отырып, зерттелетін аумақтағы мәліметтерді жинақтау және сыни талдау негізінде өз бетінше шешім қабылдау қасиетін дамитады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стоматологияда фотосурет жасау

    Пән диагностикалық дәлдікті, емдеуді жоспарлауды, емдеуді орындауды, эстетикалық жақсартуды және нәтижелерді бағалауда цифрлық фотосуреттегі технологиялық жетістіктерді зерттейді. Курс барысында білім алушылар заманауи ғылыми жетістіктер негізінде сандық фотографияны пайдалана отырып, ауызішілік және ауыздан тыс құжаттамаға стандартталған және жүйелі көзқарас дағдыларын меңгереді. Оқу процесінде медициналық көмектің сапасын арттыруда үнемі өзіндік дамуға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Цифрлы стоматология

    Пән 3D құрылғылар көмегімен жылдам әрі сапалы тіс протездерін дайындауды және терапиялық стоматологияда композиттік материалдар орнына цифрлы технологияларды қолдану арқылы керамикалық салмаларды дайындауды үйретеді. Курс барысында білім алушылар ғылым дәлелденген дәректермен цифрлы құрылғылардың салыстырмалы түрде барлық жағынан тиімділігін көрсете отырып, интраоральды 3D сканер көмегімен қалып алуды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Балалар стоматологиясындағы эстетикалық тәсілдер

    Пән балалар стоматологиясындағы эстетикалық тәсілдерді, әртүрлі стоматологиялық ақауларды қалпына келтіруге және жоюға мүмкіндік беретін қалпына келтіру әдістерін үйретеді. Курс барысында білімгерлер кішкентай науқастың ауыз қуысында, әсіресе эстетикалық маңызды аймақта бар ақауларды жоюдың әртүрлі әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді. Оқу процесінде білімгерлер пациенттер және олардың отбасыларымен қажет ақпараттарды алу және процедураларды жүргізу үшін оңтайлы орта қалыптасуына әкелетін коммуникациялық дағдыларды қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Балалар стоматологиясы-1

    Пән балаларда уақытша және тұрақты тістердің қалыптасуын, дамуын, балаларда уақытша және тұрақты тістерді жұлуды, жұлу барысында қолданылатын құрал-саймандардың ерекшеліктерін, тістің қатты тіндерінің тіс жегі және тіс жегілік емес ауруларының этиопатогенезін, даму кезеңдерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар бала психологиясына сай қарым-қатынас дағдыларын қолдана отырып, балалардағы тіс қатты тіндерінің тіс жегі және тіс жегілік емес ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жалпы патология

    Пән патологиялық жағдайларда жасушалар мен тіндерде жүретін құрылымдық өзгерістер мен дисфункцияларды, олардың этиологиясын, патогенезін және морфогенезін білу арқылы аурулардың негізгі патологиялық симптомдарымен синдромдарын анықтауды үйретеді. Курс барысында білім алушылар кәсіби өсуді дамыту үшін жалпы патологиялық процестердің, яғни дистрофия, некроз, қабыну, иммунопатологиялық және онкологиялық өзгерістердің макро-және микроскопиялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялауға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Реставрациялық стоматология

    Пән тістер зақымдалуының негізгі этиологиялық факторлары, даму механизмдері және клиникалық көріністері туралы білім қалыптастырып, тістердің зақымдалған немесе жоғалған бөліктерін қалпына келтіру үшін қолданылатын материалдарды таңдау және оларды қолдануды, реставрацияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді үйретеді. Курс барысында білім алушыдар тістерді қалпына келтірудегі түстердің сәйкестігі және эстетикалық факторларға мән бере отырып, диагностикалау әдістері мен емдеуді жоспарлау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стоматологиялық аурулардың алдын алу

    Пән стоматологиялық аурулардың алдын алудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістерін, эпидемиологиясын, емханалардың профилактикалық бөлімдерінде науқастарды тексеруді, тіс жегі және тісжегі емес зақымданулар, пародонт аурулары, және тіс-жақ аномалияларының алдын алу шараларын үйретеді. Курс барысында білім алушылар ауыз қуысының гигиенасы бойынша халықты стоматологиялық тәрбиелеу шараларын, профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу, қолдану және тиімділігін бағалау принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Пародонтология негіздері

    Пән пародонт тіндерінің құрылысы мен қызметтері, пародонт ауруларының жіктелуі, этиологиясы, даму механизмдері және олардың жүйелік әсері туралы негізгі білім қалыптастырады. Курс барысында білім алушылар ғылыми зерттеу әдістерін және ғылыми дәректерді қолдана отырып, пародонт ауруларының салыстырмалы нақтамасында қажет етілетін диагностикалық әдістер және емдеу бағытын жоспарлау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ауыз қуысының гигиенасы

    Пән ауыз қуысы мүшелерінің физиологиясын, ерекшеліктерін және дұрыс күтім жасау білім қалыптастырып, балаларға арналған негізгі және қосымша ауыз қуысының гигиеналық құралдарын таңдауды, тіс пасталарының түрлерін, тіс жібі мен шаюды үйретеді. Курс барысында білім алушылар тістерді дұрыс тазалау мен ауыз қуысын күту әдістерін және тиімді коммуникативті дағдылармен балалар мен жасөспірімдерге бұл ақпаратты жеткізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Фармакология

    Пән дәрілік заттардың жалпы заңдылықтары, олардың тірі организмдермен өзара әрекеттесуі мен әсері, әртүрлі аурулар кезінде, соның ішінде стоматологиялық препараттарды ұтымды таңдауды үйретеді. Курс барысында білім алушылар медициналық көмекті жақсарту үшін фармакологиялық зерттеулердің құндылығының бірі - дәрілік заттардың клеткалық, субклеткалық, физиологиялық әсер ету механизмдерін бағалауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Деонтология және эргономика

    Пән қоғамның рухани құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтауды, науқастың денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауды, медициналық этика принциптерін оқытады. Курс барысында білім алушылар науқастардың қажеттілітерін ескере отырып және денсаулық сақтау мамандарымен кәсіби және ғылыми ортада тиімді коммуникациялық дағдыларын және практикада тиімді, қауіпсіз жайлы жұмыс жасау әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Эпидемиология және биостатистика

    Модуль жұқпалы аурулардың этиологиясын, берілу механизмі және алдын-алуын, биологиялық объектілерді ғылыми зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану арқылы өңдеуді және талдауды оқытады. Курс барысында білімгерлер зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы инфекциялық, паразиттік және жұқпалы емес аурулардың алдын-алу бойынша медициналық мекемелерде, халықтың әртүрлі контингенттері арасында жеке, топтық және популяциялық деңгейлерде теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стоматология анестезиясы

    Пән хирургиялық стоматологияда ота жасау кезінде жалпы және жергілікті жансыздандырудың ерекшеліктері мен күрделілігін, жергілікті жансыздандыруда қолданылатын дəрі-дəрмектер, оның түрлері, көрсеткіштерін оқытады. Курс барысында білім алушылар үздіксіз кәсіби өсуді қолдай отырып, жергілікті жансыздандырудан кейін болатын асқынуларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Алмалы және алынбайтын протездеу

    Пән алынбайтын және алмалы протездеуді қолдану көрсеткіштерін, толық тіссіздік кезінде және тіс қатарының ішінара ақаулықтары кезінде тіс қатарын алмалы және алынбайтын протездермен қалпына келтіруді, толық тіссіздік жағдайында альвеола өсіндісінің жағдайына баға беріп, толық тіссіздік жағдайына нақтама қойып протез конструкциясын дұрыс таңдауды үйретеді. Курс барысында білім алышулар тұтас құйылған металл керамикалық сауытқа арнап тісті егеу, қалыптық массаны таңдау және науқастың ауыз қуысынан қалып алу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Стоматологиядағы радиологиялық диагностика

    Пән стоматологиялық науқастарға дұрыс нақтама қою кезінде қолданылатын радиологиялық әдістерді, рентгенологиялық диагнозды басқа клиникалық нәтижелермен байланыстыруды және радиациялық әсер ету жағдайында адам ағзасындағы морфофункционалды, физиологиялық күйлер мен патологиялық процестерді дұрыс бағалауды оқытады. Курс барысында білім алушылар рентгенографиялық кескіндерді интерпретациялау, сәулелік диагностика кабинеттерінің негізгі медициналық құжаттамаларын дұрыс жүргізу және радиациялық қауіпсіздік пен қорғаныс шараларын жүзеге асыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Стоматологиядағы дәлелді медицина

    Пән зерттеулер жүргізген кездегі мамандар бақылауы мен пациенттердің хабарламасы нәтижесіндегі алынған сенімді клиникалық мәліметтерді жинау, интерпретациялау және интеграциялауды оқытады. Курс барысында пациенттерінің емдеу нәтижелерін зерттеуде қолданылатын әр түрлі зерттеу әдістерін, сондай-ақ ғылыми дәлелдерге негізделген емдеу принциптерін үйренеді. Оқу процесінде ғылыми зерттеу дағдыларын қолдана отырып, денсаулық сақтауды дамыту мақсатында көптеген зерттеу әдістері мен құралдарын қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ішкі аурулар негіздері (ішкі аурулар, эндокринология, гематология)

    Модуль ішкі ағза ауруларының, эндокринді және гемотологиялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, жіктемесін, клиникалық көріністерін және олардың диагностикасы мен емдеу принциптерін үйрету негізінде пациентке бағытталған тиімді көмекті қамтамасыз еткізеді. Курс барысында білім алушылар пациенттермен, олардың отбасыларымен және денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасу процесінде этикалық принциптерді қолдана отырып, ішкі мүшелердің ауруларын диагностикалау әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ауыз, тіс және жақ аурулары

    Пән балалар мен жасөспірімдердегі одонтогенді, одонтогенді емес қабыну аурулары, спецификалық ауруларды, тістердің, жоғарғы және төменгі жақтардың жарақаттарың, самай төменгі жақ буын ауруларын, дамуын, клиникалық ағымдарын, емдеу ерекшеліктерін ғылыми деректер негізінде үйретеді. Курс барысында білім алушылар этикалық принциптерді қолдана отырып, ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ортодонтия

    Пән ауыз және жақ-бет дамуының эмбриологиялық кезеңдерін, тіс жақ аномалияларының жіктелуін, олардың турлерін, этиологиясын, патогенезін, функционалдық және морфологиялық өзгерістерін, клиникалық көріністерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар ақпараттық технологиялармен ғылыми зерттеу нәтижерелерін қолдана отырып, тіс және жақ аномалияларын рентгендік, голографиялық, компьютерлік әдістермен диагностикалау және жіктеу, жақ сүйектерінің өсуін басқару үшін ортодонтиялық емдеуді жоспарлау және емдеу процесін бақылау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Дерматовенерология негіздері

    Пән ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануымен жүретін тері және венерологиялық ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын-алу әдістерін оқытады. Курс барысында білім алушылар клиникалық-лабораториялық зерттеу әдістерін талдай отырып, пациенттермен, олардың отбасыларымен және денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасу және салыстырмалы диагностиканы жүргізу арқылы қуысының және еріннің шырышты қабаттарын зақымдайтын тері және венерологиялық ауруларын емдеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Академиялық ғылыми жазба

    Пән зерттеушілер арасында идеяларды жеткізуге, дәлелдер жасауға және ғылыми сұхбатқа қатысуға академиялық жазбаларды дұрыс пайдалануды оқытады. Курс барысында білімгерлер ғылыми зерттеу және академиялық жазу дағдыларын қолдана отырып, денсаулық сақтаудың қандай да бір саласын дамыту мақсатында зерттеу нәтижелерін дұрыс жариялауды үйренеді. Оқу процесінде білімгерлер жазбаларды жазуда нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімді әдістері мен құралдарды қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Аллергология негіздері

    Пән организмдың сезімталдығын жоғарылаумен жүретін аллергиялық аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық көріністерін, алдын алу және емдеу әдістерін оқытады. Курс барысында білім алушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен емдеу хаттамаларын қолдана отырып, анафилактикалық шок, Квинке ісігі, есекжем және аллергиялық дерматиттер кезінде алғашқы және кешенді емдеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ауыз қуысының хирургиясы

    Пән ауыз қуысы патологияларын хирургиялық емдеуде диагностикалау, хирургиялық процедураларды жоспарлау және орындау бойынша терең білім мен дағдыларды, сонымен қатар ортогнатикалық хирургияның жоспарын құру процестерін үйретеді. Курс барысында білім алышулар өзін өзі бағалау және этикалық принциптер негізінде хирургиялық диагностика мен емдеу жоспарларын, әсіресе ерін мен таңдайдың жырығы бар науқастарды жасау және жүзеге асыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Балалар ауруларының негіздері

    Пән жиі кезедесетін балалар ауруларының даму механизмін, клиникалық көріністерін, диагностикасын, емдеу тәсілдерін және алдын алу шараларын оқытады. Курс барысында білім алушылар балалар психологиясына сай коммуникативті дағдылар мен этикалық принциптерді қолдана отырып балалар ауруларын ғылыми діректерге негізделген диагностикалау, емдеу принциптері және алдын алу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Гнатология

    Пән қалыпты және патологиялық жағдайдағы тістердің, шайнау бұлшық еттерінің, байламдардың, самай-төменгі жақ буынының морфофункционалды өзара байланысын зерттейді. Курс барысында білімгерлер өзін-өзі бағалау және ғылыми зерттеу нәтижелері негізінде самай-төменгі жақ буыны ауруларының функционалдық окклюзиясын оңалту ортопедиялық емдеу дағдыларын симуляциялық ортада меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Неврология, Психиатрия

    Пән жақ-бет жүйесі тарапынан симптоматикамен сүйемелденетін неврологиялық ауруларды, нейростоматологияны диагностикалау мен емдеудің негізгі принциптерін, сондай-ақ психиатрия негіздерін оқытады. Курс барысында білімгерлер үздіксіз дами заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, неврологиялық және психиатриялық науқастарды сұрастыру, неврологиялық статусты зерттеу, диагностикалық критерийлерін, лабораторлы және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдауды, нақты топикалық диагнозды анықтау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жұқпалы аурулар негіздері

    Пән микроорганизмдердің адам ағзасына енуінен, оның өсуі мен өмір сүруінен туындайтын жұқпалы ауруларды, жіктелуін, этиологиясын, патогенезен, ауыз қуысын мүшелеріне әсерін, клиникалық көріністерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен емдеу хаттамаларын қолдана отырып, жұқпалы аурулар кезіндегі науқастарды сурау, жалпы және қосымша тексеру әдістерін, лабораториялық көрсеткіштер мен емдеу тәсілдерін, алдын алу шараларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тістің қатты тіндерінің аурулары

    Модуль тістің қатты тіндерінің тіс жегі және тіс жегі емес зақымдануларының жіктелуін, этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, дифференциалды диагностикасын және емдеуді, тістің қатты тіндерінің ауруларын емдеуде кездесетін қателер мен асқынуларды зерттейді. Курс барысында білім алушылар тиімді коммуникативті дағдылар мен этикалық принциптерді қолдана отырып, диагностика, емдеу кезеңдері мен асқынулардың алдын алу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Сот медицинасы

    Пән Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметінің процессуалдық және ұйымдастырушылық мәселелерін, өлім және мәйіттік құбылыстар туралы ілімді, беттің жұмсақ тіндерінің зақымдану ерекшеліктерін, беттің жұмсақ тіндері мен сүйектерінің оқпен жарақаттануын, стоматологтардың кәсіби құқық бұзушылықтары бойынша сот істері мәселелері. Курсты оқу барысында білім алушылар беттің жұмсақ тіндерін, жақ-бет сүйектерін, тістерді, механикалық асфиксияның сот-медициналық сараптамасын, жеке тұлғалардың және тұтынушылардың әрекеттерінен сот-стоматологиялық сараптамасын жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хирургиялық аурулар (жалпы хирургия, офтальмология, оториноларингология)

    Модуль адам денесінің барлық ағзаларының бөліктерінің сырқаттары мен жаралар, қан кетулер, қан құю, жарақаттар, іріңді хирургиялық инфекцияны және оперативті емдеу әдістерін, офтальмологиялық және оториноларингологиялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің негізгі принциптерін және олардың ауыз қуысы органдарымен өзара байланысын зерттеп, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқытады. Курс барысында білім алушылар науқастарға клиникалық тексеру, диагностикалық тәсілдер және емдеу жүргізуді, сонымен қатар аурулардың алдын алу шараларын және дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Кәсіби менеджер модулі (Шет тілі (кәсіби), Менеджмент, Басқару психологиясы)

    Модуль мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға және басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі ұғымдарын, интернационалдық ортада шет тіліндегі басқару теорияларын игеруді жетілдіруге бағытталған. Курс барысында академиялық жазуды, ғылыми қоғамдастықты ақпараттандыру кезіндегі ғылыми зерттеулерді және мақалаларды, есептерді және басқа да ғылыми жұмыстарды шет тілінде ресімдеуді меңгереді. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында басқа компоненттермен өзара әрекеттесу кезінде психологиялық басқару әдістерін қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жақ-бет хирургиясы, жақ-бет протезі

    Модуль бет пен мойынның жұмсақ және қатты тіндерінің қабыну ауруларын, жарақаттарын ісіктерін, туа біткен және жүре пайда болған ақауларына хирургиялық диагностика мен емдеу жоспарларын жасау және жүзеге асыруды үйретеді. Курс барысында білім алушылар эстетикалық, шайнайтын және жұтынатын функцияларды қалпына келтірудегі ғылыми дәлелдерге негізделген диагностикалау және емдеу принциптерін зерттеп, емдеу нәтижелерін бағалау және енгізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Эндодонтия

    Пән тіс және түбір өзектерінің анатомофизиологиялық ерекшеліктерімен таныстырып, ұлпа және периодонт ауруларының жіктелуін, этиопатогенезін, патоморфологиялық өзгерістерін, клиникалық көріністерін, диагностикасын және емдеу принциптерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар уздіксіз өзін-өзі бағалау арқылы түбір өзектерін заманауи құрылғылармен зерттеу, микроскоп және апекслокаторлармен жұмыс жасау, ғылыми дәлелдерге негізделіп хирургиялық емдеуді жоспарлау, тиімді емдеу әдістері және бақылау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Онкология

    Пән қатерсіз және қатерлі ісіктерді, олардың пайда болу және даму механизмдері мен заңдылықтарын, сондай-ақ олардың алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар онкологиялық аурулардың заманауи диагностикасын, емдеу нәтижелерін зерттеуді, ғылыми деректерге негізделген емдеу принциптерін бағалау және ақпараттық технологияларды денсаулық сақтау жүйесінің басқа компоненттерімен өзара әрекеттесуде қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қоғамдық денсаулық сақтау

    Пән балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде аурулардың дамуындағы табиғи және медициналық-әлеуметтік, экологиялық факторларды бағалау әдістерін қолданудың мүмкіндігі, оларды түзету, гигиеналық мәселелер бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді үйретеді. Курс барысында білім алушылар қолданыстағы нормативтік база және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, стоматологиялық аурулардың профилактикасы бойынша алдын алу шараларын жеке және топтық деңгейде әр жастағы тұрғындар арасында жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Акушерия және гинекология негіздері

    Пән стоматологиялық аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау ерекшеліктерін, акушерлік және гинекологиядағы жиі кездесетін аурулардың этиопатогенезен, клиникалық көріністерін, диагностикасы мен шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті ұйымдастыруды оқытады. Курс барысында білім алушылар тиімді коммуникативті дағдылар мен этика прициптерін, қолдана отырып, акушериялық-гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Имплантология

    Пән стоматологиялық имплантологияның ғылым ретінде даму перспективаларын, заманауи имплантологияның мүмкіндіктерін, тіс қатарының ақауларын қалпына келтіруді, көрсеткіштері мен кері көрсеткіштерін, имплантация түрлерін оқытады. Курс барысында білім алушылар пациенттерді тексерудің, көрсеткіштерін анықтаудың, имплантация операциясын жоспарлаудың және имплантация дизайнын таңдаудың заманауи тәсілдерін зерттеп, заңнамалық база шеңберінде тіс имплантациясының әдістері мен материалдарын дұрыс анықтау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ортопедиялық стоматология

    Пән жетіспейтін тістерді қалпына келтіру және протездеу бойынша диагностикалау әдістері мен емдеуді жоспарлауды, қолданылатын материалдарды таңдау және қолдануды, протездеуден кейін болатын асқынулардың алдын алуды оқытады. Курс барысында білім алушылар коммуникативті дағдылар мен этикалық принциптерді қолдана отырып, пациенттерді тексеру, диагнозды логикалық негіздеу, дифференциалды диагностика жүргізу, емдеуді анықтау, емдеу жоспарын құру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауыз қуысының патологиясы

    Модуль ауыз қуысы мүшелерінің аурулары кезінде негізгі патофизиологиялық және патоанатомиялық ерекшеліктері және ауыз қуысы инфекциялық аурулары қоздырғыштарының рөлі мен биологиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастырады. Курс барысында білім алушылар үздіксіз жеке және кәсіби дамуда медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды қолдана отырып, биохимиялық, гистологиялық және микробиологиялық зертханалық әдістердің нәтижелерін интерпретациялау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалар стоматологиясы-2

    Пән балалар мен жасөспірімдердегі пульпа және периапикальды тіндердің, ауыз қуысының шырышты қабаты мен пародонт тіндерінің қабыну ауруларының этиопатогенезін, олардың ағымының ерекшеліктерін, жүйелі аурулар кезіндегі ауыз қуысының шырышты қабатындағы өзгерістерді және клиникалық ағымының ерекшеліктерін оқытады. Клиникалық курсты оқу барысында білім алушылар өзін-өзі бағалау негізінде этикалық принциптерді пайдалана отырып, балалардағы пульпа, пародонт және шырышты қабық ауруларының диагностикасы, емдеуі және алдын алу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық

    Пән денсаулық сақтауды басқару жүйесіндегі тиімді көшбасшылық мәселелерін, медициналық ұйымдардағы жоспарлау принциптерін, денсаулық сақтау саласындағы жобаларды басқаруды, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді. Курс барысында білім алушылар заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, және денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасына бағдарлану арқылы ұтымды басқару және тапсырмаларды дұрыс тиімді тапсыру, медициналық ұйымның басшысы ретінде кәсіби мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Пародонт және ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары

    Пән пародонт, ауыз қуысының шырышты қабаты және еріннің қызыл шекарасы ауруларының диагностикасы, емдеуі және алдын алу мәселелері бойынша білімді қалыптастырады. Клиникалық курс барысында білім алушылар тиімді коммуникациялық дағдылар мен ғылыми деректерді пайдалана отырып, пародонт аурулары, ауыз қуысының шырышты қабаты мен еріннің қызыл шекарасын диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Балалар стоматологиясы-3

    Пән балаларда бет жақ аймағында, жұмсақ тіндерде кездесетін қатерлі, қатерсіз ісіктер, ісік тәрізді түзілістерді, жоғарғы еріннің туа біткен жырықтары мен таңдай жырықтарын, ерін мен тілдің қысқа үзбелерінің қалыптасуын, оларға жасалатын отаның ерекшеліктерін үйретеді. Курс барысында білім алушы денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік базасын оңтайлы пайдаланып, ғылыми дәлелдерге негізделіп, жақ бет аймағының ауруларын диагностикалау, емдеу, профилактика, реабилитация кезеңдерін тиімді жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Клиникалық реставрациялық стоматология

    Пән практикалық деңгейде қалпына келтіру мақсатында емдеуді, қалпына келтіретін материалдарды практикада қолдануды және реставрациялық емнен кейінгі болатын асқынулар мен қателіктерді болдырмау жолдарын қамтамасыз етуді үйретеді. Курс барысында білім алушылар денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын басшылыққа алу қажеттілігін түсіне отырып, композиттік толтыру қолданбаларының практикалық дағдыларын, фарфор мен керамикалық реставрацияларды тәлімгер-оқытушы жетекшілігімен өз бетінше орындауды игереді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Клиникалық ортопедия

    Пән жетіспейтін тістерді қалпына келтіру және протездік қолдану бойынша практикалық дағдыларды, ортопедиялық стоматология емханасында науқасты диагностикалау, емдеу жоспарын құруды, медициналық құжаттамаларды жүргізуді оқытады. Курс барысында білім алушыдар пациенттермен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді коммуникациялық дағдыларды қолдана отырып, нормативтік база шеңберінде пародонт аурулары бар науқастарға нақтама қойып, емдеу шараларын жүргізуді, импланттарды қолданып ортопедиялық ем жүргізуді тәлімгер-оқытушы жетекшілігімен жасайды.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жедел медициналық жәрдем

    Пән шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі принциптерін, дағдылар мен құндылықтарды үйлестіре отырып, алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін зерттейді. Курс барысында білім алушылар денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді, өзін-өзін бағалау және этикалық принциптерді қолдана отырып, емдеу хаттамалары негізінде жедел медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Клиникалық пародонтология

    Пән пародонт ауруларын емдеу үшін клиникалық әдістерді қолдану, пародонт емдеу хаттамалары мен хирургиялық әдістерді тәжірибеде қолдану, пародонт ауруларын емдеуден кейінгі күтімді басқару және науқасты бақылау дағдыларын оқытады. Курс барысында білім алушылар коммуникациялық дағдыларды қолдана отырып, денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасы шеңберінде оқытушы-тәлімгер жетекшілігімен пародонт ауруларын диагностикалау, емдеу жоспарын құру, емдеу және асқынулардың алдын алу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Хирургиялық стоматология

    Пән стоматологиядағы хирургиялық диагностика мен емдеу жоспарларын қолдануды, ауыз және жақ-бет хирургиясынан кейінгі асқынуларды басқару үйретеді. Курс барысында білім алушылар тиімді коммуникациялық дағдыларды қолдана отырып, денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасы шеңберінде күрделі тісті жұлу, сүйекті егу және пациенттерді бақылау сияқты хирургиялық процедураларды тәлімгер-оқытушы жетекшілігімен өз бетінше орындайды.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Клиникалық патоморфология

    Пән патологиялық анатомиялық диагноз, клиникалық диагностикадағы сәйкессіздіктердің себептері мен категориялары туралы білім мен дағды қалыптастырып, дәрігерлердің клиникалық-анатомиялық салыстыру саласындағы медициналық және кәсіби есептерді шешуде клиникалық ойлауын дамытуды жүзеге асырады. Курс барысында білім алушылар патоанатомиялық қызметтің кәсіби қызметі, міндеттері, биопсия-секциялық материалды клиникалық-анатомиялық талдауға қойылатын негізгі талаптарға сүйене отырып, аутопсия жасауға және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеуге дайындауға қатысады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клиникалық ортодонтия

    Пән жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар науқастарға емдік-сауықтыру шараларының кешенін клиникалық қолдануды үйретеді. Курс барысында білім алушылар тәлімгер-оқытушы жетекшілігімен тиімді коммуникациялық дағдыларды қолдана отырып, тістер мен жақ құрылымдарын түзету, эстетикалық және функционалды окклюзияны қамтамасыз ету бойынша практикалық дағдыларды, пациенттерді клиникалық ортада тексеру арқылы пациенттердің жазбаларын жүргізуді игереді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клиникалық эндодонтия

    Пән практикада пульпа және периодонт ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша практикалық дағдыларды үйренедіКурс барысында студент тәлімгер-оқытушының жетекшілігімен тиімді коммуникациялық дағдыларды пайдалана отырып және денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын басшылыққа ала отырып, түбір өзектерін емдеуді және хирургиялық эндодонтиялық процедураларды өз бетінше орындауды меңгереді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Медициналық білім, дағды және құндылықтарды үштастыра отырып, ауруларды диагностикалауға, емдеуге және профилактикаға бағытталған тиісті және тиімді араласуды қоса алғанда, пациентке бағытталған тиімді көмекті қамтамасыз етеді.
  • Ғылыми дәлелдерге негізделген емдеу принциптерін бағалау және енгізу, өз пациенттерінің емдеу нәтижелерін зерттеу және бағалау қабілетін көрсетеді.
  • Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу дағдыларын және академиялық адалдық принциптерін қолдана отырып, стоматологиялық денсаулық сақтаудың белгілі бір саласын дамыту мақсатында мақсаттарды және оларға жету әдістері мен құралдарын таңдауды негіздейді.
  • Денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасы шеңберінде өз әрекеттері үшін жауапкершілікті білетінін және оңтайлы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін оларды өз тәжірибесінде басшылыққа алатынын көрсетеді.
  • Жалпы қабылданған, ұдайы дамып және жаңартылып отыратын білімді қоса алғанда, биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдары саласындағы білімін қолданады.
  • Пациенттермен, олардың отбасыларымен және денсаулық сақтау мамандарымен, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық және коммуникациялық дағдыларды көрсетеді.
  • Үздіксіз жеке және кәсіби өсуді, үздіксіз өзін-өзі бағалау және өмір бойы білім алу арқылы денсаулық сақтау сапасын үздіксіз жақсартуды қолдау үшін қажетті көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
  • Қоғамның рухани құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтай отырып, кәсіби қызмет пен этикалық принциптерге адалдығын көрсетеді.
Top